Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет61/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Поэзия оқудың құралдары
Герман Рапапорт
Герман Рапапорт – Уэйк Форест университетінің ағылшын тілі профессоры, қазіргі сыни теория
мен өнер саласы бойынша дәріс оқиды. «Әдебиет теориясының құралдары» (
The Literary
Theory, Toolkit, 
2011), «Кейінгі Деррида» (
Later Derrida, 
1994) мен «Жалпы теория» (
The Theory
Mess, 
2001) кітаптарының авторы. Қазіргі уақытта Жак Дерриданың 1980 жылдардағы дәрістерін
зерделеп, сол жайында кітап жазып жатыр.
Троптар
Дəстүрлі əдеби троптар (құбылту) сөздің əдеттегі мағынасын толықтыру
немесе ауыстыру арқылы оның мазмұнын байытады.
1
Милтонның
«Жоғалған жұмақ» (
Paradise Lost
) поэмасының бірінші кітабында
періштелерді 
Флоренцияның 
(Италия) 
оңтүстігіндегі 
Валломброза
маңындағы бұлақтың бетіне төгілген жапырақтармен салыстыратын
керемет теңеу бар. Мұндай теңеулер, дəлірек айтсақ, мəтін ішіндегі
салыстырулар, өлең жолдарындағы көркем кестеленген сəнді өрнекті еске
түсіреді. Сайтан өзінің бүкіл əскерін жинап алып, жер бетіне жіберген
сəтінен бастап 
теңеулер
басталады.
Жапырақтар төгіледі күз келгенде,
Валломброза маңындағы бұлаққа.
Этруски сипатты ну орманның
Емендері түсірген көлеңкеге.
Қызыл теңіз долдана аласұрып,
Толқиды Орионның жел өтінде.
Перғауын мен Мемфисстің сарбаздары
Опасыз дұшпандықпен лап қойғанда.


Бұлт төнгенін қауіпсіз жағалаудан,
Көрді сонда Гошеннің бейбіт халқы.
Сынып жатқан дөңгелектер арасына,
Саудыр-саудыр саулаған қу жапырақтар
Естен танып, есеңгіреп құлап жатты.
2
(ll. 302–13) (М.С.
*
)
Мұнда Милтонның сайтан əскерінің əрекетінен аулақ Тосканадағы
католик 
ғибадатханасының 
маңындағы 
жайма-шуақ 
бейғам 
сəті
сипатталған көлемді ақпаратты сығымдағысы келгені анық. Мұндай
эпикалық теңеудің психологиялық мақсаты – осындай ауыр күйді
ұмыттыру үшін адам табиғатына жақын жағымды нəрсемен, яғни, бұл
жағдайда, бұлаққа төгілген күзгі жапырақтардың бейнесінде көрсету.
Мəселен, бұл теңеудің Гомер, Вергилий жəне Дантеде кездесетін төгілген
жапырақтар теңеулерімен үндестігі рəсімнің маңыздылығын, кем дегенде,
əдеби құбылыстың тереңдігін көрсетеді. Бұл теңеу ат-арбаларымен
еврейлердің соңына түскен Перғауын сарбаздарының Қызыл теңіз маңында
тас-талқан болып жеңіліске ұшырауымен ұштастырыла сипатталады.
Негізгі ассоциациялар тізбегі: сайтандар = қураған жапырақтар = арбаның
сынған дөңгелектері. Ең кереметі, Милтон өлеңнің соңында дөңгелектер
мен жапырақтардан басқа тағы бір үшінші «нысанға» (тозаққа құлаған
сайтандар) оқырман назарын ерекше аудару үшін оны «Сынып жатқан
дөңгелектер арасына, саудыр-саудыр саулаған қу жапырақтар» деп
сипаттайды. Сонымен қатар Милтон грек аңыздарына да сүйеніп, су
толқынының үстінде жерде жүргендей жүре алатын Орионның бейнесін
ұтымды пайдаланған. Мұндағы Орион Құдай мен Исаның күші жəне
мейірімі іспеттес.
Бұлайша эпостық сипаттау оқиғаны тым əсірелеп көрсетеді. Бұл бізді
ғибадатхана маңындағы жапырақтардың төгілуі, Орионды еске алу,
Перғауынның жеңілісі жəне сайтан аяғының астындағы жалынға құлаған
үмітсіз сарбаздар сияқты аласапыран оқиғалардың əсерімен бірге алысқа
жетелейді. Осы тектес һəм басқа да көріністерді бір арнаға тоғыстырудың
негізгі мəні – оқиғадан бірде алыстап, бірде қайта оралып, оларды бір-
бірімен салыстыру арқылы мазмұнын байыта түсу. Бұл бейнелердің бəрі
мəтінге ерекше көркемдік сипат береді. Сондай-ақ олар өлеңнің негізгі


мəнін күшейтеді.
Милтон соны шебер пайдаланған. Милтонның теңеуі өте сəтті шыққанын
аңғармау мүмкін емес. Ол өте ықшам, бір-біріне тым жақын болмаса да,
ерекше үйлесіммен қиюласқан үлкенді-кішілі бөліктерден тұрады.
Жапырақтар мен сынған дөңгелектер біздің əдеттегі салыстыруларымызға
ұқсамайды. Бірақ Милтон сөздер тізбегінің ырғақты байланысын
бағындыру əдісімен оны басқаша жасап шықты. Бұл тізбек ырғақты
күшейтеді де, бізді өлең мағынасының түрліше қырларын түсінуге
жетелейді. Милтон өлең жолдарының басқа бөліктерінде де мұндай
салғастыруды там-тұмдап қолданып отырады. Тіл ырғағы келіспесе де,
аталған бөліктер бір-бірімен аздап болса да сəйкес келеді. Сондай-ақ
Милтон силлепсисті (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет