Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет330/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
(
Bartleby, Scrivener
)
 
əңгімесімен үйлесетінін айта
кеткім келеді. Өйткені Манро сияқты Мелвиллдің əңгімесінде жұмбақ «Басқа»
ұйымдастырушы сананың, түптің түбінде, əрбір адамның егемен субъективтілігі туралы
сұрақ тастайтын мүмкін емес этикалық талап тудырады («Ах, Бартлби! Ах, адамдық!»)
«Менесетундегі» 
есімсіз əйел сияқты 
«Бартлбидегі» 
«үндеу» мəнсіз жандарды
абыржытады. Қос əңгіме де Левинастың «этикалық» сəтті талдауымен үйлеседі: «Егер мен
келбеттің үндеуін естімесем немесе оны ұмытсам, яғни мен оның міскіндігі үшін
жауапкершілік арқалауды тоқтатсам, ол маған жабысады. Сана өзінің бірінші орнын
жоғалтады» (Левинас, 
«Басқаның белгісі», 
352).
14. 
«Анықтама бойынша егер «Басқа» басқа болса, егер барлық сөз «Басқаға» арналса,
ешқандай логос абсолютті білім ретінде диалогті һəм басқаға деген қатынасты ұғына
алмайды. Бұл – мызғымастық, логостың ыдырауы; бұл – иррационализмнің бастауы емес,
сөзді бастайтын, сосын кез келген логосты не əрбір рационализмді мүмкін қылатын жарақат
я болмаса шабыт» (
«Күш», 
98).
15. 
Қараңыз
: Деррида, The Gift of Death 27.
16. 
Коралл Энн Хауэллс Альмеданың көрген көрінісі (оның үйінің артқы терезесінің сыртында
өткен «төбелес») – күнəсіз, жас Викториан кейіпкері оқи алмайтын сексуалды бастапқы
көрініс; «күнəсіз кейіпте Альмеда секс дыбыстарын қанқұйлы жанжал… деп түсіндірді»
(109–10). Бірақ бұл əңгімені ол «Басқа» əйелді бөтен күйде қалдыру үшін талдау керек.
«Менесетуннің» 
этикалық əңгімесі «жай» психологиялық емес жəне əсіресе сексуалды
нəрсеге қатысы жоқ. Альмеда өзінің жауапкершілігінің бар екенін сезінеді, оның əйелдің тірі
екенін де білмегені ұят.
17. 
Көне ағылшын сөзі (беран) «barrow» (арба), «bear» (тасу), «born» (туу) жəне «bier»
(зембілше) мағынасын береді. Тағы да бір мəні бар: 
«Менесетун» 
этикалық жауапкершілікке


шақыру жайында білетіндей көрінеді.
18. 
Осы көріністегі өлім үндеуі таныс тарихқа шақыру ретінде көрінеді. Мэри Шеллидің
«Франкенштейн» 
шығармасындағы еркек дағдарысына назар аудара отырып, Фрэнсис
Фергюсон былай деп жазады: «Менді» жоятын елес жоғарыға көтерілген кезде, тіпті мұндай
жою кез келген «Мен» үшін қажетті тұрақты дамумен бірге үйлесімге келетін сияқты. Ол
оның назары мен бейіміне əртүрлі талаптарды ұсынуға тырысады» (111).
19. 
«Кім бөтенді сүйеді? Одан басқа кімді сүюге болады?» (Деррида, 
Adieu, 
105).
20. 
Редекоптың Манроның көркем шығармаларындағы «суррогат ана бейнелерінің алуандығы»
жайында айтқанына 
қараңыз
(4).
21. 
«Өзінің шектеулі табиғатында ойластырылған шығарма біреудің «Басқаға» өтуі үшін
түбегейлі жомарттықты талап етеді. Сол кезде бұл «Басқаның» жақсылықты
бағаламаушылығын талап етеді. Алғыс айту оның түп-төркініне қарай қозғалыстың қайта
оралуы болар еді» (Левинас, «Белгі»
 
349).
22. 
Сəбидің іңгəлаған даусына жауап бермей, оны жоғалтып алу ананы орынсыз қалдырады
деген ой, бізге Левинастың «Басқамен» қарым-қатынас мені сұраққа алады, мені өзімнен
босатады жəне менің бойымнан қандай да бір жаңа ресурстар ашып, мені жібермейді» деген
ұйғарымын түсінудің басқа бір тəсілін ұсынады («Белгі»,
 
350). Оны жоғалту Манроның
анасын орынсыз қалдырған болар еді (кемшіліктің жоғалуы).
23. 
Шын мəнінде, Манро оларды бөлектейтін кездейсоқтық қана болуы мүмкін деген ойды
ұсынады. 
Қараңыз
: «Miles City, Montana»: Мен, – дейді Эндрю, – сенің сигналды қалай
алатыныңды біле алмаймын. Бұл аналарда ғана болатын қандай да бір қосымша мəн болуы
тиіс. Мен жарым-жартылай өзімнің қосымша сезімімнен шабыттану үшін осыған сенуге
тырыстым. Мен бұған үміттенбеу үшін жартылай оны ескертуге, бəрін ескертуге
тырыстым» (407). Манроның көркем туындысы бізді жауапкершілік пен түбегейлі
көрінбейтін жағдайлар жайында ойлауға мəжбүрлейді.
24. 
Сонымен қатар бұл – түс көру туралы əңгіме. Іс жүзінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет