Басқа, өзгешелік (other, alterity).
Өзгешелік – француздың əйгілі екі ойшылы Жак Лакан мен Жак
Деррида пайдаланған термин. Лакан бұл терминді анадан даритын бірнеше психоаналитикалық
құралдарды – бізді айқындайтын бейсана жəне мəдени символдар «құдығын» – атау үшін қолданған.
Деррида болса бұл терминді заттардың бір-бірімен қатынас желісінде қалай тіршілік ететінін
сипаттау үшін қолданған. Сондай-ақ метафизикалық философия соны, түпкі жəне абсолютті
бірегейлікке ие құндылықтарды көрінісіне қарай «сыртқы» деп сипаттайды. Осының ықпалымен
«бар болу» термині барынша күңгірт ойды жеткізу үшін қолданылды. Барлық даралық атаулыға
міндетті түрде орнығатын «басқа» термині «өзгешелік» болады. Мысалы, «бар болу» ақиқат деп
есептелетін құбылыс үшін жағымды термин əрі ол əдетте «жоқ болуға», сол сияқты «жоқ болуға»
жақын мəндегі «елестету», «қайталау» мен «айырмашылық» секілді көптеген терминдерге қарама-
қайшы.
Бірақ «бар болу» уақыт ішінде: егер ол тұрақты болып, осы шақта қалғысы келсе, белгілі уақыт
ішінде үнемі қайталанып, сəттен сəтке жалғасып тұруы тиіс. Оның басқаша көрініс беруі –
жағымсыз ұғым, өйткені оның көрініс етіп ұсынғаны шынайы түпкі зат емес, қарапайым қайталау
ғана, бірақ қайталаудағы көріністің жағымсыз мəндегі сипаты «бар болудың» өзіне тəн. Оның
«басқасы», былайша айтқанда, сыртқы көрінісінің бір бөлшегі ғана. Деррида қозғалыс иллюзиясын
көру үшін біреу картаны тез сапыра араластырған кездегі (мысалы, ортасынан ашылып жабылатын
көпірдің əрбір бөлігінің жоғары-төмен қимылдағаны секілді) көріністі мысал ретінде алады. Көпір
бейнесінің бар болуы ойын картасын епті қимылмен сыр еткізген кездегі қозғалыс əсерімен мүмкін
болды, «бар болудың» əсеріне ұласу үшін əрқайсысы басқасына тəуелді.
Басымдық (dominant) – формализм мен лингвистикалық əдебиет сынының белгілі бір көркемдік
құрал не техниканың əдеби шығармаға басымдықпен кірігетінін білдіретін термині. М.Бахтин
Достоевскийде авторитарлы бір əуездің үстемдігіне ырық бермейтін көп əуезділік (полифония)
басым болып келетінін айтады.
Безіну (disavowal). Зигмунд Фрейдтің айтуынша, анасында пенистің болмауы ер баланы
«кастрация» секілді жаңылыс түсінікке ұрындырып, уайымға түсіреді жəне болуы мүмкін
кастрациядан фетиш нысанына ұмтылыс арқылы құтылуға деген қалауын туғызады.