дөңгелек туралы мүлдем айтылмайды. Ол əлдеқашан кетіп қалған. Мұнда
біз Дикинсонның өлеңнің мағынасын неғұрлым нақтырақ жəне шынымен
«айналып жатқан» бейнемен беруге тырысқанын байқаймыз. Бірақ бұл да
элизия
, яғни ақынның ойындағы сөйлемді ерекше əдіспен немесе өзі ұнаған
бейнеде көрсетуі. Бірақ шумақтарда нені қалдыру керек?
Өлеңнің
мағынасын ашу үшін қандай тұжырым маңызды?
Челси Миннистің тыныс белгілерінің орнына көп бос орын қалдырып
жазған «Талшын» (
Maroon
) өлеңінің бір шумағын қарап көрейік.
……………сезімсіз менің………………........…………………………жас толы………
…………………………………………….........…………………………………….……
…………………………………………....…………қарағым ………………..….………
…………….талшындай……..……жəне………..……….хас…………сұлу…......……
5
Миннис мұны «эллипсистерге
*
бөлінген хабарлы сөйлем» деп жазады.
Бірақ біз нүктелерді қатеге санап тұрған жоқпыз ба деген сұрақ туындауы
мүмкін. Мұның хабарлы сөйлем сияқты болуы жай көз алдау емес пе?
Əрине, біз синтаксистік құрылымын ескере отырып, «қарағым» сөйлемнің
субъектісі деп айтамыз. Бірақ бұл жерде бір немесе екі сөйлемнің болмауы
немесе сөйлемнің жалғасы дегеніміз болжам болуы жəне біз оны қателік
деп ойлауымыз да мүмкін. Миннистің
«Талшын»
өлеңі кірген «Цирконий»
(
Zirconia
) жыр жинағындағы нүктелердің Дикинсон өлеңдері мен
хаттарындағы
жоқ болу
(
белгісіздік
)
белгісі
ретінде
қолдануға құмар
сызықшалармен байланысы жоқ деуге келмейді.
Керісінше, Джексон Маклоудың 1990 жылдың 4–5 шілдесінде жазылған
«Батпақтағы адамдар» (
People Swamp
) өлеңінде кеңістіктің қалай қызмет
ететініне назар аударайық:
Адамдардан батпақтың иісі шығады,
Қамалды торға кептерлер де сан қилы.
Тіршілік нəрін сепкен соң, қорғаушыны қамады.
6
(М.С.)
Мұндағы мəселе: осы өлең жолдарының, белгілі бір құбылысты
баяндауға
болатын сөйлем арқылы, оның сəтті құралған-құралмағаны
жөнінде айтпаған күннің өзінде, бір-біріне қатысы бар-жоғын анықтап алу
керек. «Батпақ» зат есім немесе етістік болуы мүмкін. Бірінші жағдайда
атаулы сөйлем немесе үш зат есім; екінші жағдайда бастауыш, етістік,
толықтауыш болуы да кəдік. Бұл мағына берген сияқты көрінеді. Өлеңнің
екінші жолындағы «топ» жəне «қамалды»
сөздерін де зат есім немесе
етістік сияқты қабылдауға болады, бірақ бұл кезде ол байқалмай да қалады.
Ал грамматикалық тұрғыдан қарасақ, сөйлем дұрыс құрылмаған. Үшінші
жол туралы да солай айтуға болады. Сонда бұл өлеңнің ешқандай
мағынасы жоқ па? Əлде оны түсінудің жолын көрмей тұрмыз ба? Бірақ
оның астарында не жатқанын қалай білеміз? Ол өлеңнің қай жолында
жасырынған?
Стив Маккаффри
өзі
ақын бола тұра, «Мақсаттың терістігі»
(
North of
Intention
)
еңбегінде Леон Роудиез шығармашылығы жайлы:
«Мəтіндегі
сөздердің құрылуы (жəне олардың мəні), грамматикасы мен синтаксисі
əдеттегі оқу кезінде түсініксіз жүйе қалыптастыратын сөздер мен
фонемалардың шексіз мүмкіндіктерін ескерусіз қалдыра отырып, сөздердің
параграмматикасын көрсеткен, – деп атап өтеді. «Сөздердің осылайша
параграмматикалық ауысып түсуі мағыналық
құрылымында дағдарысқа
ұшырайды да, параграмма өзіне қарсы біртұтас мəнге ие болады»
7
деп одан
əрі ойын толықтыра түседі Маккаффри. Параграмма немесе оның, кем
дегенде, бір көрінісінде қарапайым мағына құру тəжірибесін қолданбайтын
псевдолингвистикалық құрылым – параграмматика. Параграмма ауызша
сөзді яки оның бөліктерін, лингвистикалық тұрғыдан қиюластыруды қайта
жіліктеу арқылы
антисемантикалық
құрылымды білдіретін балама жүйе
ретінде
біріктіреді.
Маклоу
сөз
мағынасына
қарсы
стандартты
грамматикалық құрылым қызметін, яғни
сөз қызметін ашық мағыналы
элемент ретінде, жолдар қызметін толық мағыналы ой ретінде қолданады.
Мұндай өлеңді ой салу я болмаса ишара арқылы сөздердің орын
ауыстыруының көмегімен біреу талдап береді деп күтіп отырудың да реті
жоқ. Бірақ мұндай жағдай тек Маклоу сияқты ақында ғана кездесе ме?
Эдмунд Спенсер мен Джон Донның шығармаларын да параграмматикалық
түрде оқи аламыз ба? Иə, оқи алады екенбіз. Бірақ ол үшін поэзияның
барлығын дəлелсіз оқиғаны эллипсистік (
elliptical
) бейнеге ауыстыру,
қарапайым тілді поэзия тіліне айналдыру деп қабылдайтын əдеби-тарихи
қадам жасау керек.
Оқуға ұсынылған əдебиет
Стив Маккаффри.
«North of Intention»
(2000)
Достарыңызбен бөлісу: