Әдебиет теориясы. 1-том


Телехикаялардағы просодиялық құрылымдар



Pdf көрінісі
бет52/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Телехикаялардағы просодиялық құрылымдар
Сегменттілік пен нөмірлер
Мен өнер терминдерінің алғашқысы саналатын «сегменттілік» терминін
Брайан Макхейлден (
Brian McHale
) алдым, ол оны Рэйчел Блау
Дюплессиден (
Rachel Blau DuPlessis
)
 
алыпты. Сегменттілікті поэзияның
басты қасиеті дейтініміз секілді, Макхейл «баяндау – нарративтің, ал
перформатив – қойылымның ең басты белгісі» деген Дюплессидің
ұсынысын 
растайды.
1
 
Макхейлдің 
айтуынша, 
Дюплесси 
«поэзия
саңылауларды 
реттестіре 
отырып, 
мағыналы 
бірізділікті 
құрайды
(тармақтардың бөлінуі, шумақтардың бөлінуі, беттің көлемі); ал, керісінше,
бөліктерге бөлінген құрақтарды іріктеу, қолдану əрі біріктіру арқылы
мағына құрастыру жəне ойластыру қабілетін түзеді. Бұл поэзияның жанр
ретіндегі басты ерекшелігін көрсетеді» деп тұжырымдайды (
McHale
2009:14). Макхейлдің қысқаша түсіндірмесінің мəні – поэзияның


нарративті өлшеміне тағы да назар аударту. Бұған қоса, ол «белгілі бір
деңгейде əртүрлі əдіспен, əртүрлі деңгей мен көлемде сегменттелген
«поэтикалық емес нарративке де қатысты бөлшектеу кəдеге асқанымен,
сегменттілік «анықтама жасау тұрғысынан нарративтерде басымдыққа ие
əдіске жатпайтынын» айтады. Оның ұйғаруынша, керісінше, «сегменттелу
əрқашанда поэзиялық нарративтің құрылымына мағыналық (жақсы
болсын, жаман болсын) тұрғыдан үлес қосуы тиіс» (17, 18). Макхэйлдің
талдауы телехикаяларды бөлшектерден құрастырылған жинақ ретінде
қарастыруға алғышарт жасайды. Ішінара оның «саңылау» (
spacing
)
 
мен
«саңылауды еңсеруге» (
the negotiation of gap

(аралық күй (gappiness

жəне
үзілген 
сызықтармен 
(
gapped 
lines
)
 
бірге

басымдық 
беруі
телехикаялардағы нарративті басқаратын құрылымдық бөліктер мен үзік
бөліктерді зерттеуге қажетті сөздік қордың элементтерін ұсынады.
Телехикаяларды жасау тəжірибесі бірнеше ұсақ нəрселерден басталады.
Мəселен, 
«Сопрано» 
мен 
«Есалаңдар»
деген шоудың авторлары
(
showrunners
) Дэвид Чейс бен Мэттью Вайнер əрбір эпизод туралы əсерлі
жағдаяттар мен көріністерді «түрткілер»
*
(beats
)
 
арқылы көрсетуді
ойластырды. Оларды кеп-тіргіш тақтаға орналастырып, қағаз қиындылары
сияқты ұсақ бөліктерге бөліп, біздің эпизод деп атайтын топтаманы қалай
бағыттап 
ұсынғанда 
ұтымды 
əрі 
көркем 
шығатынын 
бағамдап,
қиындылардың орындарын ары-бері ауыстырады (менталды жəне
физикалық тұрғыда). (
Chase, 
2002
: ix; Chozick, 
2009)
.
Əр эпизодтың
түрткілері – сағаттық нарративпен берік үйлескен кейде бір минутқа да
жетпейтін жекелеген көріністер – бізді өлең шумақтарындай бір орыннан
немесе сюжет бөлігінен екіншісіне жылжытып, параллель, диалектикалық
қайшылықтар мен үзілістерді туындатады. Ақырында, бөліктерді ірі жобаға
қатысатын тəуелсіз орындаушылар ретінде көруді талап етеді.
Басқа бір тұста, мен ескі, жаңа жəне саңылау (немесе 
«
арасы») сынды
сериалдықтың ең басты үш түйінді элементі жөнінде сөз еттім. Сонымен
бірге поэзияның үш басты элементіне, əсіресе лирикалық поэзияға, оның
ескі формасының жаңа түрлеріне (мысалы, сонет тəрізді) һəм тармақтар
мен шумақтар арқылы жасалған саңылауларға ден қойдым (
O’Sullivan,
2006

120–21)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет