«Менесетундегі»
бірінші этикалық көріністі құрайтын Альмеда мен есімі
аталмаған əйел арасындағы жүздесу осы. Оның үстіне, бұл бірінші көрініс,
бір жағынан, бастапқы көрініс те, өйткені ол таныс психоаналитикалық
бастапқы көрініске сүйенеді (Альмеда бір мезетте жасырын эротикалық əрі
зорлық сипатында қабылданатын ер мен əйел арасындағы жұмбақ
жүздесуді көріп, қиялдайды), «Басқаның» бөтендігіне қарап, субъект
ретінде құрылымды барынша нақты анықтайды. Бұл Манроның көркем
туындыларындағы этиканы зерттеу үшін «қайнар көз» бола алады. Егер
бастапқы психоаналитикалық көрініс балалық құпияны түсіндіру үшін
классикалық бір «шешім» болса, онда этикалық бастапқы көрініс – тілге,
бірегейлікке һəм таныс əлеуметтік қатынастарға нұқсан келтіретін
дағдарыс. Бейтаныс əйел Альмеда əлемінің табалдырығында жатыр жəне
Альмеда білетін əрі беріп үйренген нəрседен басқаны талап етуде. Егер
Альмеда «Басқаның» бөтендігіне көз тастаса болды, сол қалпы ұзақ тұрып
қалады. Адамға тəн емес «үндеу» тұлғасыз қасиетпен (Левинас
«өзгешеліктің тағылық сипатын» жазған еді (
«Басқаның» белгісі
(345)
шектеледі. Альмеданың субъектісі бұл жүздесуде «кепілге алынады».
Альмеда енді қайтып бұрынғыдай болмайды.
9
«Менесетун»
радикал «сыйлық» сұранысы жайында баяндайды. Альмеда
Роттан оның беруге əдеттенген дəстүрлі əйел ұсыныстарынан асып түсетін
нəрсені тарту етуді сұрайды. Альмеда
«Ұсыныстар»
кітабының
кіріспесінде өз өлеңдерінің кестелі сөз орнында тұрғанын жазады. Бізге ол
өзінің «ғажайып тоңазыған бəліш пен əшекейлі тортқа деген құштарлықты»
бастан кешіріп жатқанын айтады (500). Тамыз айының шіліңгір ыстығында,
сенбі күні ол «жүзім шырынын кішкентай құтыларға құйып отырады».
Өйткені олар «керемет Жаңа жыл сыйлықтары немесе сырқат жандарға
үлестіретін мерекелік тарту» болмақ (503).
«Менесетун»
, яғни бізге XIX
ғасырдағы Онторионың күнделікті өмірінің гендерлік экономикасын
күйрететін тіпті одан асып түсетін этикалық талапты (мен ұсыныс деп
емес, сыйлық деп атаған нəрсе) көрсетеді. Альмеданы «Басқа» үшін
жауапты болуға шақырады. Бұл – оның болмысы – «Мен», бұл жерде даулы
түрде,
осындай
лингвистикалық/символдық
тəртіптің
желісіндегі
күйзелістің негізін қалайды (Бланшо былай деп жазады: «Менің
«Басқаның» алдындағы жауапкершілігім қарсылықты білдіреді, яғни ол тек
«Менің» мəртебемдегі өзгеріс, уақыттағы жəне, бəлкім, тілдегі өзгеріс
арқылы белгіленуі мүмкін. Мені өз тəртібімнен, бəлкім, барлық тəртіптен
əрі тəртіптің өзінен шығарып алатын жауапкершілік – мені өзімнен бөлетін
жауапкершілік...» (25). Альмеда ешқашан, ешқашан формаға енбейтін
шедевр жаза бастайды. Ол бір сəтте өзі көмектесе алмаған «Басқамен» біте
қайнасып, «Басқаның» жағына өтеді. Ақын, ақыр аяғында, əлеуметтік
келісім мен өміршеңдіктің аражігіне қарай бет түзейді.
10
Осы əңгімедегі жауапкершілікке үндеуді ерекшелеп тұрған нəрсе (жəне
Манроның басқа əңгімелеріндегі ұқсас құрылымдарды еске түсіреді) –
этикалық дағдарыс субъектісі жауапкершілікке үндеуді сезінетін межелік
күй. Осылайша бұл – ұйқылы-ояу һəм жартылай масаң халде Альмеда Рот
өзге əйелмен жүздескен кезде бастан кешірген жағдай. Сол түні Альмеда
үйінің артындағы бала кезінде жататын төсегінде ұйықтап жатқан. Оның
терезесі Перл-Стрит жаққа қарайтын. Тамыздың тымырсық жайсыз түнінде
жүзім шырынын жасауға əзірлікті пысықтап болған соң, Альмеда терезесін
ашып, ұйықтауға жатады: «Ол оянған кезде түнгі ыстық тынысын
тарылтып, қараңғылық қапырық тұтқынында тұр екен. Тұла бойы терге
малшынған һəм сол сəт – құлағы шалған пышақ, ара мен балта дыбыстары,
яғни барлық суық қарулар санасын тіліп, кесіп, шапқылап жатқандай күйге
енді. Бірақ бұл жалған»
11
(504). Альмеданың санасы ғана күңіреніп жатқан
жоқ еді. Бейсанасы сыртта. Көрініс бірте-бірте өзін жыныстық жақындасу
мен зорлықтан «қиналған» əлдеқайда таныс бастапқы жүздесу ішінде
бейнелей бастады. «Алыстан қисалаңдап екі адам келе жатыр. Олар бір-
бірін ұстап алып, жұлқысады, аяусыз бір-бірін соғады. Ақырында бірі
Альмеданың үйінің қоршауының алдына құлап түседі. Олардың қатты
қиналған дауыстары шыға бастады: қырылдаған, құсқан, қорсылдаған,
тарсылдаған үндер көбейді. Содан кейін ұзақ, дірілге толы, тұншыққан
азапты үнге ұласты. Бір-бірін жəбірлеп балағаттаған, күйінген дыбыстар
алма-кезек, кейде қабаттаса шыға бастады» (505).
Бұл бастапқы көріністен мүлдем бөлек, бірақ, бұл көрініс бір мезетте
фантастикалық ұрып-соғу мен шынайы мекіренген зорлық көрінісі секілді:
«Қос дауыс бірте-бірте бір-бірінен ерекшеленеді. Көтеріліп-басылған айқай
үні мен жəбірленудің тұрақты төменгі деңгейі анық байқалады. Бұл
Альмеда қауіппен, азғындықпен, қолайсыз иіспен жəне жексұрын
көзқараспен байланыстыратын барлық сөздерді құрайды». Біреу «Өлтір
мені! Дəл қазір өлтір мені!» деп жанұшыра айқайлаған адамды соққыға
жығып жатыр. Бір əйел таяқ жеп жатыр… Дегенмен оның айқайында бір
ызалы мысқыл, уытты леп бар. Қандай да бір театрға тəн сарын бар»
(504).
12
Міне, осыдан Альмеда əрі-сəрі күйге түседі: «Шынымен, бұл
естігені өлім даусы ма? Не істеу керек, не істей алады? Ол шамды жағу
керек, ол үшін төменге түсіп, шамды табуы керек, ол аулаға шығуы керек
болғандықтан, алдымен төмен түсуі керек. Аулаға. Шам» (505). Альмеда
өзінің не істеуі «керегін» біледі, дəл осы мəнінде қайшылық жоқ, шынайы,
содан соң ол ұйқыға жатады.
Келесі күні таңертеңгі уақытта Альмеда «жағымсыз, бірақ оғаш үнмен
қарқылдап жатқан» «үлкен қарғаның» дауысынан оянады... «Оян да,
қоларбаны итер», – деп күңкілдейді. Ол мұның арбадан басқа бір нəрсені,
лас əрі қайғылы нəрсені білдіретінін түсінеді. Кейін ол оянады һəм мұндай
құстың жоқ екенін көреді» (505).
13
Достарыңызбен бөлісу: |