Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет339/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Герменевтика 
(hermeneutics) – көне мəтін тілін қазіргі тілмен түсіндіріп, қайта жүйелеуді
білдіретін интерпретацияның өзге бір атауы.
Гетероглоссия 
(heteroglossia). Михаил Бахтиннің айтуынша, диалогизммен байланысты тілдік
қолданыстың көп түрлілігін білдіретін бұл термин романдық дискурсты поэзиялық дискурстан
ажыратады.
Гетеронорматив, гетеронормативтік 
(heteronormative, heteronormativity) – барлық мəдениет
гетеросексуалдықты қалыпты жағдай əрі норма деп есептейді. Мұндай пікірлер өмірдің, тілдің,
мəдениет пен ойдың барлық аспектілерінде көрініс тапқан.
Гетеротопия 
(heterotopia) – Мишель Фуконың лагерь, казарма немесе түрмелер сияқты əлеуметтік
қатынастар мен тəжірибелердің алуан түрі кездесетін қоғамнан тыс кеңістікке қатысты қолданған
термині.
Гибридтік 
(hybridity) – диалогизм мен гетероглоссияның байланысы дискурстардың бір-бірімен
қалай астасып, өмірде де, шығармада да қандай жолмен бірігіп кететінін анықтайтын термин.
Гибридті дискурс дегеніміз – дискурстың басқа дискурсты өзіне қабылдап, онымен бірігуі. Оған
мысал ретінде адамның ойы мен ісін ажуалайтын сатираны айтуға болады.
Гиперреал 
(hyperreal) – музей немесе тақырыптық саябақтар сияқты шынайы өмірге қатты
ұқсайтын мəдени мекемелерді сипаттайтын термин.
Гомосоциал 
(homosocial)
 
– Ив Седжуиктің гомосексуал ер адамдар арасындағы ұйымдасқан
қарым-қатынасты білдіретін термині.
Дазайн
(dasein) – болмыстың (being) не 
sein-
нің жалпы күйінен гөрі жеке адамның тұлғалық
тіршілігінің ерекше халін білдіретін Мартин Хайдеггердің термині.
Деконструкция 
(deconstruction) – ХХ ғасырдағы француз философы Жак Деррида ойлап тапқан
сыншылдық əдіс. Деррида метафизикалық философия өкілдері шындық деп сенген əртүрлі
бағыттарға талдау жасады. Ол метафизик философтардың мінсіз жəне алынбас шек немесе идеал
(мысалы, санадағы таза формалды идея) орнатып, осы мінсіз идеал айналасында бір-біріне ықпалдас
əрі тəуелді терминдер шегіндегі этикалық жəне онтологиялық айырмашылықтардан тұратын
иерархиялық аксиология құрғанын анықтады. Сондықтан бар болу (presence) шындықтың өлшемі
ретінде оған дейінгіден жақсырақ жəне жоқ болудан (absence) жоғары тұрады. Метафизикалық
философия Платоннан Гуссерльге дейін адалдық, бекзаттық, сергектік, табиғилық, толымдылық,
мəн, өздігінен анықталу, адамгершілік, мейірімділік, ұстамдылық секілді жағымды құндылықтарды
жəне сананың ақиқатқа деген шынайы ұмтылысына ақиқат емес жағымсыз құндылықтарды, яғни
технология, көрініс, болмау, өлім, айла, қайталау, айырмашылық, қойылым қою т.б. теліп қойды.
Деррида бұл иерархиялардың сыни пайымға төтеп бере алмайтынын аңғарды. Расымен де,
жағымсыз терминдер жағымды терминдерді терминдердің бірде-бір иерархиясы мүмкін
болмайтындай қамтиды. Мысалы, тіпті жалғаннан (ақиқат еместен) өзгеше ақиқат туралы айту үшін
де əуелі дифференциация жасау қажет. Сондықтан ақиқатты дифференциациядан тыс түсіну мүмкін
болмаса, айырмашылықты ақиқатқа тəн емес термин деуге болмайды. Дəл осыған ұқсас, Деррида,
Эдмунд Гуссерль сияқты философтар ақиқатты тілдегі мағына механикаларына қатысы жоқ
формалды мінсіз идея ретінде анықтаса да, əсіресе қайталау ақиқат идеясына соншалықты
жағымсыз сипат телісе де, ақиқатты кемел идея ретінде анықтауға қажетті деп түсінгендерін
аңғарды. Мінсіз ақиқат мəңгілікке ұласу керек. Яғни оны қайталап отыру қажет. Ал əр қайталау
санада жанды бар болу ретінде алынған жəне белгінің кеңістіктегі қалыбынан жаттанған күйде


болатын толыққанды ақиқат идеясына, болмашы түрде болса да, кеңістіктік айырмашылық енгізді.
Метафизикалық дəстүрдегі ақиқатты анықтайтын барлық мінсіз шектерді немесе трансцендентті
құндылықтарды шығарып тастауға болатынын көрсетуге болады. Олар өздері түсінуге жəне
сипаттауға ұмтылған күрделі һəм əмбебап қатынастардан тысқары өмір сүре алмайды.
Дене 
(body) – гендерлік режимдегі перформативтің мəдени ықпалы немесе адамзат мəдениетін
қалыптастырушы биологиялық ағза. Немесе осы екеуі де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет