Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет332/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

ГЛОССАРИЙ
Автономия 
(autonomy) – Италияда жұмысшы табын капитализмнің ықпалынан қорғау үшін
құрылған қозғалыс. Радикал солшыл сипаттағы бұл қозғалыстың стратегиясы капиталистер таңып
отырған жұмыс тəртібінен бас тарту, институционалды жұмысшы тап қозғалысының реформа талап
ететінін білдіру, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыс берушіден тəуелсіз, дербес болуын талап ету
еді. Карло Тронти, Антонио Негри сияқты ғалымдар ойлап тапқан «Автономия теориясында»
капитализмнің дамуы əр жұмысшының өз жұмысына шығармашылық көзқараспен қарап,
ыждаһаттылықпен орындауына байланысты десек, тиісінше əрбір жұмысшының капиталда үлесі
болуы тиіс деген. Капиталистер олардың бұл үлесін мойындамаса, əр жұмысшы жұмыс істеуден бас
тартуға құқылы дейді. Қозғалыс стратегиясында кəсіподақтардан қолдау таба алмаған «жабайы»
ереуілдерді саботаж ретінде тиімді қолдана білді. Анархистер автономия идеясын нарықтық жəне
капиталистік экономикаға жатпайтын автономды аймақ құру үшін пайдаланған.
Айырмашылық
(distinction) – мəдени талғамның адамдарды экономикалық тап бойынша қалай
ажырататыны туралы Пьер Бурдьенің термині.
«Айна» кезеңі 
(mirror stage)

Жак Лаканның тұжырымдауынша, біз бəріміз кейіннен бөлектену
мен тұлғалану процесі кезінде бұзылып кететін шат-шадыман бірлік сəтін анамызбен бірге бастан
кешеміз. Мұндай бірге өткізетін кезең ерекшеліктерінің бірі – баланың анасына еліктейтін «айна»
процесі. Психологиялық бірегейлік имитация (ұқсату) мен импритинг (көшіру) арқылы
қалыптанады.
Актант 
(actant) – нарратологиядағы көркем əдебиет кейіпкерлерінің жолдаушы/қабылдаушы
немесе көмекші/қарсылас сияқты қарама-қарсы жұп рөлдерін білдіретін термин. Қазіргі кезде бұл
терминді əлеуметтік ғылымдарда кез келген əрекет жасаушы нысанның атауы ретінде де кеңінен
қолданып жүр.
Аллегория, тұспалдау 
(allegory) – ежелгі əдеби формалардың бірі, шығарма кейіпкерлері мен
оқиғалары əбден қалыптасқан тұрақты тұспалданған мағынаны меңзейді (түлкі – қу, қасқыр – озбыр,
қоян – қорқақ т.б. – 
Ред.
). Мысалы, Эдмунд Спенсердің «Ғажайып ханшайым» туындысындағы
«күлкілі», «аңқау» немесе «ержүрек» кейіпкерлер мен оқиғалар сияқты. Бұл термин, бұған қоса,
мағынасы нақты тарихи жағдайлардан емес, көпшілікке таныс тұғырнамадан туындайтын кез келген
хикаяларды сипаттау үшін де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет