Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет54/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«
сандық
»
немесе метрикалық ұйымдасуын көрсетеді.
2
Өлшем мен ырғақ
«Дедвудтың»
авторы Дэвид Милч бізге «сандардан» өлшем (метр) мен
ырғаққа өту жолын ұсынады. Милчтің айтуынша, «əңгімелеудің ең жоғарғы
түрі – математика… мұндағы белгілердің бойында энергияның бастапқы
жəне ең қуатты формалары жатыр. Эйнштейн белгіні дұрыс түсіне алса,
онда энергияның құпиясын таба алатынын түсінді» (
Singer, 
2005:
 
204)
.
Математика немесе сандар мен əңгімелеу энергиясы арасындағы бұл көпір
– психология мен оқиға энергиясының шикізат көзі – Уордсуорттың
өлшемді шынайы адамдардың тіліне қатысты қолдану əрекетін еске
түсіреді. Дəлірек айтсақ, өлшем өлеңнің математикалық энергиясын
жартылай айқындайды. Өйткені ямбылық пентаметр жағдайында өлең
жолы бес ямбыдан тұрады. Ол жергілікті ырғақ талаптарымен үздіксіз
əңгіме жүргізеді. Осы құрама ямбы: спондей, дактиль, анапест, трохей
өзара бірігіп, белгілі бір жолдарды толтырады. Бұл – жоспар мен оны
жүзеге асыру арасындағы шиеленіс, не одан да кеңірек мағынада
қарастырсақ, 
Платонның 
ойлауы 
мен 
Аристотельдің 
тəжірибесі
арасындағы шиеленіс. Индустриалды өнердің голливудтық экономикалық
моделі бұл шиеленісті басты жоспарға айналдырады. Ал Чейс пен Милч
сол жоспарларды құрайтын уақыт пен ақшаның шынайы қажеттігін маусым
алдында дайындауы мүмкін. Телехикаялар өндірісі апталық жəне айлық
жарияланымды викториандық қысыммен параллель ұсынады, себебі
маусым аяқталғанда сценарийлерді қойылымдар мен эпизодтарға
айналдыру жеделдей түседі, ал үдеріс пен эфир уақытының арасы қысқара
түседі. Жалпы, телевизия көркем фильмдерді түсіру кестесіне қарағанда


əлдеқайда тығыз жұмыс істейді. Эпизодты түсіруге əдетте он күн уақыт
кетеді. Ол күніне бес не алты бетті түсіруі қажет; ал көркем фильмді түсіру
кезінде күніне бір не екі бет қана түсіру көзделеді. Осындай шектеу, əсіресе
көріністерді түсірілім барысында қысқарту импровизацияға үлкен қысым
түсіріп, салмақ салады. Нəтижесінде ойластырылған өлшем мен шешуші
ырғақ арасында келісім пайда болады.
Милч телевизиялық өнердегі өлшем мен ырғақ арасындағы қақтығысқа
яки ғаламдық дизайн мен жергілікті мүмкіндіктер арасындағы шиеленіске
поэтикалық үлгіні мысал ете отырып тоқталды. 
«Дедвудтың»
жалғасы
ретіндегі кітапта ол: «Мелвил кез келген ұлы поэма өзінің қозғалысына
қарсы айналатынын жазады», – дейді (
Milch 
2006: 17)
.
Милч іс жүзінде осы
дəйексөздің мағынасын жаңа жағдайға орайластырып, қайтадан бейімдейді.
Мелвилдің 1860–1861 жылдардағы поэмасының атауы біздің мақсатымызға
сай «Пікірлер қақтығысынан» туындаған, ол жерде сөйлеуші былай дейді:
«Мен желдің мақсаты қатты соғу екенін білемін, ол өзінің жолында тұрған
күшке 
қарсы 
əрекет етеді» (63–64-жолдар). Курсивпен берілген «қарсы»
сөзі поэмаға соны сипат берген жəне жетекші əрекеттерін баса көрсеткен.
Сегменттердің саңылаулармен, бунақтардың сөйлемдермен, жолдардың
шумақтармен таласқа түсуі поэманың арқауында берілген нанымдарды
ғана шайқалтып қоймай, сонымен бірге поэзиялық құрылымның өзін де
шайқалтты. Макхейл Джон Шоптоудың еңбегіне сілтеме жасай отырып,
«контрөлшем» (
countermeasure
) терминін ұсынады. Бұл – «белгілі бір
деңгейдегі немесе ауқымдағы өлшемнің басқа деңгей не ауқымдағы
өлшемге қарсы шығуы». Осындай жолмен, мысалы, Эмили Дикинсонның
поэзиясы, негізінен, сөз орамы тұрғысынан (
phrase-measured
)
 
өлшенеді,
алайда оның сөз орамдары тармақ пен шумақ деңгейінде үйлесім тауып,
контрөлшемге ие болады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет