сияқты шығармашылық туындылар да өте қызықты дəлел келтіре алады
.
10
Бұлардың барлығының, əрине, сыншылдықтан бөлек өнер саласына немесе
шығарма психологиясы деп атауға болатын пəнге қатысы бар; жас ақын
сəтті орындай алатын құнды əрі пайдалы шешімдер. Жеке тұлға мəдениеті,
йога немесе өз-өзін дамыту жүйесі – бұлардың барлығы поэмаларды
бағалау кезінде қоғамдық ғылымнан өзгешелене түседі.
Колридж бен Арнольд көптеген ақындарға қарағанда, əлдеқайда жақсы
сыншы болды деп айтуға болады. Егер сыншылдық үрдіс Арнольдтің,
бəлкім, Колридждің бойындағы ақындықты сарқып тауысты десек, онда ол
біздің дəлелімізге қайшы келмес еді. Өлеңді сынау оны туындату өнерінен
басқаша. Колридж бізге «сауықтыратын» классикалық əңгімені ұсынумен
қатар, «психологиялық қызығушылық» деп атаған өлеңнің түпкі түйіні,
яғни поэманың генезисі туралы да айтып отыр. Дегенмен оның ақындық
пен «елестетудің» ақындық сапасына берген анықтамаларын басқа жерден,
мүлде өзге мағыналардан да табуға болады.
Композиция психологиясы мен объективті бағалау ғылымы бір арнаға
тоғысатын күн де келер, əзірге олар бір-бірінен бөлек салалар.
Интенциялық
мектептің
«шыншылдық»,
«адалдық»,
«тосындық»,
«түпнұсқалық», «дарындылық», «шынайылық» деген құпия сөздері
«тұтастық», «сəйкестік», «бірлік», «функция» (міндет, қызмет) сияқты
басқа да нақты аксиологиялық талдау терминдерімен теңестірілгені,
қысқаша айтқанда, «суреттеу» əрқашан эстетикалық қатынасты білдірген
жағдайда ыңғайлы болар еді. Өкінішке орай, олай емес.
Сезімді білдірудің ерен теоретигі профессор Курт Дюкасстің (
Достарыңызбен бөлісу: