Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет334/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Әйел қолтаңбасы 
(ecriture, ecriture feminine). Бұл термин француздың «жазу» деген сөзін Жак
Деррида ақыл-ойдағы барлық саналы толғаныстың негізі жəне оны қалаушы деп таныған кеңістік
жəне уақыттық дифференциация 
(differаnce)
процесін атау үшін жазудың метафорасы ретінде
қолданған кезінен бастап танымал болды. Əсіресе Франциядағы феминист теоретиктер былай деп
болжады: ерлердің дəстүрлі ізденістерінің барлығы айқын бірегейлікті қабылдауға негізделген
абсолютті ақиқатқа қатысты қателіктей көрінеді. Көбіне дифференциацияның осы үрейін бойына
сіңірген əйелдер үміттің шырмауында жүреді. Шындықтың мұндай модельдері ер адамның
танымдық процестерін нығайтып, əйелдің мəртебесін екінші қатарға ысырды. Ақыл əркез
қарапайым сезім мен эмоциядан асып түсіп отырды. Люс Иригарей мен Элен Сиксу сияқты кейбір
феминист теоретиктер бұл иерархияны жоққа шығарды. Олар ер адамдардың абстрактілі,
тұжырымдамалы, бірегей абсолютті идеалдарын төмендететін, «əйелдік» һəм «аналық» сезімдерге,
эмоция мен дифференцияцияға айрықша ден қояды.
«Әке еркі» 
(law of the father).
 
Жак Лаканның патроөзектік психоанализ теориясы бойынша, ұл
бала анасының сексуалды объект ретінде тыйым салынғанына мойынсұнуды үйренуі керек. Ол
символдық əке еркіне бағынуы тиіс. Лаканның пайымдауынша, бұл ұл баланың символдық
кастрацияны қабылдауын білдіреді. «Əке есімі» бейне бір адамзаттың əлеуметтік тіршілігінің
діңгегін құрайтын инцестке деген табуды көрсетеді. Бұл табу (тыйым) некенің эндогамды емес,
экзогамды болуы тиіс екенін білдіреді. Патроөзектік психоанализде табу ұл баланың анасымен
жыныстық жақындыққа бару еркіне бөгесін болатын əке бейнесін иеленеді.
Әлеуметтік құрылыс/мәдени құрылыс 
(social construction/cultural construction). XIX ғасыр
соңындағы прогрессивті дəуірден бастап, прогресшілер мінезді қоршаған орта қалыптастыратынын
мəлімдей бастады. Бастапқыда олар мұны ХІХ ғасырдың ортасындағы кедей адамдарда байларда бар
моральдық қасиет жоқ, осы қадір-қасиет байлардың бай болуына сеп болды деп есептеп, социал-
дарвинизм түсінігіне қарсы шығу үшін жасады. Мінез байларды кедейлерден ажыратып тұрды.
Прогресшілдер қоршаған орта адамдардың табысқа жету жолында маңызды рөл ойнайды деп
есептеді. ХХ ғасырда қоршаған орта теориясы адамдар өз мəдениетінен үйреніп, мəдени жəне білім
беру модельдерінің негізінде өмірден өз орнын табады дейтін антропологиялық теориялармен
толықты. Мысалы, феминистер 1950 жылдардан кейін мəдениеттің əйелдерге лайықты, лайықсыз
мінез-құлықты таңып беретін нормаларынан хабардар болды. 1950 жылдары бажайлап қараса,
расында да, əйелдердің бірегейлігі – еркектердің игілігі үшін тыным таппайтын үй қызметшілері
ретінде – еркек үстемдігі салтанат құрған мəдениет арқылы «құрастырылып» шығарылған екен.
Марксистер экономикалық таптың жағдайы өмірдегі мүмкіндіктер шеңберін кеңейтті де, тарылтты
да, соңында қорытынды бірегейлігі қалыптастырды дей отырып, əлеуметтік құрылым теориясына
тағы да бір үлес қосты. Өз əлемінің мəдени түсініктерін бойына сіңірген жұмысшы табы өкілдері,
білім алу секілді дүниелерге қатысты əртүрлі мəдени түсініктер үстемдік ететін жоғары таптағы
отбасылардың балаларымен салыстырғанда, өмірде жетістіктерге жетуге барынша бейім болды.
Гендерлік бағыттағы теоретиктер бұдан да ары кетті. Олардың ойынша, гендерлік бірегейлік – тек
табиғи сипат қана емес, сырттан таңылған таңба. Гетеросексуалдық көптеген гендерлік
мүмкіндіктердің бірі ретінде қарастырылмай, негізгі норма болып ұсынылып келеді. Көптеген
куирлер осы нормаларға бағынуға өздерін бұрын мəжбүрлі сезінген. Олардың гендерлік бірегейлігі
сырттан таңылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет