Ойыңда, бəлкім, біз білмейтін бір нұрда
Періштелер сəждесін жасап тұр бірақ. (А.Ə.)
Ақын нақсүйерін періштеге теңеу арқылы тыйым салынған сезімдерін
ақтап алуға тырысып жатқандай көрінеді. Бұл теңеулердің тым артық
əсіреленгені əрі шындыққа жанасымды болмауы «мұндай аналогия,
мысқылға не əжуəға толы ма» деген күдік те тудырады. Сондықтан оларды
өз бағамында қабылдаған дұрыс болар ма еді?..
Аллегория
Айтылып отырған нақты нəрсе түгелімен ауыспалы мағынада келcе, ол
аллегория болады. Жоғарыдағы Донның өлеңдерінің барлығы осының
мысалы. Расымен де, егер біреу жəдігерді, бүргені жəне періштелерді
олардан да үлкен басқа нəрселерге ұқсатса, онда өлең толықтай
аллегорияға айналар еді. Аллегорияның мысалы ретінде махаббат сезімі
жайлы, сұлу бикешті ғашығы күтіп-баптап жүрген раушан гүл бейнесінде
баяндайтын XIII ғасырдағы Жан де Мен мен Гильом де Лорристің
«Раушангүл туралы роман» (
Romance of the Rose
) шығармасын атаймыз.
Жас жігіт бақтағы үлкен қабырғаға тап болады. Ол қабырғаның бойымен
жүріп келе жатып, мұнда жеккөрініш, қылмыс, іштарлық, сараңдық,
қызғаныш, қайғы һəм кедейлік сияқты əртүрлі абстракциялы бейнелердің
кейіптелгенін көреді. Шаттық бағының сырт жағында бейнеленген
көріністер лəззатқа жанасымсыз болғандықтан, олардан арылу керектігін
білдіреді. Ғашық адамның бойында мұндай рухани кеселдер болмауы
керек.
Эдмунд
Спенсер
«Ғажайып
ханшайым»
(
Faerie
Queene
)
шығармасында адам мен ерекше белгілер арасындағы байланыс жай ғана
үйлестік болмаса да, адамның психологиялық бейнесін көрсету үшін
кейіптеуді (
personifications
)
қолданады. Қызыл айшықты сері – діни
құтқарушының бейнесімен ғана шектелмейтін күрделі кейіпкер. Шіркеудің
нағыз өкілі Уна да жай ғана жүрген абстракциялы бейне емес. Ол –
абстракцияны адамның түсінігіне жақындататын ыңғайлы аллегория
құралы да емес, одан да жоғары дамыған бейне. Спенсердің тұспалды
бейнелері христиандық пен романдық дəстүрлерде түсінікті болғанымен,
Уильям Блейктің «Иерусалиміндегі» (
Достарыңызбен бөлісу: