Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет43/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Longinus
) романтик деп атауға бола
ма деген сұраққа қатысты қарсы пікір білдіруге болады,
8
оның
маңыздылығы күмəн тудыра қоймас.
Гетенің «конструктивті сыншылдыққа» қоятын үш сұрағы: «Автор нені
көздеді? Оның жоспары саналы əрі қисынды болды ма? Оны қаншалықты
сəтті жүзеге асыра алды?» Егер екінші сұрақты алып тастасақ, онда біздің
көз алдымызда Кроче жүйесі шығады. Бұл – романтизмді философиялық
сипаттаудың шарықтау шегі əрі теңдессіз шыңы десе де болады. Сұлулық –
сəтті интуицияның жемісі, ал ұсқынсыздық – сəтсіздік. Өнердің
интуициясы мен оның жеке бөлігі – эстетикалық факт, ал ортаңғы немесе
қоғамдық 
бөлігі 
эстетиканың 
субъектісі 
болмайды. 
Эстетикалық
репродукция тек «барлық шарттар тең болған жағдайда ғана» орын алады.
Майлы бояумен салынған суреттер қараяды, фрескалар тозады, мүсіндердің мұрындары
мүжіледі… 
Поэманың 
мəтіні 
көшірушілердің 
ұқыпсыздығынан 
немесе 
басылудың
сапасыздығынан өзгеріске ұшырайды.
Чимабуэ Мадоннасы əлі күнге Санта Мария Новелла шіркеуінде тұр. Алайда ол шіркеуге
келушілермен XIII ғасырдағы Флоренция тұрғыны ретінде сөйлесе ала ма?


Тарихи талдау 
еңбектері..

тарих соқпақтарында өзгеріске ұшыраған психологиялық шарттар
мен жағдайларды санамызда қайта жаңғыртады. Ол өзі зертеп отырған 
автордың 
өнер
туындысын (физикалық нысан) жазылған мезгілінде ойша бағамдап қалай көрсе, біздің де дəл
солай көруімізге мүмкіндік тудырады. Сол дəуірдің көшіне өзімен бірге ілестіріп əкетеді.
9
Бірінші курсив Кроченікі болса, екіншісі – біздікі. Кроче жүйесінің
нəтижесі – тарихқа шешуші мəн үстеу. Ұстаным ретінде сыншы осындай
тұжырыммен Шекспир не Корнель (
Corneille
)
 
пьесаларының «рухы» не
мағынасы жөнінде тыңғылықты талдау жаза алады. Бұл тарихи зерттеумен
тығыз байланысты, алайда эстетикалық сын болып қалатын үдерісті немесе
əлеуметтану, өмірбаян сияқты эстетикалық емес тарихтың өзге түрлерін де
жазуы мүмкін. Кроче жүйесі аталған жазбалардың соңғы тəсілдегі сынына
өзгеше серпін берген сияқты.
1910 жылы Колумбиядағы дəрісінде Спингарн біз жоғарыда тілге тиек
етіп өткен, «Ақын нені көздеді һəм өз ойын қалай жүзеге асырды?» деген
сұрақтарды қойды. Бозанкет өзінің 1914 жылғы үшінші дəрісінде
«еңсерілмейтін» ұсқынсыздықты «өнердің жалған əрі бүлінген орнынан
іздеу керек» екенін айтты. Философиялық емес жерге теорияның орнығуын
Маргарит Уилкинсонның 1919–1931 жылдардағы поэзияның жай-күйі
жайлы шабыттандырушы «Жаңа үндер» (
New Voices
) секілді кітабынан
байқауға болады. Ол жерде символдар «Ғасырлар сияқты көне... қаз-
қалпын» «Үлестіру» арқылы сақтайды. Осы бөлімді «Кроченің бұл
талдауы өзгелерге де жұғуы мүмкін» деуге келетін төрт мысалдың екеуімен
аяқтаймыз.
И.A. Ричардс мырзаның «мағына», «сезім», «сарын», «пиғыл» деп төртке
бөлгені, мұнда өз мүддесінен бас тартуға тұспал болғанына қарамастан,
бұл соңғы он бес жылдағы интенционализмнің ең ықпалды мəлімдемесі
болған сыңайлы. «Бұл қызмет (пиғыл), – дейді Ричардс мырза, –
басқаларымен бірге төрттікке кіре алмайды». «Поэзияның үш түрі» (
Three
types of poetry
) деген мақаласында Аллен Тейт мырза былай дейді:
Ұққанымыз жөн секілді, ей, адам,
Өмір – күмбез,
Құралғандай 
түрлі түсті 
əйнектен
Ақшыл мұнар мəңгілікке бояған. (А.Ə.)
(Олар) поэзия емес; бұл ғылыммен бақталасуға/бəсекелесуге ұмтылған


нəтижесіз ерік-жігерді көрсетеді. Сол ерік-жігер тұтас бір өмір жөніндегі
риторикалық 
ұйғарымды 
білдіреді/ұсынады, 
алайда 
қиял 
поэма
материалына ие бола алған жоқ. Сондықтан да оны біртұтас дүниеге
айналдыра алмады. Шеллидің теңеуі/метафорасы материалға жоғарыдан
таңылған: оның теңеуі материалдан өздігінен өсіп шықпайды.
Соңғы сөйлемде жүзеге асырылмаған объективті талдау бар. Мақаланың
«ерік-жігер», «елестету» деген терминдерге байлаулы болуының бір себебі
Тейт мырзаның романтикалық ақындарды бұл жанрға жат кейбір
жасандылығы үшін айыптауында жатыр. Сонымен қатар белгілі бір
тылсым дейміз бе, əлде сипаттауға келмейтін дегеніміз жөн бе, «бүкіл
өмірді күйзеліс сəтінде елестететін», «тəжірибенің белгілі бір кезіндегі
көріністің бүтіндігін», «бізге тəжірибенің өзі көрсеткен» деген сөздермен
əлдебір нəрсені суреттеуге тырысады. Егер поэма жазып отырғанда
ақынның тісі ауырса, онда ол тəжірибенің бір бөлігі болып қалмақ. Алайда
Тейт мырза, əрине, бұл жайтты меңзеп отырған жоқ. Ол, сөз жоқ,
көпшіліктің сынағынан өткен, бірақ мақалада сипатталмаған қандай да бір
«тұтастық» туралы ойлауда. Ол ойына алған əлдебір «бүтіндік» жайлы
өзінің мақаласында тоқталмайды. Сөйте тұра, ашық түрде сынауға
болатындай терминдерді қолданып, оны сынның негізгі қажеттілігіне
жаратуға болатынын айтады.
III
«Мен ақындарға жолықтым... уайымшыл, əсіремадақшыл (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет