Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет51/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Әдейі бөлінген:
 
поэзия, телехикая және маусым
Шон О’Салливан
Шон О’Салливан – Огайо штаты университетінің ағылшын тілі бойынша қауымдастырылған
профессоры. Иллинойс университетінің баспасынан «Заманауи кино режиссерлері» сериясымен
шыққан «Майк Ли» (
Mike Leigh, 
2011) атты еңбектің авторы. Оның сериалық нарратив пен
телевизияға қатысты мақалалары поэтикалық дизайн (жобалау) мен телехикая тәрізді
тақырыптарды қамтиды: «үшінші маусым»; «эпизодтық әңгімелеу»; «Есалаңдардағы» (
Mad
Men
) модернистік құрылымдар»; «Ингмар Бергманның телехикаялары».
Формалистік сыншылдық дәстүр телевизиялық зерттеулер саласында өркендеді. Жұмыстың
біршама бөлігінде маусымдық әңгімелеудің (
beats
) ең кішкентай бірлігінен бастап, ірі
категорияларына дейінгі баяндау құрылымына ерекше назар аударылады. Атап айтқанда,
телехикая бастауында тұрған әйгілі Чарльз Диккенс шығармалары
мен XIX ғасырдағы
викториандық романдарды бөлшектеп жариялау тәжірибесіне сүйене отырып, формалды
талдауға кең мүмкіндік ашады. Шон О’Салливан мақаласында телехикаяның шағын, үзік-үзік
көріністерге бөлінуі поэзияның, оның ішінде шумақ, тармақ, бунақтардың үзік элементтерімен
тығыз байланысты болатынын тұжырымдайды. Мақалада сериалдар жеке тұрған, бөлінбес
мәтін ретінде емес, бөлшектер жиынтығы секілді бір бүтін дүниедей айқындалады. Оған ол
«Сопраноның» (
The Sopranos,
1999) алғашқы маусымындағы осы күндердегі негізгі құбылыс
саналатын «сонет-маусымды» иллюстрация ретінде алған. Дәл осындай үздіксіз жалғасатын 13
эпизодты маусым ХХІ ғасырдың ең өршіл телехикаяларының көбінде қайталанып отыратын
формаға айналды.
Мақаланың екі түрлі мақсаты бар. Біріншісі – тұжырым, сериал
нарративі; атап айтқанда, сериаланған телевизиялық драма – поэтикалық
өндіріс. Барлық сериалдар мазмұнына қарай бөлінген; өлең сияқты үзік-
үзік көріністер түрінде беріледі. Бұл просодиялық өнер (
просодия –
өлеңдегі екпін, əуез, əуен, ырғақ, интонация – жалпы фонетикалық
құралдар жүйесі. – Ред.
),
 
сериалданбаған көркем əдебиет өнеріне
қарағанда, үзіктердің жиынтығы ретінде өзіне ерекше назар аудартады. Бұл
– бөлу, бөлшектеу өнері жəне осы бөлшектерді біріктіруді талап ететін
энергия өнері. Сонымен бірге дыбыстарды, тармақтар мен шумақтарды
əлденеше өшіріп, қайта құрастыруды қажет ететін поэзия сынды туынды.
Біз өркениет қанатын кеңге жайған осы заманда 
«Сопрано»
, «Дедвуд»
(
Deadwood
,) «Алты фут жердің астында» (
Six Feet Under
), «Тың тыңдау»
(
The Wire
)
, «Есалаңдар» 
мен «Тірі қалу» (
Lost
) секілді əйгілі сериалдарды
поэзияның генеологиялық ағашының маңызды бұтақтары ретінде
түсінуіміз керек. Əдетте прозалық фантастиканың телевизия өндірісінің


бастауында тұрғандығы ауызға жиі алынса да, шынтуайтына келгенде, олар
нарративтің ежелгі дəстүрлерін еске түсіреді. Əсіресе олар ауызша
қойылымдарды (
performances
)

метрикалық құрылымдар, итерациялар
(
iterations
) мен вариациялар арқылы басқарылатын нарративтерді
жаңғыртады. Мұнда мен поэзияның инфрақұрылымын телехикаяның
инфрақұрылымымен жалғайтын сегменттілік пен сандар, өлшем мен ырғақ
сынды қос шешуші терминдерге жүгінемін. Мысалы, мен сериалданған
телевизиялық эпизодтардың құрылымындағы анафора (
anaphora
) мен
кідірістің (
caesura
) рөліне ерекше ден қойдым. Аталмыш тəжірибелік
зерттеуде осы терминдерді қолдану арқылы сериал нарративтерін
зерделеудегі поэтикалық құрылымның орындылығын көрсетіп қана
қоймай, одан да көп нəтижеге қол жеткізгім келді. Бұдан бөлек, мен қазіргі
заманғы ең тартымды өнер түрлерінің ежелгі мəдени технологияларды
жаңашыл мақсаттар үшін бейімдеген өнерден мүлдем өзгешеленетінін
көрсетуге тырыстым.
Мақаланың екінші мақсаты – бейімделу үдерісі мағынаның жаңа əрі
маңызды бөлшегін тудыратынын растау. Телевизиялық ұзақ форматты
хикая туралы ой қозғағанда, авторлар сияқты сыншылар да оның романмен
ұқсастығын жиі тілге тиек етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жеке эпизодтар
көлемді кітаптардағы бөлімдерге ұқсас болып шығады («Батыс қанат» (
The
West Wing, 
2003); 
қараңыз

Ayres,
2009; 
McGrath
, 2000). Алайда бір ғана
сериалдың эпизодындағы кейіпкерлер, оқиғалар мен тақырыптық
контекстердің алуан түрлілігі бірнеше əңгімелер тобын салыстырмай, бір
нарративті кластерді (топтаманы) білдіретін дəстүрлі роман бөлімінің
шеңберінен тысқары шығып кетеді.
 
«Үлкен үміт» (
Great Expectations
)
,
«Қапас үй» (
Bleak House
) жəне «Ортаңғы марш» (
Middlemarch
) сияқты ХІХ
ғасырдағы романдар сериалдардың апталық, айлық немесе жарты айлық
бөліктерінің арғытегі болуы мүмкін. «Бөліктер», «Сандар» немесе
«Кітаптар» деп аталатын аталмыш үзіктер эпизодтың формасы мен алуан
түрлілігіне біршама жақын. Сөйте тұра, бұрынғы үзіктер келесі бір тұтас
құралға бірігіп қызмет етеді. Əсіресе романның тұтастай көлемі авторлық
келісім бойынша (1836 жылғы «Пикуик жазбаларының» (
The Pickwick
Papers
) табысынан кейінгі Диккенстің жиырма бөліктен тұратын
əңгімелері) немесе («Жыл бойы» секілді журналдар сериаларындағы)
нұсқаулық хабарлар арқылы жүзеге асады. Телевизия, керісінше, бір
маусымнан екінші маусымға, бір эпизодтан келесі эпизодқа айтарлықтай
саңылау (
gap
) сала отырып, жұмыс істейді. Əр маусым бір-бірінен


əлденеше айларға бөлінген. Одан əрі жалғаса берсе, сиырқұйымшақтанып
берекесі қашады. Сағызша созылған ондай сериалдар, ақырында, жабылуға
шақ қалып, шығармашылық тоқыраумен аяқталады. Бір сағаттық
телевизиялық драмалар көпке дейін орта маусымдық уақытқа созылып,
кейінгі кезге дейін тұрақты нарративті тəжірибеге сыймайтындай тым ұзақ
болды. Жаңа мен ескі эпизодтар арасындағы ауысулар ретсіз жүрді. Бертін
келе, соңғы онжылдықта, үзіліссіз он үш эпизодтық жүйе пайда болды. Бұл
жүйе поэтикалық шумақтарға едəуір жақын келеді. Менің пікірімше, біз
сол он үш эпизодты өлең жолдары деп алып, сосын маусымның осы жаңа
үлгісін сонет ретінде қарастыруымыз қажет деп пайымдаймын. Бұл айқын
болмағанымен, қалыпты жұмыс үлгісін ұстанады, сондай-ақ ол үлгіден
қажет кезінде бас тарта алады. Сайып келгенде, мен алдағы тарауларда
бірнеше сериалдың мысалдары арқылы бір маусымды қамтыған өлшемдік
құрылымдардың телехикаяларда қалай қызмет атқаратындығы жөніндегі
жайттарға 
тоқталмақпын. 
Ал 
соңғы 
тарауда 
шынайы 
«сонет-
маусымдардың» 
алғашқысы 
қолданылады. 
Атап 
айтар 
болсақ,
«Сопраноның»
бірінші маусымы егжей-тегжейлі талдау нысанына
алынады. Онда мен осы жап-жаңа сериалдық форманың қалыптарын жасау
барысында тасымал (
enjambment
)

ауытқу (
turn
)
,
төрттаған (
quatrains
) мен
үштаған (
tercets
) сынды просодиялық құралдардың маңызын ашып
көрсетемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет