Әдебиет теориясы. 1-том


Денотация/коннотация, тура/ауыспалы мағына



Pdf көрінісі
бет340/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Денотация/коннотация, тура/ауыспалы мағына 
(denotation/ connotation). Денотация – тікелей
сөзге телінген тура мағына, ал коннотация – ауыспалы мағына. Журнал мұқабасындағы африкалық
сарбаздың «тағзым ету» ишарасы секілді айрықша əрекеті, бір жағынан, француз отарлық билігі
алдындағы африкалық сарбаздың құрмет көрсетуі болып танылса, шын мəнінде, ол – отарлық
өктемдіктің көрінісі.
Диалектика 
(dialectic)

Георг Гегель анализдің диалектикалық əдісін жасады. Классикалық грек
диалектикасы нақты жағдайдан («Сократ – адам» деген сияқты) тұтас немесе əмбебап байламға
(«өлмейтін адам жоқ») ұласатын, содан кейін оларды синтетикалық пайымға біріктіретін
(«Сондықтан Сократтың да өлімі – ақиқат») дəлелдер түрінен құралатын. Тұжырым алдыңғы
пайымдардың қажетті логикалық салдары болып келеді жəне олар бір-бірімен əмбебаптығымен де,
өзіндік ерекшеліктерімен де үйлеседі. Гегель ақыл-ой да ақиқатты анықтау кезінде дəл солай жұмыс
істейді деп ойлаған жəне ол əлеуметтік тарих пен материалдық əлем де логикаға сай деп түсінген.
Философиялық ақиқат нақты əрі ерекше (Гегельше, «анықталған») пікірлерден басталады да, одан
əрі бастапқы қарапайым сөйлемдерде айтылған жалпы немесе əмбебап идеялар бағытымен
қозғалады. Соңында, логикалық эволюция процесі арқылы ерекше нақты алғышарттарды жалпы
жəне əмбебап идеялармен біріктіріп, ақыл синтетикалық пайымға ұласады.
Мысалы, Гегельге дейін эмпириктер сезімдік қабылдаулар ақылға идея құрудың алғышартын
жасайды деп есептеген. Олардың ойынша, ең əуелі сезім келген. Ал Иммануил Кант ақылдың
жанама рационал категориялары оған сезімдік тəжірибені түсінуге көмектеседі деп қарсы шыққан.
Бұл жерде ақыл бірінші тұр. Гегель екеуін біріктірді. Гегель «Рух феноменологиясын» сезім
тəжірибесінен бастайды (біздің əлемді күнделікті қабылдау əдісіміз). Оның ойынша, сезімдік
тəжірибе классикалық логикадағы нақты, ерекше пайымдауға ұқсайды. Бірақ осындай қарапайым
бақылаулар сияқты оған бір нəрсе жетпей тұрады; жеке өзі толымды бола алмайды. Бұл олай еместігі
(яғни оны жоққа шығаратын) жайлы əмбебап идеяның қажет екенін білдіреді. Ерекше жəне нақты
болу үшін ол əмбебап жəне абстрактілі болмауы керек.
 
Терістеу кез келген анықтамада, кез келген
ерекше, нақты пайымдауда тұспалданады. Сөйтіп, əмбебаптық ақылмен қабылданған нақты, белгілі,
ерекше қабылдау түрлерін бірегейлендіруші маңызды компонент болады. Қабылдау сезімі өз алдына
толымды бола алмайды. Адамның когнитивті тəжірибеден жинап-тергені тек бұл ғана емес. Ондай
жағдайда əмбебаптық адыра қалар еді. Бірақ əмбебаптықты саралап қарар болсақ, онда соған ұқсас
терістеу пайда болады: əмбебаптық тым абстрактілі; оған нақтылық пен ерекшелік жетіспейді.
Əділдік идеясы – оны қоғамда шынайы ететін нақты заңдар мен сотсыз бос əңгіме. Сондықтан,
Гегельдің айтуынша, ақиқат пен білімнің мінсіз идеясы – əмбебап абстрактілі идея мен нақты,
айқындалған, ерекше жағдайлардың бірігуі. Мысалы, əділдік шынайы ақиқаты абстрактілі, əмбебап
идеялардан жəне идеалды əрекетке айналдыратын нақты, айқындалған, ерекше заңдар мен сот
үкімдерінен құралады. Ол осы идеяларды мəдениетте, қоғамда, эстетикада, саясатта жəне адамзат
тарихына қатысты қолдануды жалғастыра берді. Адамзат қоғамының түзілуі қарапайым, нақты
логикалық пайымдардың эквивалентінен бастау алады. Бұл ас-ауқатпен жəне баспанамен
байланысты. Бірақ дамуының шегіне қарай адамзат қоғамы өз конституциясына əмбебап идеяларды
кіріктіруге қабілетті болады да, нақтылық пен əмбебаптықты үйлестіретін заңдарында үкімет жəне
əділдік идеяларын дамытады, аталмыш заңдар адамзат қоғамының тіршілік етуіне мүмкіндік береді.
Карл Маркс диалектикалық əдісті капитализмге талдау жасау үшін пайдаланды. Ол капитализм де
дəл сол логикалық қажеттілік пайымымен (қарапайым пайым түрлері міндетті түрде əмбебаптыққа
ұласады дегенге басымдық берді) сипатталады деп есептеді. Жұмысшылар мен капиталистер бір-
бірін жобалап айқындайтын логикалық пайымдау секілді (жұмысшы болу дегеніміз капиталист болу


дегенді білдірмейді). Бірақ Маркс қарым-қатынастың логикалық пайымға сай дамитынын жəне
соңында жұмысшылар жалдамалы еңбектің шектеуінен құтылып, байлық барынша тең əрі əділ
бөлінетін жаңа əлеуметтік əмбебаптыққа жетуі үшін логикалық тұрғыда дамиды деп есептеді. Ол
бұл идеалды «коммунизм» деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет