Сəуленің алуан түстері –
Дөңгелектерге жетті де,
Тунистен шыққан хабаршы –
Таласып таңмен жетті ме?! (М.С.)
1879 жылы Дикинсон осы өлеңін Хелен Хант Джексонға жіберген кезде
ол алғы сөз ретінде былай деп жазған: «Сіз бір-біріне үйлесімді деген
оймен сары торғай мен колибридің (қанатын жылдам қағатын ең кішкене
торғай. –
Ред.
) қанаттаса ұшуын ұсындыңыз».
4
Дикинсонның жыр жинағындағы өлеңдер тақырыпсыз. Редакторлар
адамдардың өлеңдердегі пауза – бос орындарды толтыратынын меңзеген
Дикинсонның ішкі бір емеурінін аңғармаған секілді. Бұл біршама негізсіз
көрінгенмен, ақын мұндай өлеңдерді біздің өздігімізден түсінетін жағдайда
болуымыз керектігіне үміт артқан. Бұл – Дикинсонның өзінің ортақтасуы
міндетті болмаса да, оның жырларымен қатар жүретін өлең оқу өнері. Ол
өлеңнің мазмұнын (алып тастау, тыю, ескермеу арқылы) ашады. «Жоғалу
жолында» (
A Route of Evanescence
) өлеңнің тақырыбы емес, тек
метафоралық, сондай-ақ метонимиялық мағынасы бар сипаты ғана
айтылады. Жоғалудың өзі колибридің ұшуымен сипатталған. Дикинсон
колибри де басқа құстар сияқты ұша ала ма деп сұрақ қойған сияқты. Ал
ұшу кезіндегі оның қанаттары дамылсыз айналған дөңгелектерге
(метафора) ұқсайды. Бірақ оның өзі жалпы құстың өзіне тəн (метонимия).
Зүбəржат пен қызыл түс (
Достарыңызбен бөлісу: