Айырмашылық теориясына сəйкес, дəл осы секілді ұзақ уақыт бойы жынысты түсінудің нормасы
мен стандарты болған ер адамның гетеросексуал даралығы адасу болады. Бұл – басқа гендерлік
талғам мен модуляциядан жоғары
немесе бөлек тұратын норма, стандарт емес, бар болғаны,
түстердің спектрлері бойынша айырмасы жасалған мүмкіндіктердің бірі ғана.
Жак Деррида философияның тұжырымдамалары мен идеялары біркелкі дифференциаланады деп
тұжырымдады: табиғат/мəдениет, физикалық/технологиялық, бар болу/қайталау т.б. Əрбір
негізгі
тұжырым өзін басқаның анықтауын талап етеді. Ол кеңістік пен уақыттың алғашқы процесін
анықтады, заттар бір-бірінен кеңістік тұрғысынан əркелкі жағдайда болса да, уақыт тұрғысынан бір
мезетте тіршілік етсе, олардың толыққанды əрі тұтастай бар болуы
солармен бір уақытта ақылдың
қабылдауын үнемі тежейді. Оның дифферанс дегені – белгілі бір құбылыстың ақиқатына қатысты
(түсініктің санада толық жəне тұтас түрде орнығуы) толыққанды жəне ақырғы анықтама жасауға
мүмкіндік бермейтін кеңістік пен уақыттағы қозғалыс.
Жалған түсінік
(misrecognition meconnaissance) – марксизмдегі адамдардың өздері тұрып жатқан
шынайы материалдық жағдайды неліктен көрмейтінін сипаттайтын термин.
Жұмысшы табының
өмірін қолында байлығы мен капиталы бар адамдар тарапынан еңбекті қанаудың формасы ретінде
көрудің орнына, осындай əлеуметтік жəне экономикалық ахуалдағы адамдар өмірлерін «еркіндік»
деген сипаттамамен қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: