Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет328/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Ескертпе
1. 
Мəселен, «Балалардың қалуында»
 
(
The Children Stay
) Паулина өзінің сүйіктісімен қашып
кету үшін жас қыздарын тастап кету жөніндегі шешімін еске салады. Оның балалары өсіп
қалған. Олар мұны жек көрмейді. Бірақ кету не қалу керек. Кетер болса, олар мұны
кешірмейді. Бəлкім, ешқашан да кешірмес еді, бірақ оның басқа бір себебі бар (олар, ақыр


аяғында, өз аналарын кешірмейді). Бірақ, қалған жағдайда, оларды бұл күйретіп кетер еді.
Алайда пайымдаудан бас тарту мына жайтпен қиындай түседі: біз олардың көрегендігін
немесе соқырлығын не баяндаушыға, не болмаса өз-өзінен көрініп тұрған субъектіге
еншілей алмаймыз. (Паулинаның ойлары бізге моральдық түсінікке сенімді қарсылық ұсына
ма немесе бұл анасының көңіліндегі кінəмшілдік талпынысы ма?)
2. 
Тағы қараңыз: Buell, Newton, and Robbins.
3. 
«Мағыналы материалды қасиетті өзі білдіретін материалды қасиетпен шатастыру сəтсіз
болар еді, – деп жазады Пол Де Ман, – бірақ «əлемге емес, ойдан шығарылған нарративке
тиесілі уақыт пен кеңістік сызбаларымен сəйкестікте өзінің өткен жəне болашақ өмірін
елестетпеу өте қиын. Бұл ойдан шығарылған нарративтер əлем мен шындықтың бөлігі емес
дегенді білдірмейді; олардың əсері жайлылық үшін өте жақсы болуы мүмкін» (11).
4. 
Роббинс Левинас еңбегіндегі этиканың дамып отыратын концепциясы жайында құнды
тұжырым ұсынады: 
«Тұтастық пен шексіздік» 
«Мен» жайындағы мəселені Болмыстың өзін
əрқашан өңделген, жараланған жəне «Басқа» арқылы меншігінен айырылған нəрсе ретінде
сипаттағанынан гөрі «Басқаның» қатысуымен сипаттайды. Кейінгі жазған еңбектерінде
этика өз-өзінен я болмаса субъект арқылы пайда болмайды. Бой көтеретін жауапкершілік
пен этика ұғымы кездейсоқ емес əрі айқын емес. Мен оны таңдамай тұрып, ол мені
таңдайды. (XV)
5. 
Манро əңгімелерінің теориялық талдаулары мен оның көркем туындылары жəне əдебиет
теориясы арасындағы өзара байланыс жөнінде əлдеқайда жалпы түсінік алу үшін 
қараңыз
:
Хебл, Хауэллс, Хьюстон мен Редекоп. Редекоп: «Манрода ашық феминистік күн тəртібі жоқ
жəне ол əдебиет теориясы тілінде сөйлей алмайды, дегенмен оның əңгімелерінде бүгінгі
теоретиктер үйренетін көп дүние бар», – дейді (xii); Хебл «Манро əдебиет теориясының
алдыңғы шебінде тұр деп ойламайтынын» ескертеді... Қалай болғанда да, оның əңгімелері
бізге олардың айқын тіл көрінісі туралы мифтерден бас тартатынын айтады» (13). Хьюстон
«Менесетун» 
əңгімесін кемшілікті толықтырып, жабатын Лакан сарынындағы əңгіме
ретінде талдайды, ал Хауэллс Дерриданың əңгімесіне Манроның көркем туындысына
жасаған шолуына қосымша ретінде қарайды: «Қосымшаны соңына қоюдың орнына
(Хауэллс Манроның 1980 жылдардағы жинақтарының стилінде орын алды деп түйіндейтін
ауысымдар жайында жазып отыр), толықтырушылық бүкіл əңгіменің өн бойын көктей
өтеді.., əңгіменің əрбір баяндалу сатысында қозғалады» (11).
6. 
Заманауи сын мен теориядағы əдебиет пен этика арасындағы өзара байланыс жайында
жалпы мəліметтер үшін 
қараңыз
: Буэлл мен Харфам. Буэлл этика «1970 жылдардағы
мəтіншілдік пен 1980 жылдардағы тарихшылдықтың парадигма-анықтаушы тұжырымына
айналды» (7) жəне Харфам «егер əдебиет теориясы пікірталастары этиканың ойын алаңында
жеңіске жетсе, бұл мынаған байланысты: өйткені əдебиет – теория, тегінде, оксюморон
сияқты өзіне əрқашан «Басқаның» жауапкершілігін қабылдаған. Дəл осылай, əдебиеттің


өзіне тіл мен əлем арасындағы қақтығысты басқару жүгі артылған» (404).
7. 
Сыншылар Манроның реалистік фантастикасы өзіне қайта-қайта нұқсан келтіретінін
зерттей бастады; жəне осы үзілістерді, менің шамалауымша, оның еңбегінің этикалық қыры
деп атауға болады. 
Қараңыз
: əсіресе Хебел мен Хауэллстің Манроның əңгімелерінде
суреттелетін «күйреу» жөніндегі ойларын. Хебел «Манроның дəстүрлі еліктеуші
реализмнен жырақтауын» зерттейтін сыншыларды бір шолып шығуды ұсынады (15–17).
8. 
«Саймонның бақыты»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет