жатсыну болуы мүмкін? (...) Барлық назар олардың «көрсететін» нəрсесіне емес,
тілдік
элементтер мен солардың арасындағы байланысқа аударылған сияқты».
17
Маклоу референттіліктің айтарлықтай дəрежеде
тілдік поэзияның бір
бөлігі болғанын, бірақ оның өзін мазмұндама, дəлел не баяндау түрінде
көрсетудің орнына, оқырман оның көп бөлігін өзі ұғынбастан құруы керек
деп дұрыс көрсеткен. «Сана белгілеулер мен коннотациялардың, тілдік
жəне өмірлік тəжірибелердің күрделі жиынтығын мəжбүрлеп, əрекетке
түсіре отырып, тілдік элементтердің өзінің шегінен асып кетеді». Бұл жерде
Маклоу мұндай поэзия «тілге байланып қалмай», тікелей «қабылдауға
бағытталатынын» айтқан.
18
Чарльз Бернстайн да, Стив Маккаффри де
тілдік поэзия
олардың
дыбыстық поэзиясын
немесе балама
ретінде Құрама Штаттарда
«Көркемөнер шеберлері» бағдарламасы бойынша берілетін өлеңдерді
қарастыратын «ресми музыкалық мəдениетті» алмастыратынын жақсы
түсінді. Бұл поэзияның үлгісі ретінде Платтың «Ариэль» (
Ariel
) поэмасын
айтуға болады. Бірақ Плат мұндай поэзияны
сол кезде-ақ керемет етіп
жазып,
1970
жылдардың
өзінде
танымал
болған.
Өлең
жазу
бағдарламасымен оқулықтарды толтырған Академия Сильвия Платтың
немесе Роберт Лоуэллдің өлеңдеріне еліктегенімен, 50 жылдан кейін оның
еш мəні болмай қалады. Тілдік поэзия, керісінше,
анахронды емес;
эстетикаға сай жəне өлеңдердің ресми мəдениетінде елестету мүмкін емес
лингвистикалық абстракция тілін пайдалана отырып, тілді түбегейлі
өзгертуге тырысады. Бірақ тілдік поэзия лирикалық ақындардың жеке я
болмаса психологиялық мағынадағы мəнері деуге де келмейді. Өйткені
мұндай
поэзияның мақсаты мен қызметі, сезімді білдіру болып саналатын
психологиялық мəн сияқты, өз ерекшелігіне қатысты дүдəмалдықтан
арылған жоқ. Басқаша айтқанда, тілдік поэзия ақындары үшін қоғаммен
бетпе-бет келетін əртүрлі дискурстардан өзге
объективті коррелят болуы
мүмкін емес. Бірақ мұндай диалогизм өлең жазудың жеткілікті шарты бола
ала ма?
Лирикалық жəне тілдік поэзияны өзгеше өрнекпен тоғыстырған жас буын
ақындар бұл мəселені объективті коррелят ашықтығы қаншалықты мүмкін
деген көзқарас тұрғысынан шешті. Мұндай қадамның жарқын мысалын
Америкаға ғана тəн, өрескел «мағынасыз» қылмыстардың бірінің
айналасында өрбіген, əртүрлі дискурсивті құрылымды біріктіретін Лора
Муленнің «Шырақ əні (Проза деген – проза – проза)» (
Torch Song
(
Prose Is
a Prose Is a Prose
) поэмасынан көруге болады.
Қайталау. Көрініс: ТВ фильм үшін түсіріліп жатқандай əлдеқашан
мезі қылған көрініс қайта-
қайта ойнала береді: «Оның көңілі соншалықты қапалы» т.б. (Сұрақ: қапалы күйіңізде 137000
акрді (
Англия мен Америкадағы жер телімі өлшемі, 4047 шаршы метрге тең. – Ред.
) қалай
өртейсіз?). Айқыш-ұйқыш жазулар. Сіз оның шырпы ұстаған қолдары дірілдеп, тұтата алмай
жылап тұрған күйін «ой көзіңізбен» көрдіңіз бе? Концерттегі өнер қойылымынан кейін көрермен
қошеметіне бөленген жандай, шырпыны жоғары көтерген батыл қалпында тұрғанын елестеттіңіз
бе? «Бір нəрсенің екі түрлі қабылдануы əр адамның түрлі құбылысты қалай көретініне əрі нені
көретініне байланысты», – дейді Гертруда Штайн («Композиция – түсіндіру» (
Достарыңызбен бөлісу: