Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет326/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Анамның түсіне» 
ден қоюға түрткі болады: «Жəрдем сұрап жанұшырған
айқай, атап айтқанда, маған да, басқа біреуге де арналмаған. Бірақ бұл
көмектесе алатын адам ретінде маған тиісті. Жалбарынышын елемегенім
үшін кешірім сұрау дегенге келе қоймайтын менің құпия кейпім, маған
тікелей қатысты» (22). Манро əңгімесіндегі осы мəннен маңызды
бірегейлік келіп шығады: ана алапат кінəні сезінген кезде оны нəрестесінен


алыстату – қиынның қиыны (ол «Басқаның» алдындағы жауапкершілікті
оятатындықтан, күрделі сипатта болады). Мəселен, кім «оның қайғысына
қамығып, ауыр күрсіне алады?»
Сөйтіп, Манро оның аналық сезімі оянуы тиіс деп түйіндейді, жоқ
дегенде, оянғандай болуы керек. Аналық субъективтілік жай ғана «табиғи»
қасиетке теліне салмайды əрі өз-өзінен түсінікті нəрсе ретінде
қабылданбайды да. Өйткені, біздің білуімізше, «табиғи» қасиетке телінген
нəрсе кері оралады. Құбыжық сынды ізімізден қалмайды. Сондықтан
Джиллдің «Ана» болуы шешуші мəнге ие. Ол «Мен» мен «Басқаның» (бір
мезетте «Басқа» жəне «Мен») арасын бітістіруі керек. Дегенмен, менің
ойымша, мұнда балама жол да бар, сонымен қатар мұнда маңызды үшінші
ойыншы да жоқ емес (бірақ бұл əке емес). Осы басқа жолмен бірге
қалыпты (əлдеқайда жақсы) ана мен жендет бір-бірін алмастыра алатындай
жақын.
23
Бала дүниеге келгеннен кейін, өз анасын таңдай алмайды. Керісінше, бұл
– сəбидің «таңдалған үйіне» айналатын Иона тəтейдің дəрменсіз «ызалы
күйзелісі» (314). Иона құрметті ана ретінде «үйдегі елеусіз ғана адамнан ең
сыйлы жанға» айналады» (315). Ол – басқаларды сəбидің ықтимал
күйретуші айқайынан сақтап қала алатын жалғыз адам. Баланың ойы:
«Иона емес (
non-Iona
)
 
арқылы қозғалып, ұйқысырай сөйлеп, мен жыладым.
Ұйқыға жатқаныммен, Иона тербетпегендіктен, өзім əбден сілем қатып
қалжырағанша жыладым. Содан соң он минут көз іліп, онымен бірге қайта
кетуге дайын болып ояндым. Менің жайбарақат уақытым да, əбігерге
салынған тынышсыз мезетім де болған жоқ. Менде Иона-уақыт жəне
Ионамен өткен уақыт қана болды. Бұлар, əй, жаман ғой, жаман»; Бұлар –
«Басқа» адамның уақыты көбінесе Джиллдің уақыты (315). Джилл –
«шын» ана, ол сəбилер жайындағы кітаптарды оқиды. Оны алмастырушы
Иона əсерлі ана кейпіне енеді. Манроның өзге əңгімелерінде де
қайталанатын бұл құрылым ананың талассыз біріншілігіне үндеу тастайды.
Мұнда алмастырушы Иона бірінші тұрады.
Бірақ, ақыр аяғында, күткен қорқынышты күн де келіп жетеді. «Басқа»
қайын əпкесінің азғыруымен Иона түн ортасында қыдыру үшін үйден
шығып кетеді. Джилл сəбиімен оңаша қалады. Өксік ата жылап, солықтаған
сəбиді қалай жұбатарын білмеген Джилл, ақыр соңында, скрипкасын
шығарады: «Кейде ол маған абырой береді. Басқа ешқандай жасанды
жұбатушы жоқ, бұдан əрі бесік жырымен де алдамаңыз я болмаса іш
ауруын уайымдамаңыз, не болып қалды деп те қайғырмаңыз. Мұның


орнына ол Мендельсонның Скрипка концертін ойнайды» (323). Түн ортасы
ауған уақыт. Джилл жындануға шақ қалған əрі əбден шаршаған. Ол бас
аурудың қандай да бір күшті дəрісін іздейді. Ақыры арнайы рұқсатпен
берілетін дəріні табады: «Менің айқайым оған сарқыраған өзен маңындағы
жыртқыш құстар шаңқылындай естіледі… жəне ол «иə» деп ойлайды»
(327). Дəрі мөлшерін тағы да еселеудің орнына Джилл бір түйір дəріні
сүтке салып жібереді. Дəріден кейін ұйқыға кеткен Джилл əңгімеге
тақырып болған түсті көреді. Өзінің түсінде өлген, кейін өлмеген болып
шығатын сəбиі жайындағы түс. Ақ қар – шаң-тозаң.
Егер Джилл өзінің сəбиін өлтіріп қойса ше (оның істемеген бұл ісі
кездейсоқ немесе апат)? Иона «өлген» сəбиді көру үшін үйге келеді. Манро
ана орнындағы психикалық сəйкестікті, өзара күйзелісті керемет
суреттейді. Иона үйге ерте қайтады. Ол анасы сəбиді «жоғалтты» деп
мазасызданған (бұдан былай Джилл өзінің тəрбиесіндегі баланың анасы
бола алады). Сонымен бірге оның өз басындағы жан ауыртарлық жоғалтуға
қатысты қорқынышы Джиллді бала өліміне кінəлау күйіне ауысады.
Мұның арасында, əрине, Джилл жендет болуға жақын қалған:
«Иона оның жанынан тез өтіп, сатымен жоғары қарай жүгіре жөнелді де, айқайға басты: «Өлді!
Өлді! Қанішер!». Ол дəрі жайында ештеңе білмейді. Онда ол неге «Қанішер» деп айқайлап
жатыр? Бұл – жамылғы. Ол жамылғының дəл менің басыма дейін жабылғанын біледі... Ол
«өліден» «қанішерге» дейін жету үшін баланы бір сəтке де ұстаған жоқ, жарты секунд та ұстаған
жоқ. Бұл – тікелей секіріс… Иона оған: «Сен менің баламды өлтірдің», – деп айқайлап жатыр.
Джилл оны түзете алмады, ол бала Менікі деп айта алмады» (328).
Джилл мен Ионаның қиялындағы осыған ұқсас құрылым, олардың
қақтығысқан үрейлері мен қалауы (Джилл сəбиді «жоғалтып» қайта
тапқысы келсе, Иона нақ осы сəбиді жоғалтудан қорқып, азап шегеді) ұйқы
(қиял) мен ояну (шынайылық) арасындағы жеңіл айырмашылықты айқын
тұрақсыздандырады. Шынында да, Джилл баланы тапқан кезде Иона
қорқыныштан не істерін білмей жасырынып қалады. «Түсіндегі сияқты
былқ-сылқ еткен жұмыр басты мəйітпен емес, өңінде ол тірі баламен бетпе-
бет келеді» (333). Иона əңгіменің соңында ессіз торығуға ұшыраған кейіпте
бейнеленеді. Ал Джиллдің аналық сезімі, тірі балаға деген жауапкершілігі
оянады. Алайда, бір қызығы, Ионаның түйсінген сезімін жоққа
шығармайды:
«Ол өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтты. Сосын: «Жайсыз емес, бір түрлі ауыр сезініп
тұрмын», – деді. «Өте ауыр», – деді ол; бірден мені тірі болуы мүмкін емес деп ойлады. Жансыз
жалғыз өлі дене. Осында бір нəрсе бар деп ойладым. Мен өзімнің өлгеніме немесе өлілер
арасынан оралғаныма сенбеймін, бірақ қайтып келуім де, келмеуім де мүмкін арақашықтықта
болдым-ау деп топшылаймын. Мен нəтиже айқын емес əрі дəл осыған байланысты болмады деп


ойлаймын. Бұл маған байланысты, мен осылай я болмаса 
басқаша
кете беруді ойлаймын» (337;
көлбеу 
менікі).
Бұл – мен осы пікірталастың басында айтқан қызықты «таңдау». Сəби
өмірді «таңдайды»; махаббат пен ана мейірімінің «тоғысын» таңдайды. Ол
мұны Ионаның кемелдігінен алады. Шын мəнінде, баяндаушы əрі қарай
жалғастырады. Дəл осы сəтте, ол анамен шарпысудан бас тартқан кезде,
өзінің жыныстық бірегейлігін тапқанын айтады:
«Мен тек сол кезде ғана қызға айналғандай сезіндім. Мен бұл мəселенің туындамай тұрғанда
шешіліп қойғанын білемін əрі өмірімнің басынан бастап барлық нəрсеге ғашық болдым. Бірақ
мен, қайта оралуды шешкен сəтте, өз анаммен күрестен (бұл шайқас ол толық тізе бүккенге дейін
созылды) бас тартқан кезде болды деп санаймын. Мен, шын мəнінде, жеңіске жеткен тіршілікті
таңдаған кезде (өлім жеңіл болуы мүмкін еді) өзімнің əйел табиғатыммен табыстым. Иə, қандай
да бір деңгейде Джилл оған қол жеткізді. Қайғылы əрі қайырымды күйде, тіпті өзінің жаңа ғана
жүгіріп келгені жайында ойлауға тəуекел ететін жағдайда тұрғанына қарамастан, ол мені жақсы
көреді. Өйткені сүюдің баламасы – апатқа ұшырау (337–38).
Манроның жыныстық бірегейлікті көрсететін бірінші көрінісінде əйелдік
қасиет жайындағы тұжырымы оқырманның көз алдында еркексіз өтеді. Бұл
бізді таңғалдырмауы тиіс, өйткені Фрейд, əрине, жыныстық ерекшелікті тек
бірдей болуға деген қиялдың негізінде тұжырымдай алады. Басқалар
сияқты ол да – субъект. Ол оны еркек деген ұйғарымнан бастады. Бірақ, ең
маңыздысы, Манро жыныстық бірегейлік ана мен қыздың арасында
өлшенетінін аңдатады. Ана мен қызы бас тартып, ойларындағы жыныстық
ауытқушылықты жоғалту үшін өз таңдаулары бойынша көп ұзамай нағыз
əйелдерге айналады. Бұл сонымен бірге өмір таңдауы да бола алады.
Олардың екеуі де кемшілікті қабылдайды. Ал бұл олардың арасында
қарым-қатынас өрбитінін білдіреді («Бұл жаратылыс бірге жүреді, өйткені
бөліну қоғамнан, ұжымнан, қауымдастықтан бұрын жүреді немесе одан
жоғары тұрады», – деп жазады Деррида (
«Күш көрсету», 
95
.
«Violence»).
Шындығында, осы өзара кемшіліктің өзгермейтіндігі қарым-қатынастарды
мүмкін қылады. Сондықтан осы жерде ана мен қызының арасында Манро
бізге күрделі этикалық жүздесуге жол ашып береді.
Алайда 
«Анамның түсіне» 
кірмей қалып кеткен (олқылық) Джиллге де,
оның қызына да тиесілі емес (егер олқылықты оған тəн меншік ретінде сөз
етер болсақ) басқа бір бейне бар. Бұл бейне Ионаға тиесілі. Бастапқы сəтте
Ионаның шокотерапия емдерін алғаны жайлы айтылады. Бұл «оның
тəнінде бір саңылау қалдырған» (шамамен айтқанда, осы алған емдері
Ионаға кері əсер етіп, оны бұрынғысына қарағанда, көп күйгелектене
беретін, өзін бақылай алмай қалатын күйге түсірген) (314). Иона баланы
жоғалтқан кезде біз оның осы олқылығымен қайта жүздесеміз: «Ол мені


жұмарлап-жұмарлап, денесінің арасындағы қорқынышты жаңа бір
саңылауға тығып жіберуге тырысатын тəрізді» (328). Манро осы
«саңылаумен» тұспалдай келе, егер əйелдің қасиеті олқылықпен немесе
жоғалтумен астастырылса, онда əңгіменің бірден көп нұсқасы болар еді
дегенді меңзейді. Егер кейбір əйелдер əлеуметтік қалыптасқан тəртіптегі өз
орындарына айырбас ретінде өзін-өзі жоғалтуды таңдайтын болса (бұл
жерде Ионаның санасында пайда болған саңылау жайында да ойлануға
болады), онда екінші жоғалту сезімі (интерсубъективтік) орналасқан
жалғыз жолда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет