Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет55/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Mакхейл, 
2009: 17)
.
Біз мұны өлшем не ырғақ,
айналым яки қозғалыс немесе өлшем не қарсы өлшем деп қалай атасақ та,
поэзия мен телехикаялар бұл диалектиканы анық айналмалы жəне
сызықтық өрнектер арқылы қарастырады. Поэзияда əрбір жолдың
соңындағы қозғалысты үдемелі деп атай аламыз, себебі əрбір сөз нарратив
жинағында немесе лирикалық қосымшада бізді кеңістікке қарай жетелейді;
алайда жолдың соңы көбінесе қорытынды сияқты қайта айналып келіп
отырады. Поэманың белгілі бір түрлерінде біз қайта оралуды «ұйқас»
(
rhyme
) деп атаймыз, өйткені сол сəтте тыңдап отырған дыбыс алдыңғы
жолда естіген дыбысты еске түсіреді.
Мысал. Екі просодиялық техниканың, яғни өлшем мен ырғақтың


телехикаяларда қалай қызмет ететінін қарастырайық: біз 
анафораны
жетекші əрі қозғаушы күш деп те атай аламыз. Себебі ол бізге алдыңғы
итерациялар (қайталаным) мен кідірістерді (
caesura
)
 
еске сала отырып,
прогрессивті (үдемелі) құрылымдарды жасайды. Бұл орта жолда үзіп,
аяқтау арқылы желінің тұтастығын бұзатын əлдеқайда қатаң стратегияны
ұсынады, синтаксистік ырғақ өлшем талаптарымен шиеленіске түседі.
Телехикаяларда 
анафораның 
бір көрінісі – титрлық ашылудың бірізділігі,
титр жүйелілігінің ашылуы бағдарламаның метрикалық дəстүрлерін еске
салады. Расында, əр бағдарламаның басталуының екі түрі болады: оқиға
желісі (
the spin
) жəне шоу (
the drive
)
 
көрсетілімі. Кейде шоу оқиға желісінің
алдында көрсетіледі. «Тірі қалу» (
Lost
) мен 
«Тың тыңдау»
серияларында
осылай болған. Оны «Қысқаша скетч» түріндегі кіріспе (
Сold open
) деп
атаған. Шоу кейде оқиға желісінен басталады. 
«Сопрано»

«Дедвуд»,
«Есалаңдар» 
сериалдары дəл солай басталған. Мұндай балама үлгі
анафоралық
байланыс орнату үшін қолданылады əрі олар келесі эпизодтың
басталуына 
себеп 
болады 
(өлең 
жолдарына). 
Сонымен 
қатар
қорытындылаушы контрөлшем немесе ұйқас қызметін де атқарады. Бұл
тұрғыдан, 
«Тірі қалудың» 
басталуы мен аяқталуы əрдайым симметриялық
болып келеді. Қысқаша кіріспеден кейін қара түсті экранға көрсетілімнің
атауы жазылып, музыкамен көркемделеді. Эпизодтың соңында да қара
түсті экранда қорытындылаушы оқиға желісі жазылып, тағы да музыкамен
əрленеді. Керісінше, 
«Сопрано»

«Дедвуд», «Есалаңдардың» 
əрбір эпизоды
жаңа əуендер арқылы қорытындыланады, ол музыканы бұл сəтке дейін
естімегенбіз һəм сол сəттен кейін де қайта естімейміз. Расында, мұндай
шоу əрбір эпизодтың басында кездескенімен, соңында кездеспейді. Əрбір
эпизодтың басында бір бөлек, соңында басқа музыка ойналғандықтан
(кіріспе əуеннен бөлек) 
«Тың тыңдау» 
просодияның қақ ортасына түседі;
бірақ əр маусымда бұл музыка бөлекше болып, 
оқиға желісі
мен 
шоу
бір
мезетте тұтас көрініс табады.
Кідірістің
 
(
caesura
)
 
мысалы ретінде айтар болсақ, телехикаядағы
кадрларға қарсы просодиялық қарама-қайшылықтар үшін біз үлгілерді
емес, ерекше жағдайларды ойластыруымыз керек. Мəселен, «Бұл менің
итім» (
That’s My Dog
),
«Алты фут жердің астында» 
сериалдарындағы 4-
маусымның 5-эпизодында драманың жүйесін ортасынан кілт бұзып, қалған
уақытын Давид Фишердің машина ұрлағанын көрсетумен өткізетінін
айтуға болады. Бұл эпизод тосыннан пайда болды. Өйткені көрермен
сүйікті кейіпкерінің аяқ астынан осынша ұнамсыз бейнеде көрінуін


күтпеген еді; бірақ бұл эмоциялық мəңгіру (шок) процедуралық мəңгіруге
қосылып, тіптен күшейе түсті. Атап айтқанда, көрермен күткен көрініс
көрсетілмей, жалғасып келе жатқан ырғақты үлгі үзіледі де, баяндау тəртібі
бұзылып, көрерменнің көкейінде сұрақтар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет