Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет321/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Менесетун», 
басқаша айтқанда,
«Басқаның» үндеуін тіпті ұйқыға бас қойған кезде де мұны санадан бөлек
нəрсенің ести алатынын меңзейді. Біреудің өз əңгімесінің «ар жағындағы»
нəрсені ести алатынын көрсетеді («Ұйқыда жатқан адамның оянуы деген
не нəрсе? – деп жазады Лакан. – Расында да, түстегі шындық басқаша ма?»
(58). Альмеда терезеден қарайды да, «денені» көреді. Маңыздысы, Альмеда
дененің келбетін көре алған жоқ. Басқа əйел бөтен субъект ретінде пайда
болмайды, керісінше, бұл дене барлық денені, барлық жаратылысты
меңзейді. Бұл – гротеск (Мүңкіген құсық, зəр, арақ, құсық» (506), алайда
жиіркенішті эстетикалық сипат («əйел санының күнбағыстың көлеміндей
көгерген жері» (506). Альмеда жəрдем сұрап, Пултердің үйіне қарай
«ұшады». «Ана жақта əйелдің жансыз денесі жатыр», – дейді ол (506).
Пултер мен Альмеда сұлқ жатқан əйелді көру үшін Роттың ауласына кіреді.
Оның өмір сүруі Альмеданың қиялында елестеуі мүмкін қандай да бір
фантастикалық қажеттіліктен де асып түседі. «Əрине, дене əлі сонда.
Жартылай ашық-шашық қалпында құлаған күйі бүктетіліп жатыр» (507).
Альмеданың қоршаудың сыртында жатқан əйелдің есінен танғанын немесе
өліп қалғанын айтуға мəжбүр екенін сезінуі, қандай да бір деңгейде, оның
жауапкершілігіне жатады. Пултер бейтаныс əйелге қатысты ешқандай
ұждан азабын сезінбейді. Мақұлыққа қарағандай, барынша жеккөріп,
жиіркенішпен көз тастайды. Бірақ осы кезде əйел өз-өзіне «тіл қатады»:
«Бұл таңғаларлық нəрсе болды. Дене төрттағандап, етпеттеген күйі басын көтерді. Шаштары
қан мен құсыққа əбден былғанған əйел басын Альмеда Роттың қоршау шарбағына аямай соға
бастады. Басын соққан сайын даусын күшейтіп, ашық жанайқайын күшпен шығара бастады. Бұл
азаптың сыртқа шыққан рақаты сынды естілді» (507).
Осы сəтті («ол басын соққылай бастады, ол даусын күшейтті»)


феминистік талпынысқа пародия ретінде я болмаса Уитменнің «жабайы
айқайының» қараңғы нұсқасы ретінде оқуға болады. Осыдан сөйлеуші һəм
тұрақты денеге орныққан мазохистік рақаттың даулы сəті көрінеді.
Альмеда мұны талап ете алмайды жəне «атап» та өте алмайды (Уитменнің
«Мен өзімді атап өтемін» дегеніндей). Мен «басын соға бастаған» əрі ұрған
сайын «даусын күшейткен» əйелдің ішкі күйзелісін символдық күйде
көрсетіп жатқанын дəлелдеймін. Соққыдан алған жарақатын ауырсынып,
ыңырсыған əйел шектеуде өмір сүретін тұтастықты (
entirety
)
 
көрсетеді; ол
басын қос əлемді бөліп тұрған нəрсеге, яғни қоршауға соғып жатыр.
Сондай-ақ осы тұтастық өзіне денені əсіресе əйелдің денесін қосып алады
(бұл жүздесу Альмеданың етеккірінің келе бастауын да білдіреді), əр
қырынан сипатталатын өмірлер жəне аурудан рақат сезінбейтін осы даулы
сексуальды сипат басқа əңгімелерде де көрінуі мүмкін. Ол сонымен бірге
«Басқаның» үндеуін, «Басқа» үшін жауапты болуға деген үндеуді, біреудің
жеке болмысын бұзатын нəрселерді мойындауды да қосып алады.
1929 жылы В.Н. Волошинов адам даусының мағынаға дейін ассоциалды
деп атауға болатын бір ғана қолданысы бар екенін дəлелдеді: «Жануардың
жанайқайы – акценттен жұрдай ағзадағы кеселге деген таза жауап; бұл –
таза табиғи құбылыс. Мұндай айқай үшін əлеуметтік атмосфераның мəні
жоқ, сондықтан ол қалыптасатын таңбалардың дəнегін де құрамайды» (21–
22). «Керісінше, – деп түйіндейді Волошинов, – барлық таңбалар
идеологиялық сипатта болады, «дербес сана» «идеологиялық жолға,
сонымен бірге кəдімгі жолға» айналады» (22). Бірақ 
«Менесетун» 
бізді
мұндай бинарлы айырма жасамай тұрып, тебіренуге шабыттандырады: бір
жағынан, аурудың айқайы; екінші жағынан, адам мəнінің тұтастығы
Волошиновтың айқайы Манроның əңгімесіндегі дауыс сияқты символдық
сипатты тұрақсыздандырады. Оның айқын жабылуы – жай ғана
кездейсоқтық. Егер дене мүшелері сөйлесе, тілдің де денесі болуы тиіс.
Сондықтан абсолютті бірегей дауыстың болуы мүмкін емес (біреудің жеке
даусын табудың идеалы жүзеге асуы үшін көп нəрсе қайта жаңғырудан
басталады). Бұдан бөлек, осы мызғымас тұрақсыздықтан арғы жақтан
əрқашан тағы да бір жаңа, тағы да бір белгіленбеген дауыс шығады.
14
Егер
Манроның əңгімелері таза материалды сипат ішінде тілдің ықтимал
қақтығысын (адам мен жануар, адам жəне машина, өлі мен тірі шегінде
өтетін қақтығыс) зерделесе, олар сонымен қатар бұл кеңістікті тудырушы
əрі этикалық кеңістік ретінде мойындайды. Сананың арғы жағынан келіп
жатқан айқай бір мезетте тілдің ішкі шегінен, тілдегі прецедентсіз немесе


дайындықсыз, дегенмен тілдегі үйден келіп жатқан айқай бола алады (əрбір
келісімнен бұрын берілген яки алынған, бөлінген, кеңейтілген үйдегі,
«сенімнен бұрын келетін борыш анахронизміндегі» (Деррида, Адиу, 99).
Құлап жатқан əйелді көргеннен кейін Альмеда үйіне кіреді, «жүйкені
тыныштандыратын дəрінің» бірнеше тамшысын шайы мен «Сары түсті
қағазды» еске салатын жазбаға (нақұрыстық, еркіндік пен басқалар жəне
«Мен» үшін жауапкершілік жайында басқа бір əңгіме) тамызады. Сол сəтте
оның көзіне елестер көріне бастайды: «Көп нəрсеге қарау керек. Осы
үлгілердің, əшекейлердің əрқайсысы өмірсүйгіштікке толы; қозғалысқа,
ағыс пен өзгеріске дайын сияқты немесе жарылуы мүмкін сияқты көрінеді.
Күні бойғы Альмеда Роттың əрекеті – оларды бақылау» (510). Бір кездері
əшекейлі, өрнекті əрі əйелге тəн көрінген нəрсе жарылып кетердей
қорқынышты (бізге əңгіменің бас жағындағы бойдақ еркек өз үйін
ешқашан əшекейлемейді деген жерді еске салады). Енді Альмеда «бəрін
қамтитын өте үлкен поэма жазуды» қиялдайды… Жұлдыздар мен гүлдер,
құстар мен ағаштар жəне қардағы періштелер мен ымырттағы өлі балалар –
оның жартысы емес. Сіз Перл-Стритте шыққан шуға һəм Жарвис
Пултердің етігінің жылтыраған өкшесі мен оның қаракөк гүлдермен бірге
жұлынған тауығының санын көруге тиіссіз» (510–11). Оның «Шалғын
жапырақтары» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет