Мерит көлі əуен төгіп шалқиды.
Күннің нұрын төгіп тұрды екінді,
Бірқазандар төмен ұшып қалқиды.
Құлап жатты жарыса олар үздіксіз,
Бад Пауэлдің саусағындай тынымсыз,
«Шайға келген екеуді» ойнар ол үнсіз.
13
(А.Ə.)
Мұнда көл пианионы еске түсіреді, ал бірқазандар «Шайға келген екеуді»
ойнап жатқан саусақтарды елестетеді. Əрине, біз Пауэллдің пианионы
қалай ойнайтынын біліп, сол ұқсатуды өзіміз де түсінуіміз керек.
Ұқсату құрылымдық болуы да мүмкін. Ол кезде есімізге Милтонның
айналы «Ақжарқын» (
L’Allegro
) жəне «Ойлы» (
Il Penseroso
) поэмалары
түседі. Екі шығармада да құрылымдық, мағыналық ұқсату бар.
«Ақжарқын»
(шаттыққа толы өмір) – мазмұны жағынан
«Ойлының»
(мұңлы өмір) инверсиясы. Бірақ екеуінің де құрылымы бір-біріне дəлме-дəл
симметриялы. Құрылымдық ұқсату Данте мен Спенсерде де кездеседі.
Кейінгі жазылған өлеңдерден Лесли Скалапиноның «Қандай ғажап
музыка» (
Concerning How Exaggerated Music Is
) деген жинағы рекурсивті
қалыптағы құрылымдық ұқсатудың жоғары дəрежесін көрсетеді. Бұл –
оның қырық жыл бойғы еңбегінің керемет жемісі.
14
Оқуға ұсынылған əдебиет
Мишель Фуко.
«The Order of Things»
(1971)
Объективті коррелят
4
Сыншы əрі ақын Т.С. Элиот ақынның сезімдерімен үйлесетін коррелят
сынды əрекет ететін нысанды, жағдайды немесе оқиғаны (жекеше не
көпше түрде) меңзеген объективті коррелят (
Достарыңызбен бөлісу: