əңгімесін алайық. Екі баласы бар, тұрмыстағы жас əйел Лорнаның үйіне
жағдайы нашарлап, қиналып жүрген бөлесі Полли қыдырып келеді.
Жауапкершіліктен қашып, іштей одан жалтаруды ұйғарған Лорна Полли
мен төркініндегі өзге туыстарын «өзі білетін əрі жақсы көретін, бірақ
жауапты емес» (103) жандар ретінде ойлауға тырысады. «Өмір сіздікі! Сіз
өз өміріңізді сүруіңіз керек», –
дейді ашуланған Лорна, жасы үлкен
бөлесіне жеки сөйлеп (100). Көп ұзамай Лорна мейманды үйде қалдырып,
отбасымен бірге демалысқа кетеді. Бірақ «Полли біз жоқта өзіне-өзі қол
жұмсап жүрмесе болғаны ғой…» деген уайым (өте айқын бейнеде) оның
жанын жегідей жейді. «Поллиді бəлеге ұшырататын болдым; ол енді менің
қоңырауыма жауап бермеуі мүмкін» деген ойлар ызыңдап, Лорнаның
санасынан кетпей қояды. Лорнаның түсінігінде, егер біреу өзгелер үшін
жауапкершілік арқалаудан (бұл, əрине, жай ғана мəселені қиындатады,
кейде оқиғаны) бас тартса, олар бір бəлеге ұшырайтындай көрінеді.
Машинамен үйге қайтып келе жатқанда Лорна Полли үшін
мойнына
жауапкершілік алмаудың жолдарын қарастыруға тырысады. Жол бойы
ойланған ол, ақыры: «Полли ересек; ал менің балаларым бар, олардың
қамын жасауым керек», – деген шешімге келеді. Бірақ осы уəжін орынды
деп тапқан кезде өздері ашпақшы болған сыртқы есіктің ар жағынан
салбырап тұрған жансыз өлі дене есікке соғылып жатқандай болады. «Өлі
мүрде, сұрғылт тəн. Мүлде ештеңе болмаған Поллидің денесі» (105) сияқты
салқын ой санасын сызып өтеді.
Лорнаның бөлесі үшін қам жеуден құтылуды
ойлауға деген талпынысын
сезімнен тысқары пішін деп аталатын қасиет бұзады. Ол уəжін орынды деп
тапқан кезде мынадай ойға кетеді: «Үйге жетіп, есікті өздері ашуға
тырысып жатыр. Бірақ ар жағынан адамның дыбысы естіледі» (105).
Манроның сөзі мұқият қарауды талап етеді. Бұл арада Лорнаны
жауапкершілікке үндеу өліктің есікті қағып жатқан кезінде шыққан
қорқынышты «тықылы» ретінде сезіледі. Оның үстіне, бұл өлік субъектіні
жауап беруге шақырып жатқандай (есікті ашып). Түптеп келгенде,
Поллидің образы (қиялда мəйіт болып туындаған оның жалбарынуы болса
да) жауапкершілікке шақыруды сыртқы үндеу ретінде көрсетіп тұр. Тіпті
Лорна денені қозғалтуға тырысып, есікті қатты итерсе де, Поллидің өлі
денесі Лорнаның пайымын терістеп, есікті тықылдатып жатыр. Лорна өз
үрейлерінің «невротикалық», «жабайы» балалық сипаты мен тіпті өзінің
мазасын қашырған, басқалардың бөтендігін
бағаламауға бейім пиғылы
екенін де жақсы біледі. Дегенмен ол теңселіп тұрған өлікті қозғай алмайды.
Сондықтан үйге қайтар жолда «келіссөз» жасауға бекінеді (109). Полли
өзінің опасыздығына кешіріммен қарау үшін Лорна нені құрбандыққа
шалуы керек?.. Шындығында, Лорна үйіне келгенде, Поллидің жағдайы
əлдеқайда жақсы еді. Ол өте жайбарақат, ешкімге
кіріптар емес кейіпте
көрінді. Тіпті еш уайымсыз жандай «отбасының досы» Лайонелмен
əңгімелесуге кіріседі. Ал Лорна үшін жауапкершіліктен қашуға талпыныс
көлеңкелі іске жалтаруға деген мүмкіндік ретінде көрінеді (106). Лорнаның
түсінгені – басқалар оның қиялдағы өмірі мен психикалық экономикасынан
тəуелсіз өмір сүреді деген ойға саяды. Ол артқы ауладан өзінің күйеуі
Бренданға, Поллиге, Лайонелге, қызы Элизабетке, олардың үйреншікті
байланыстарына, өзгешеліктеріне,
олардың бөлек екеніне, бұл сəтте
бақытты екеніне сырттай қарап тұрады. Бұл – əрі керемет, əрі қарапайым
ақиқат: «Бұл қалай болғаны?.. Көрініс сиқырлы сəттегідей өте қарапайым
əрі таңғажайып еді. Бəрі бақытты» (108).
Достарыңызбен бөлісу: