Бейімделу, бейімделген (adaptation, adaptive). Биологиялық эволюция барысында ағзалар
генетикалық мутация арқылы қоршаған ортада тіршілігін жалғастыруға қажетті жаңа қасиеттерге ие
болады. Мұндай бейімделу ағзаның жаңа жағдайға жерсінуіне мүмкіндік береді.
Білік (competence) – белгілі бір тілде айтылған cөзді толық түсіну.
Бинарлы оппозиция (binary opposition). Деконструктивті талдау философияның иерархиялық
тəртіп жүйесін қалай құрайтынын зерттейді. Сөз болып отырған иерархиялық тəртіпте белгілі бір
термин аксиомалық, түпкі əрі нормативтік мəртебеге ие. Ал онымен байланысты жəне оған жиі
қарсы қойылатын терминдер бағынышты жəне туынды мəртебеге ие болады. Мысалы, «бар болу» –
идеализм үшін шындықтың өлшемі. Ақиқат идеялар тіршілік иесі секілді ақыл-ойымызда
толыққанды жəне бүтіндей өмір сүреді. Тəртіптің бұл түрі сыртқы көрініс сияқты көрінетін əрі «бар
болу» нормасына қайшы келетін «жоқ болу» секілді қасиеттерді, яғни интервал, терминдер
арасындағы артикуляция, жазу сияқты сапаны сипаттайтын терминдердің бағынышты жəне
негативті мəртебе иеленуіне əкеп соқтырады.
Биокүш/биосаясат (biopower/biopolitics). Мишель Фуконың айтуынша, егеменді билік көп
жағдайда қоғамда
биосқа – адамның тіршілігі мен дене-бітіміне – үстемдігін жүргізеді. Биосқа билік
жүргізу тіршілікті, денені зорлық-зомбылықпен жою арқылы (өмірлерін икемдеу жəне көндіктіру)
немесе модерн өмірде адамдарды бақылау үшін білімді пайдаланатын ғылыми зерттеу немесе үкімет
бақылауы сияқты барынша нəзік, ұтымды формалар арқылы жүзеге асуы мүмкін. Оның ең кең
тараған мысалы – гомосексуализм сияқты жыныстық «азғындыққа» арнайы атау беріп, өзінше
категорияға жатқызу. Қазіргі куир теоретиктері биосаясатқа қарама-қарсы түрде гетеронормативті
категорияларды жоққа шығарып, əсіре гетеросексуалдықтан садомазохист сипатты байқап, денеге
қатысты прогрессивті, постнормативті саясатты алға тартуда.