Алайда Манроның əңгімелері күрделі этикалық талдаулар жасауға
мəжбүрлесе, олардың сықағы мен ерекшелігі кез келген өте өршіл
сипаттағы жазбаны біршама төмендетеді. Мəселен, «Қынада» (
Lichen
):
Стелланың бұрынғы батыл күйеуі Дэвид
өзінің қартайғанын жоққа
шығаруға тырысып, жастау əйелдерді іздеп табады. Ол өзі үшін қорлау
сияқты көрінетін ажалды пенде екенін терістеу үшін басқаларды ойлап
табады. Осы кейіпкер үшін сексуалды
айырмашылық этикалық қатынас
мүмкіндігін ығыстырады я болмаса оның алдын алады. Бірақ осы
əңгімедегі өмірінің соңғы жылдарын сүріп жатқан Дэвид үшін қолайсызы
əйел емес – Стелланың тоқсан үш жасар əкесі. Стелланың əкесі сырттан,
адамға тəн емес əлемнен келетін «Басқаның» үндеуінің қайнаркөзі.
«Оның əкесі: «Дэвид пе?» – деді. Дауыс оның ауыз қуысының
тереңінен құмығып жеткендей,
еріндеріне де, жақтары мен тіліне де жанаспай шықты... Осы көмей жақтан тағы бір дыбыстар,
сөзге тартқан ұсыныстар шығып жатты. Бұл айналасындағы дауыссыздар арқылы əрең дегенде
формаға енген құрғақ дауыстылар секілді көрінген əр буынның мəйегі болды». (380-81)
Бірақ ол білетін əрі білмейтін нəрселерге («Дэвид не
істеп жатқанын
біледі. «Мұның қызық жері, – деп ойлады ол, – сол ойын дауыстап айтты»
[379]) Дэвид берілмейді. Ол ең соңғы ойын айту үшін телефон үйшігіне
жүгіреді. Əйелімен сөйлесуге күші жетпей, оның бұрынғы жігітіне қоңырау
шалады. Тіпті телефоннан өзі даусын жасырып тұрғанын да елестетеді.
Дэвид теңселеді, терлейді, жалбарынады, бірақ сонда да жауап жоқ. Дэвид,
ақыр аяғында, арғы жақтан телефон операторының адамға тəн емес даусын
естиді: «Мырза? Тағы да қайталағыңыз келе ме?» (380). Мұндай сəттердегі
Манроның жетістігі мəнсіз. Ол сөз механикалық қайталау мен күшті
өткірлік арасындағы шекарада теңселіп тұратын пафос пен тілдің мысқылы
ретінде
көрінеді.
Мұндағы
жауапкершілікке
үндеудің
(немесе
жауапсыздығы нақты құрғақ шақыру: «Тағы да қайталағыңыз келе ме?»)
материалдық сипаты оның қатысуына нұқсан келтіріп тұрған дауыстан
келеді. Оператордың сөзінің «кездейсоқ» мəні сықақ пен ішкі күйзелістің
маңызын білдіреді. Олар болмаса, этика үшін ешқандай мүмкіндік те
қалмас еді.
25
Достарыңызбен бөлісу: