Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет41/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

талдау. – Ред.
) бұл мəселені көтергенімен, оның салдарын жан-жақты
ашып жеткізе алмады. Сондықтан да біз, автордың не айтпағы түсініксіз
болғандықтан, оны əдеби өнер туындысының сəтті тұстарын бағалауға
арналған үлгі ретінде қарастыруға болмайды деп есептейміз. Сараптай
келе, сыншылдық тарихына көзқарас тұрғысынан біршама терең
айырмашылығы бар ұстаным деген тұжырымға келдік. Бұл – классикалық
«имитация» мен «романтикалық бейнелеу» арасындағы кереғарлықтарды
қабылдайтын немесе теріске шығаратын қағида. Шығарма шабыт,
түпнұсқалық, өмірбаян, əдебиет тарихы мен ғылым жөнінде көптеген
нақты ақиқаттарды, сондай-ақ заманауи поэзияның бірқатар үдерістерін,
оның қат-қабат астарларын ашады. Дегенмен ондағы сыншының əдіс-
амалы «интенцияға» деген көзқараспен бағаланбайтын əдеби сынның
өзекті мəселесі болып қалуы екіталай.
Жоғарыда келтірілген интенция деген термин оның ниеті деген
формулаға сəйкес келеді. Бұл – азды-көпті болса да, сыншылар арасында
қолдауға ие болып, қалыптасып қалған сөз. «Ақынның шығармасын
бағалау үшін 
оның не айтқысы
келгенін білуіміз керек». Интенция – бұл
автордың санасындағы жоспар немесе жоба. Оған қоса, автордың өз
жұмысына қатысты ұстанымымен, оның сол кездегі сезімдерімен жəне
жазуға түрткі болған себептерімен тығыз байланысты жайт.
Сондықтан да өз талқымызды бірқатар ұсыныстармен, шынайы болмаса
да, аксиома боп көрінер дерексізденген (абстрактіленген) деңгейден
бастауды жөн көрдік.
(1) Поэма кездейсоқ пайда болмайды. Өлең сөздері, профессор Столл
айтып өткендей, «бас киімнен емес, бастан, санадан бастау алады».
Дегенмен ақылды өлең туғызуға бағыттап, толғатып жобалауға мəжбүрлеу
– интенция оған үлгі болды деген сөз емес.


(2) Осы орайда, сыншы интенция туралы сұраққа қалай жауап алуы
мүмкін деген орынды сұрақ туындайды. Ақынның не істемек болғанын ол
қалай біле алады? Егер ақын шығармасын ойдағыдай аяқтаса, оның не
айтқысы келгені поэманың өзінен-ақ көрінеді. Ал сəтті аяқтай алмаса, онда
өлеңнің оған еш қатысы жоқ. Ондай жағдайда, сыншы поэмада қол жеткізе
алмаған интенцияның дəлелін туындының өзінен тысқары, басқа жақтан
іздеуі тиіс. «Өз теориясы өзін теріске шығарған кезде тек бір ғана жайтты
ескеру керек», – дейді əйгілі сыншы.
3
– «Ақынның мақсаты –
шығармашылық əрекеті арқылы қоғамға ой тастау, сананы сілкілеу,
сезімнің сергек қылын шерте отырып, жан-жүйеңді баурау; ондай өнер
бағалануы тиіс».
(3) Поэманы сынау пудингті немесе машинаны сынағанмен бірдей. Біреу
оның жұмыс істеуін талап етеді. Тек ол жұмыс істеп тұрған кезде ғана, біз
шебердің ойын біле аламыз. «Поэма мағынаны тəптіштеп ұсынуға міндетті
емес, соған қарамастан, оның пайда болуы шартты». Поэманың өзегі сөз
болғандықтан, ол тек айтылу мəні арқылы ғана түсінікті бола алады.
Дегенмен қай шумақтың неге арналғанын немесе нені тұспалдағанын
сұрауға біздің дəлеліміз жоқ.
4
 
Поэзия – стиль батылдығы, оның көмегімен
мағыналар жүйесі дереу туындап отырады. Поэзия табыссыз емес, өйткені
оның айтқаны мен айтқысы келгенінің барлығы дерлік мəнді. Ал мəнсіз
жақтары пудингтің қоқымы тəрізденіп немесе машинаның қажетсіз
бөлшектері сияқты істен шығып қалады. Осы тұрғыдан алғанда, поэма
дағдылы хабарламалардан ерекшеленеді. Олардың сəтті болуы біздің
интенция жөнінде дұрыс талдау жасауымызға байланысты. Олар ықшам
поэзияға қарағанда əлдеқайда абстрактілі болып келеді.
(4) Поэманың өзіндік мəні болатыны сөзсіз. Поэма алма сияқты
физикалық нысанды емес, адамның тұлғалық қасиетін, оның жан дүниесін
ашып көрсетеді. Алайда қысқа лирикалық поэманың өзі, сөйлеп отырған
кейіпкердің 
(қаншалықты 
абстрактілі 
қабылданғанына 
қарамастан)
жағдайға қатысты жауабы (қаншалықты əмбебап болғанына қарамастан)
драмалық сипатқа ие болады. Біз поэманың негізгі ойлары мен олардың
қарым-қатынастарын дереу драмалық кейіпкердің (сөйлеушінің) аузына
салуымыз қажет. Егер авторға қатысты айтар болсақ, онда тек өмірбаянға
сілтеме жасай аламыз.
(5) Егер автор өзінің еңбегін қайта қарастыру арқылы бастапқы көздеген
мақсатына ойдағыдай жетті дейтін болсақ, онда ол тек сəтті еңбек жазуға


ынталану арқылы ғана ойын жүзеге асырған деген өте абстрактілі,
қайталанған таптаурын мағына болып шығады (бұл тұрғыда авторлардың
ойлары ұқсас). Өйткені оның діттеген түпкі ойы көкейіндегідей болып
шықпады. «Ол шынында да біздің іздеген адамымыз, – дейді деревня
констеблі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет