Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет49/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

The Sailor Boy
)
 
өлеңі шумақтарының
жартысын алып тастаса, ол одан əрі жақсара түсер еді, ал мына «Патрик
Спенс мырза» (
Sir Patrick Spens
) балладаларының ең таңдаулы болып


шығуы менестрельдің (
minstrel
) айтып отырған оқиғасын шындық деп
қалтқысыз қабылдауына байланысты» деген пікір білдіреді. Егер ақын
түсініксіз контексте мұны шындық деп қабылдай алмаса, оның орнына
ақпараттық ескертпе беруді жөн көрген жазбаларын ұсынса ше? Онда өлең
шумақтарында бұл ұстанымды қолдау ретінде жазылған ескертпе
қосымшалар драмалық сипатқа ие болуға ұмтылмайды. Екінші жағынан,
бұл ескертпелер поэмаға қосымша ретінде ауызша символдар үшін қажет,
бірақ символдың аяқталмағанын көрсетіп, бірікпеген, бөлек бір материал
ретінде көрінеді.
Жоғарыдағы талдау арқылы бұл ескертпелер автордың 
ой-ниетін
толықтыратын
сыртқы көрсеткіштер ретінде өздерін ақтауға ұмтылып
тұрса да, оларға да шығарманың басқа да бөліктері сияқты сыни
көзқараспен қараған орынды (нақты контекске арналған ауызша келісім).
Осылайша қарастырылғанда ғана поэманың басқа бөліктері немесе
шумақтармен ойша бірігуі сұрақ туғызады. Маттиссен мырза, мəселен,
Элиоттың поэмаларға берген тақырыптары мен эпиграфтары оның
ескертпелері (жазбалары, қосымшалары) сияқты ақпараттық жазба екенін
көреді. Алайда ол бірқатар жазбаларға (ескертпелер, қосымшалар) қатысты
алаңдаушылық білдіріп, «Элиот ескертпе жазумен қатар, сол арқылы бір
нəрсені жеткізгісі келіп тұрғаны үшін өзін-өзі жазғырып тұр» деп ойлайды.
Маттиссен мырза эпиграф «құралы» жеткілікті деңгейде құрылымдық бола
алмайды деген пікірмен келіспеді. «Ойдың мақсаты ақынға өзінің айтарын
поэмада өте қысқаша түрде беруге мүмкіндік береді, – дейді ол. – Кез
келген 
жағдайда 
эпиграф 
поэманың 
мазмұнын 
түйіндеу 
үшін
ойластырылған». Элиоттың өзі жазбаларында осы ақындық тəжірибені ой-
ниет-интенция тұрғысынан ақтайды.
«Кəдімгі карта колодасындағы асулы тұрған адам бейнесі менің мақсатыма екі түрлі жолмен
сай келеді: себебі мен оны санамда Фрэйзердің Асылған Құдайымен жəне V бөлімдегі
шəкірттердің Эммаусқа жолдауында сипатталған күлəпарасы бар адаммен байланыстырамын…
Ал үш алқасы бар адамды (таро колодасының нағыз мүшесі) Фишер корольдің өзімен
байланыстырамын».
Бəлкім, Нортон дəрістерінде бұл поэма нені білдіретінін тап басып айту
қиындық тудыратыны жөнінде сөз қозғау қажет болар, сонымен бірге
«Күлді сəрсенбі: күнəдан арылу күні» (
Ash Wednesday
)
 
(оразаны 
Күлді
сəрсенбі
деп атаған христиандар бұл күні Иса пайғамбардың крестке
керіліп, қаза болғанын еске алады. Ол крестен босатылып алынғанда,
басына күл төгілуі күнəдан арылу мен қайғырудың белгісі болып саналады.
– 
Ред
.) еңбегінің екінші басылымындағы аңдатпаның қосымшасында «Дон


Жуаннан» (
Don Juan
) бірқатар жолдар қосуды ойластырғаны жөнінде
мысқылдап өтеді.
Ұққан сыңай таныта алман мен бəрін,
Орындалып тұрса-дағы арманым.
Жоспарлап бəрін жасамас едім мен оны,
Көңілді егер болмаса осы қорғаным. (А.Ə.)
Егер Элиот пен қазіргі ақындарға тəн қандай да бір кемшілік болса, ол
жоспарлаудың шамадан тыс көп болғандығынан.
15
Поэзиядағы тұспалдау – сындағы маңызды мəселелердің бірі, біз ол
арқылы интенционализмнің, яғни ой-ниеттіліктің ең дерексіз мəселелерін
көрсеттік. Сонымен қатар бұл қазіргі таңдағы өте маңызды суреттеме деуге
де болады. Тұспалдау, ақындық тəжірибе ретінде, соңғы бірқатар
поэмаларда романтикалық интенциялық (ой-ниеттік) пайымдаудың соңғы
нəтижелері болып келеді. Ал сыни проблема ретінде ол қарсылық
туындатып, пиғылдың негізгі алғышартын ерекше бөліп көрсетеді. Элиот
поэмасынан алынған төмендегі мысал сөзіміздің тəжірибелік маңызын
айғақтайды. Элиоттың «Альфред Пруфроктің ғашықтық əні» (
Love Song of
J. Alfred Prufrock
) шығармасының соңында мынандай өлең жолдары
кездеседі: «Мен су перілерінің бір-біріне өлең айтқанын естідім». Бұл
Джон Донның өлеңін еске түсіреді: «Маған су перілерінің өлеңдерін
тыңдауды үйретші». Донның ақындығымен белгілі деңгейде таныс
оқырмандар үшін заңды сыни сұрақ туындайды: Элиоттың өлең жолдары
Донның шумақтарына меңзеу болып келе ме? Пруфрок Донн туралы ойлай
ма? Элиот Донн туралы ойлай ма? Біз бұл сұрақтарға бір-бірінен түбегейлі
ерекшеленетін екі түрлі жауап беруге болады деп санаймыз. Элиоттың
«Пруфроктің Донн туралы ойлауы қисынды ма, жоқ па?» деген мəселені
зерттейтін поэтикалық талдауы жəне түсіндірмесі бар. Поэманың
ертеректегі бөлігінде Пруфроктің «Əлемді шарға сыйғызу соған лайықты
болар ма еді…» деп сұрағаны бар еді; оның уайым-қайғы мен иронияға
толы сөздерінің біразы Марвеллдің «Қылықты ғашығына»(
To His Coy
Mistress
) поэмасындағы жалынды да ынтық махаббатты суреттеген
жолдарынан алынған. Алайда мұны түсіндіруге ұмтылған зерттеушінің
романтизм мен динамизмнің символы – су перілерінің «таңғажайып


құбылыстары» ретінде көрінуі (олардың Донның өлеңін тыңдауы бала
секілді баяу өсетін немесе мандрагога өсімдігінің тамырланғаны сияқты
тым жайбарақат), тіпті Жерар де Нервальдің сонатасындағы жолдармен
əдеби сəйкестігі, Пруфроктің су перілерімен ортақ тұстары көп екені
қызықтыруы да мүмкін. Зерттеудің бұл əдісі Элиот пен Донның
арасындағы байланыс маңызды емес, əрі олай ойлаудың жөні де жоқ деген
қорытындыға алып келеді. Олай болмаған жағдайда, бұл əдіс белгілі бір
дəрежеде 
қорытынды 
шығаруға 
сеп 
бола 
алмайды. 
Біз 
мұны
сыншылдықтың шынайы əрі объективті жолы деп қорытындылаймыз.
Дегенмен түсіндіру табиғатының нақты болмауы сыншыны зерттеудің (2)
түріне жетелеуі мүмкін. Бұл – өмірбаяндық не генетикалық зерттеу. Мұнда
сыншы Элиоттың əлі тірі екенін пайдалана отырып, мəселелерді шешуші
адам ретінде Элиотқа оның не дегісі келгенін, яки Донды меңзегенін сұрап
жазады. Бұл жерде біз мұндай сұраққа Элиот артық ештеңе дегісі
келмегенін, ойында бөтен ой болмағанын айтар ма еді, əлде ыңғайы келген
бір сəтте нақты һəм бұлтартпас жауап табар ма еді деуден аулақпыз.
Барынша орынды, шамасы осылай болар деген жауаптарды да
таразыламай-ақ қоялық. Біздіңше, бұл сауалға дəл осылай жауап берудің
Пруфрок поэмасымен ешқандай ортақ байланысы жоқ, өйткені бұл
маңызды сыни зерттеу емес. Сыни зерттеулер пікірталастарға қарағанда
жеткілікті жүйеленбеген. Сыни зерттеулер сəуегейдің ақыл-кеңесімен де
құрылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет