жазғанындай). Данте, Вебстер, Марвелл немесе Бодлерге қатысты
аллюзиялар күмəнсіз бір мағына береді, өйткені бұл жазушылар өмірде
болған, бірақ мұндай аллюзияны бұлыңғыр Елизавета үшін қолдану
күмəнді:
Керней мен мотордың даусы көктемде
Суиниді миссис Портерге жеткізгенде.
Джон Дэйдің нұсқасын
қараңыз
, «Аралар парламентінде» (
Parliament of
Bess
)
Элиот:
Құлақ түрдік дүбірлерге дүрліккен,
Керней үнін дыбыстайды қыр біткен.
Актеонды Дианаға алып келді нұр көктем,
Аңшылар да аңтарылды алмай дем,
Ақ денесін көргенде оның үр біткен... (А.Ə.)
Бұл жердегі көңіл бөлуге тұрарлық маңызды сөз – сода салынған жылы
суға аяқтарын жуған Портер мырза мен оның қызы жайындағы жазбадағы
«баллада» сөзі. Егер кімде-кім осы жолдардың «балладалық» қасиетін
сезіне алса, онда бұл жазбаның қажеті аз болар еді. Түптеп келгенде, біздің
зерттеуіміз
осы
сияқты
жазбалардың
шындыққа
жанасатын-
жанаспайтынын зерделеп, туындының тұтастығына баса назар аударғаны
жөн. Өйткені олардан жоғарыда аталған поэмадағы кейбір сөздердің
мағынасы туралы нақты ақпарат алуға болады. Маттисен мырзаның
пайымдауынша, «бұл жазбалар – Элиоттың өз поэмасының əсерін
бəсеңдету мақсатында, мəтіннің ішінде байланыстырушы көлемді
сілтемелерді келтірмес үшін төлеген ақысы». Алайда жазбалар мен оларға
деген қажеттілікке күмəнмен қарауға бола ма? Поэманың өзегіндегі
драмалық жəне поэтикалық материалға құрылған түсіндірменің жетіспеуі
автордың
үлкен
тəуекелге
барғанын
айғақтайды.
Ф.У.
Бэйтсон
«Теннисонның «Теңізші бала» (
Достарыңызбен бөлісу: