əңгімесінде бұл өлім тілегі «махаббатқа» жол ашады. Бұл анасының
бірінші рет өз баласын жоғалтып алу жағдайымен жүзбе-жүз келгенде
көрінеді. Фрейд баланың дамуы мен махаббат объектісі туралы: «Объектіні
табу, шын мəнінде, оны қайта табу деген сөз», – деп жазады («Үш эссе»
(
Three Essays
)
145). Манро баланың дамуымен байланысты емес осы
парадоксті зерттеді деуге болады. Екінші жағынан, біреудің «иелене»
алатын жалғыз объектісі – «жоғалған» жан.
19
Шын мəнінде, əңгіме қасақана
түрде қос балама жолмен өрбиді, бала өледі. Содан соң əңгіме оқиғаны
өлген баланың аузымен баяндайды. Бұл – қиял (жəне жанның ар жағынан
келетін үннің түбегейлі түрленуі), мұны əңгіменің аяғы біресе елемейді,
біресе қолдайды; соңында баяндаушы өзін «елес» деп атайды. Осы балама
нұсқада ананың түс ішіндегі бірінші «оянуы» шынайы болады. Аналардың
арасындағы ең қалыпты саналатын осы ана кейін жендетке айналады.
Манрода түстер осылайша «Басқа» үшін жауапкершілікті меңзей алады
(Фрейд айтқандай, альтруистік түске ұқсайтын нəрсе жоқ екенін ескеру
керек; балаға ұқсайтын түстер толығымен эгоистік сарында). Бұл – жекелей
алғандағы кейіп, өйткені олар «сырттағы» бейсананы зерттейді. Альмеда
Рот «Перл-Стриттегі» шудан «оянып кетсе», Джилл кейін өзінің жеңгесіне
«түстің қате бөлігіне түскенін» (329) білдіреді. Манроның түстері, басқаша
айтқанда, этикалық парадокстарды қайталайды. Түстің эгоистік түрде
аяқталуы бір мезетте «Басқаны» кездестіруге болатын кеңістікті ашуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: