Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет319/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Менесетун»
«Менесетунде» 
беймəлім баяндаушы XIX ғасырдағы канадалық əйел
ақын, «Ұсыныстар»
 
(
Offerings
) деген қарапайым ғана бір жыр жинағының
авторыАлмеда Роттың хикаясын əңгімелейді. Кітабы жарық көргеннен
кейін бес жылдан соң Альмеда өзінің көршісі, жесір Жарвис Пултермен
некеге тұрып, «екі жарты, бір бүтін болудың» мүмкіндігін қарастырады.
Бірақ бірде Альмеда ұйқысынан шошып оянып, сұмдық шуды естиді.
Сыртта мас еркек пен əйел арасындағы төбелес, жанұшыра көмекке
шақырған дауыс шығып жатады. Бір нəрсе істеуі керек екенін біле тұра,
Альмеда ұйқысын қимай жата береді. Алайда ол қарғаның «қан көрген»
қарқылынан тағы оянып кетеді (505). Оның үйінің артындағы қақпа
алдында əйелдің денесі жатыр. Альмеда əйел өліп қалған деп ойлап, өзінің
жауапкершілік арқалауда мүлт кеткенін біледі. Көмек сұрап, Жарвис


Пултерге барады. Бірақ əйел əлі өлген жоқ еді. Əлгі əйел етпетінен жатқан
күйі, əлсіз үнмен дыбыстай бастайды. Ақыр аяғында, Пултер мырза оны
ауладан шығарып жібереді, ол Альмеданың «Басқамен» жүздесуін терістеуі
я болмаса жүзеге асыруы мүмкін еді. Бұл – «барынша есепшіл рухқа» ие,
жеке жəне «өнімді» субъект. «Қараңды батыр. Қазір үйіңе құры. Өзіңнің
үйіңе бар», – дейді ол əйелге (513, 507). Егер əйел Альмеданың
«меншігіндегі» өзінің «жатқан жеріне» (тіпті осы аллегориялық əңгіменің
өзінен де «Басқа» көрінеді) қайта барса, өмір бойы өкінумен өтер еді.
XIX ғасырдың тағы бір ақыны «бірігу» (Уолт Уитменнің «Кім бірігуден
қорқуы тиіс?» (31) һəм «Мен» жəне «Сеннің» бір-бірін алмастыруы
(«Менің ойлағанымды сен де ойлайсың» (25) деп атаған нəрсені
қабылдамай тұрып, бір кездері «Батыс Канаданың жабайыларында» өткен
Альмеданың күнделікті өміріндегі қатал да бөлектеу құрылымдарын
тудырады:
«Альмеда Роттың үйі Дафферин-Стритке қараған. Бұл көше айтарлықтай беделге ие. Көше
бойында саудагерлер, диірмен қожайындары мен тұз өнеркəсібі кəсіпкерлерінің үйлері
орналасқан. Бірақ оның үйінің артқы терезесі мен артқы қақпасы қарайтын Перл-Стрит – өзінше
бір бөлек хикая. Жұмысшылардың үйлері оның тұрағымен жалғасып жатыр. Шағын болғанмен
жинақы, қатар тізілген үйлердің бəрі сəнді. Дегенмен осы үйлердің соңын ала орналасқан
баспаналар сиықсыздана түседі. Ал келесі, одан кейінгі үйлер тіпті ұсқынсыз. Соңғысы мүлдем
үйден гөрі лашық деуге келетіндей, жарықтан жұрдай тасқараңғы бір тұрақ. Өте кедей,
абыройсыз һəм құрметсіз міскіндерден басқасы осы бір, Перл-Стрит батпағы деп аталатын,
шалшықтың (ол бүгінде құрғап кеткен) маңайында тұрмайды. Қалың əрі биік арамшөп өскен ол
жерде сүреңсіз лашықтар бой көтерген. Қоқыс пен сынық үйіндісінен аяқ алып жүргісіз. Ара-тұра
асыр салып ойнаған бір топ бала, есіктерден сыртқа қарай шашылған қалдықтар көзге шалынады.
Қала басшылығы мұндағы тұрғындарды əжетхана тұрғызуға мəжбүрлеуге тырысып əлек, бірақ
олар бөксесі ағараңдап, өздері үйреніп қалған бұтаның ішіне қарай кетеді... Қала əкімінің өзі сенбі
күні түнде Перл-Стриттің бойымен жүрмейді дейді білетіндер» (497).
Бұл үзіндіде төменгі тап пен оның қызметтеріне, қажеттіліктері мен
қалауларына («батпақ», «шалшық, «қалың да биік арамшөптер», «асыр
салған балалар», «қалдықтар») қарсы қойылған мəртебенің келбеті
сипатталады. Манро мұнда біреудің жеке көрінісін терістеу мен
«Басқалардың» адам кейпінен айырылуы (бұл – танымал əрі қолайлы
психосаяси тəсіл; бұған сəйкес, «Басқаларда» ғана тəртіпсіз, көбейетін,
таралатын жəне өлетін денелер бар) арасындағы байланысты түйіндейді.
Бірақ бұл бүкіл əлем тек Альмеданың жан көрінісі ғана дегенді білдірмесе
керек. Сонымен қатар мен 
«Менесетун» 
барынша нанымды деп түйген
болар едім. Өйткені бұл психологиялық əңгіме емес. Дұрысы, ол мұндай
оқиға желісінің қажетті шектеулерін кейіптейді. Мұның орнына баяндаушы
бізге Альмеда Роттың артқы қақпасының «басқа əңгімеге» («шындық»


емес), бірақ жаңа орталыққа, өзіндік келісім мен қабілетсіздікке де емес,
дұрысы, келісімнің бір нұсқасын күйрете алатын əлемге ашылатынын
əңгімелейді. Осы дағдарыс орын алғанда, жабық жүйе үзілгенде біз
мəтіннің этикалық сəтін таба аламыз.
8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет