Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет318/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Діңгек пен бөрененің»
соңында автор осының бəрі бұрын болып кеткенін
(біз əңгімені оқып отырғанда білетін əрі білмейтін жайттардың), бұдан
кейін де Лорнаның əлі келіссөз жасай беретінін бізге тебіреніспен
жеткізеді. Басқаша айтқанда, ол өзгелер үшін қайта-қайта өзін қинайтын
болады: «Бұл бұрын да болған еді. Олар Солтүстік Ванкуверде діңгек пен
бөренеден салынған (
бұл əңгіме орыс тіліне 2015 жылы «Каркасный дом»
деген атпен аударылған. – Ред.
) үйде тұрған кезде орын алған-ды. Оның
жасы жиырма төртте əрі келіссөздерді жаңа бастаған кезі болатын» (109).
Содан соң бізде «Манроның əңгімесінде «Басқа» «Меннен» тысқары өмір
сүреді дейтін этикалық түсінік қайталануы керек пе? Неліктен ол өзін үзбей
ұстап тұра алмайды?» деп сұрақ қоюға итермелейді? Мен Манроның
əңгімелерінің бізге бірнеше жауап ұсынатынын дəлелдеймін. Біріншіден,
олар біз өзіміз айтқан əңгіменің ішінде өмір сүре алмаймыз деп ұйғарады.
Ал егер өмірді əдеби əңгімемен шатастыру қате дер болсақ, онда оның
болатыны анық (Манроның əңгімелері мұны қайта-қайта шегелейді).
3
Еріксіз жəне қайта туатын субъект пен ол өмір сүретін əлем – Манроның
əңгімелеріндегі қайталанатын үдеріс. Бірақ əңгімелер бізге оны тоқтатуға
келісім бере қоймас. Əрі этикалық түсінікті қолдау да мүмкін емес. Өйткені
«Басқа» – мүлдем бөтен деген қарапайым ақиқат, сонымен қатар жалған.
Осы себептен көпшілігі этика «мүмкін емес» немесе «парадокс» деп
түйіндейді («Бұл нақты мүмкіндіктер туралы ойлардың негізінде, – деп
жазады Джилл Роббинс, – этикалық ой ұғынықты бола түседі» xv). Біреу
«Басқаны» «Мен» түсінігінің ішіне сыйдыруға талпынған кезде


өзгешелігіне зиян келтірмей, онымен қалай сұхбат құра алады?
Өзгешелікпен 
жүздесу 
қарсы 
алдыңдағы 
субъектіге 
(«Этикалық
жауапкершілік, – деп жазады Эммануэль Левинас,– айнымас кепілдік…
ретінде субъективті қасиетті талап етеді. Менің болмысым өзіме ғана емес,
«Басқаға» да тиесілі». (Кинанға сілтеме, 20) зиянын тигізбей, қалай жүзеге
асады?
4
Егер ол құрылымдық өзгешелік субъектісі болып үлгермесе, онда
этикалық үндеуге қабілетті бола ала ма? «Егер менің саналы əлемімнің
қалыптасқан үлгілері, – деп жазады Дерек Аттридж, – «Басқаны» шынайы
қарсы алатындай азат болса, менің субъективті қасиетім кейбір дəрежеде
өзгереді. Олай болса, мұндай оқиғалардың жинақтаушы (
cumulative
)
əсерлері есепке алынса, «Менді» де «Басқаның» жаратылысы деп айтуға
болады» (21). 
«Діңгек пен бөренеде» 
Лорна өз өмірінің тұйық еместігін,
келіссөз бітімге келу мен бас тартудан тұратынын түсінеді; ол «Басқа»
арқылы өмір сүреді. Біреудің өмір хикаясында тəуелділік пен
жауапкершіліктен тысқары уақыт пен кеңістікті табуға үміттенуге бола ма
өзі?
Лорнаның жауапкершілікке үндеуінің абсолютті сыртқы сипатының
хикаясы мен «Басқаның» мүлдем бөтендігін (барлық басқаларды
адамдардың жауапкершілігі драмасындағы кейіпкерлер деңгейіне түсіру)
мойындаудан бас тартуының арасында алға-артқа жылжуы этикалық
күрделілікке қатысты мызғымас байланысты анықтайды. Абсолютті
сыртқы сипат тəжірибесі сияқты бөлек, осы мəнінде жеке дамитын
(
heteronomous
) тəжірибе ретінде қайшы… «Басқаға» қарай қозғалысы
бірегейлікте жаңғырмайтын, бастау сəтіне оралмайтын нəрсенің болуы
мүмкін бе?» – деп сұрайды Левинас» («Басқаның белгісі» (
Trace of the
Other
, 348). Манроның кейіпкерлері этикалық дағдарысты ыңғайлы
орналаспаған яки үйлесімді берілмеген талаптары бар жүздесу ретінде
бастан кешіреді. Бұл – олардың үндеуі мен шеберлігінің бір бөлігі («Əрине,
біздің кімнің алдында жауапкершілік арқалайтынымыз əрі осы жағдайдағы
жауапкершілігіміз – мені бейжай қалдырмайтын сұрақтардың бірі», – деп
жазады Аттридж (27). «Бейболмыс шегіндегі осалдық» – Левинастың
біреуді жауапкершілікке шақыруды сипаттау деп тапқан тəсілдерінің бірі
(
Шексіздік, 
258), бірақ Манроның əңгімелерінде этикалық жауапкершілік
арқылы орнаған байланыс экономикалық айырбастың, мұқтаждық пен
оның өтелуінің кедергісіне ұшырайды. Білім мен ұғым екі мақсаттың
арасында тең серіктестер ретінде көрінеді. 
«Діңгек пен бөренедегі»
«Басқаның» үндеуі «Мен» арқылы əсер ететін күшпен тығыз байланысты.


Осы тұрғыда, əңгіме этикалық жауап мүмкіндігі «Басқаның» бөтендігін
«Мен» құрылымының ішінде құрауға деген талпыныстың күштеуімен
байланысты дегенді меңзейді. Бірақ Жак Дерриданың Левинастың
мақаласы жайлы пікірінде атап өткеніндей, «Басқамен» байланыстың бітіп
болмас қиянаты, бір жағынан алғанда, қиянат та емес, өйткені ол «Басқаға»
байланыс есігін ашады» («Зорлық»
 (Violence
), 128 – 29).
Элис Манроның этикалық дағдарысты арқау еткен əңгімелері
кейіпкерлердің екіұшты мақсаттары мен мəнсіз ойлары арқылы
анықталатын жауаптарын не жауапсыз қалуын суреттейді. Механикалық
жəне адамдық, психологиялық əрі мақсатты я болмаса психиканың сырты
мен іші арасындағы шектеулерде теңселіп тұрған үндеулер жауаптарға тіл
бітіреді, сұрақ астына алады. Əрі қарай мен Манроның көркем
туындыларындағы этика мен тұлғааралық қасиет арасындағы өзара
байланыс жайында егжей-тегжейлі баяндағым келеді. Ол үшін мен сөзбе-
сөз, адами қасиеттен ада, қысымға ұшыраған жанайқайлар үшін
жауапкершілік арқалайтын арманшыл əйел жайында екі əңгімеге назар
аударамын. «Менесетундегі» (
«Meneseteung»
)
 
долы, арсыз əйел жəне
«Анамның түсіндегі»
 
(
My Mother’s Dream
) баяндаушы ретінде көрінетін
айқайшыл бала. Манроның шығармаларында армандар əдетте тұлғаның
бейсанасына бастайтын «патша жолы» ретінде қабылданса да, мен
армандар бірден «Басқаның» бөтендігін бейнелейді деп ұйғарамын.
«Менесетун» 
мен 
«Анамның түсін» 
бірге талдағанда мен тағы да этикалық
қайшылықтағы олардың арнайы көрінісін нақтылаймын. Бұл əңгімелер
этикалық байланыстардан туған этикалық мүмкін еместік (
impossibility
)
пен жауапкершілік жанайқайларын зерделейді. Бұлар «неліктен осы
этикалық түсініктер «Меннен» тысқары «Басқа» жаратылыстарда
қайталануға мұқтаж» деген сұраққа бағытталады. Бұдан бөлек, мен бұл
əңгімелердің гендерлік субъективтілік дағдарысы мен этикалық жүздесуді
қалай суреттейтініне айрықша назар аударғым келеді. Манроның
əңгімелерінде жыныстық айырмашылық ешқашан көзден таса қалмайды.
Əрі ол жай ғана «Мен» жəне «Басқа» арасындағы қайшылықта
кескінделмейді. 
«Менесетун» 
бізге əйелге тəн қасиет пен онымен бірге
жүретін шектеулі һəм есепшіл жомарттық əрекетіне қауіп төндіретін,
этикалық «бірінші көрініс» деп атайтын нəрсені көрсетеді. Ал 
«Анамның
түсі» 
болса жоғалған, кемшін объектілер мен гендер субъектілері
арасындағы 
өзара 
байланысты 
зерделейді. 
Манро 
классикалық
психоаналитикалық жазбаны қайтадан талдап, «феминизмді» қайта қарау


байланыстың өзімен үйлесуі мүмкін деген даулы ойды алға тартады. Мен
бұлардың этикалық мəселелер туралы шынайы өмірден жырақ нəрселер
ретінде ойлаудан қайта-қайта бас тартқан феминистік əңгімелер екенін
дəлелдеймін (əрине, бұл денені іске қосу арқылы кез келген қарапайым
жауапқа қол жеткізесің дегенді білдірмесе де). Мен Манроның əңгімелерін
əрекетке қатысу метафизикасы арқылы жүзеге асатын өзгешелік ұғымдары
үшін шешуші мəнге ие мистикалық һəм батыл көркем əдебиетті (əйел мен
еркек «қарама-қарсы» жыныс ретінде) əшкерелеуі үшін оқуға болады деп
ойлаймын.
Таяуда сыншылар Манроның өзі теоретик болмаса да, оның жазбалары
феминизм мен əдебиет теориясына айрықша ықпал етеді деген пікір айтқан
болатын. Олардың сол көзқарастарымен келісе отырып, мен Манроның
əңгімелері заманауи əдебиет пен этика жайында ойлауға ден қоюға көп
үлес қоса алады деп бағалаймын.
6
Магдалина Редекоптың Манроның
əңгімелеріне 
қатысты 
зерттеулері 
«жауапкершілік» 
сөзін 
тұрақты
қайталаумен аяқталады (постскриптумды қоспағанда). 
«Менесетун», 

дейді ол, – заманауи əйел жазушының өткен заман сарынына айқын
жауапкершілігін 
анықтайды». Дегенмен бұл 
жауапкершілік 
жазушының өз
кəсібіне… деген 
жауапкершілігімен 
байланысты. Өз кезегінде, жазушының
жауапкершілігі 
Манро арқылы 
«Менесетун»
(228; 
көлбеу жазу 
менікі) деп
аталатын өзенді құрайтын шынайы əлемдегі біздің жауапкершілігімізбен
тоғысады. Сондықтан бұл тұжырым Элис Манроның əңгімелеріндегі
гендер мен этиканы қарастырудың бастамасы ғана.
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет