Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет70/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

objective correlative
)
 
деген
термин ойлап тапты. Бұған Мэтью Арнольдтың «Дувр жағалауы» (
Dover
Beach,
1851) жақсы мысал болады. Дувр жағалауы – сезім корреляты бар
нақты орын.
Дувр жағалауының Англиядағы немесе Еуропадағы үлкен жерлерге


метонимиялық қатысы бар. Дувр жағалауы жалған эмпирикалық құпияны
ашу мен əлеуметтік теңесу уақытын да бейнелей алатын, еуропалық болып
өмір сүрудің барынша тəжірибелік ұқсастығын көрсетуге арналған сахна
сияқты. Поэманың соңы адамзаттың табиғаттағы тосын сыймен бетпе-бет
келуімен шендестіріле, əдемі аяқталған. Осының арқасында өлең сəтті
шыққан. Сондықтан жағалаудың ақынның сезімімен һəм оның барлық
қиындығымен ұқсас болуы шебер сипатталып қана қоймай, біздің өткенге
деген көзқарасымызбен сабақтас ашылған. Содан бері көптеген ақындар
осындай викториандық өлеңдерді қайталады. Соның ішінде Т.С. Элиоттың
«Құнарсыз жер» (
The Waste Land
) поэмасында ақын шөл дала
метафорасының объективті коррелятын ақынның рухани күйі мен сезіміне
жақындатып қолданған. Элиоттың айтуынша, поэма сəтті шығу үшін
объективті сезімдердің барлығы сенімді болуы керек. Яғни ол ақынның
ішкі жан дүниесін, тіпті оның психологиясын көрсете білуі қажет.
Элиот коррелят шынайы, шындыққа жанасымды, ақиқат болуы керек деп
ойлаған сияқты. Бірақ Уильям Уордсуорттың «Бұлт сияқты жалғыз жүрдім
сенделіп» 
деген 
жолдарындағы 
объективті 
коррелят 
шындыққа
жанасымды, ақылға сыйымды ма? Ал Эмили Дикинсонның «Миымның
жерленгенін сезіндім» деген жолдары ше? Джон Эшберидің «Кідірістегі»
(
Caesura
)
 
өлең жолдарын («Көлеңкелер пойызындағы» (
Shadow Train
)
«Қирандының бұрышында қояншөп жеген Иов отырды...») шынайы,
былайша, шындыққа жанасымды, ақиқатқа жақын деп айта аламыз ба?
Расымен де, Эшбери ақынның объективті коррелятты қаншалықты əріге
апара алатынын көрсетсе, Элиот объективті коррелятты постмодерндік
субъект деп есептеген сияқты. Ең қызығы, сəтті шыққан объективті
коррелятты құрайтын жағдайларға қарсы шыққанымызбен, бəріміз көріп не
естіп тұрған нəрсенің нашар объективті коррелят екенін білеміз. Мысалы,
«Батыс елі лирикасын» (
Country-Western lyric
) қарайық: «Сені жүрегімнің
лас қабынан шығардым». Бұл өміршең өлең жолдарына ұқсай ма?
Кейбіреулер бейəдеп коррелятта ешқандай сезім жоқ, ол қапалы көңілдің
сезімдерін ажуаға айналдырады деуі мүмкін. Бірақ біз мұнда адамдардың
сатқындыққа қалай қарайтынын бірден аңғарамыз. Сатқындық адамның
жүрегін ауыртып я болмаса күйіндіруі мүмкін. Адам оны сезіммен яки
жайбарақат қабылдауы да мүмкін.
Элиоттың объективті коррелят деп атағаны, бір жағынан, 
əлеуметтік
субъектінің нақты қатынасын қоғамның тарихи уақытқа деген көзқарасы
тұрғысынан анықтайтын бақылау метафорасы
. Əрине, бұл əлеуметтік


субъектінің жеке тұлғасы оның жынысы, табы, бəлкім, этникалық
қауымдастығы, нəсілі немесе ұлты тұрғысынан анықталуы мүмкін. Соған
қарамастан, егер бұл əлеуметтік субъектінің белгілі бір қауымдастығы яки
өз ерекшелігі болмаса, онда оқырмандар арасында үлкен қайшылық
тудырып, корреляттың субъективтігі өз-өзінен жоғалып кетеді. Мысалы,
Сильвия Плат – ақ нəсілді əйел, білімді əрі 1950–1960 жылдардағы
америкалық «поэзия сахнасындағы» əйгілі ақындардың бірі болған
əлеуметтік субъект. Оның өлеңдерін оқырмандар бірден таниды. Тіпті ер
адамдардың өзі тəжірибелі мəні бар корреляттар «көпірінен» онымен қатар
өте алады. Өйткені онсыз поэзия əлемінің аясы тар болып қалар еді.
Жоғарыда айтылған қоғамға деген «нақты қарым-қатынасқа» қарасақ,
Дьёрдь Лукачтың (
Georg Lukacs
)
 
əдебиеттегі реализм талаптары поэзияға
да, көркем əдебиетке де қатысты. Элиоттың контексінде де солай.
Объективті коррелят əлеуметтік субъектінің тарихқа қатысты нақты
қатынасын ашатын бақылау метафорасы болуы керек. Олай болмаған
жағдайда, жоғарыда айтылғандардың барлығының субъективті мəнінен
басқа еш нəрсесі болмайды. У.Б. Йейтс (
W.B. Yeats
) өз өлеңдерінде енді
сақталмайтын өзек (
center not holdig anymore
) жөнінде айтқан кезде
адамдардың нақты тарихи жағдайларға деген қарым-қатынасының өзгеруін
өте маңызды нəрсе деп қабылдаған. Элиоттың метафорасы да осыған
мысал бола алады. Элиоттың өлеңдерінде шөлде жүрген ақынның сезімі
сипатталмайды. Ол еуропалықтардың эмпирикалық мəдениетінің шөл
далаға айналған кезеңге аяқ басқанын меңзейді. Өйткені мəдениет жай ғана
өмір деңгейі сияқты болып қалды. Басқа еш нəрсе де емес. Егер бұл 1920
жылдары шындыққа жанаспайтын тұжырым болса, Франкфурт мектебі
(Макс Хоркхаймер, Теадор Адорно т.б.) «бұл кезең Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін болады» деп болжам жасаған еді жəне солай болды да.
Ал XX ғасырдың екінші жартысында суретшілер «
Құнарсыз жердегі
»
метафораны жақсы объективті коррелят деп қабылдай алды ма? Əлгінде
айтқанымыздай, Эшбер мұндай көзқарасты ажуаға айналдырып, шынайы
деп қабылдай алмаған. Оның қатарында тағы бірнеше ақын болған. Бүгінде
əлем өте күрделі əрі логикалық құпияға толы деген түсінік кеңінен
қалыптасып кеткені сонша – суретшілер дұрыс коррелятты тауып, бəрін өзі
түсініп алады деп ойлаудың өзі ақымақтық болар еді. Бұл Арнольдтың 1850
жылдарға оралуына я болмаса «Пабло Пикассо «Герника» (
Guernica
)
картинасын 1939 жылы салды» дегенге ұқсап қалар еді. Бірақ мұндай күдік
коррелятты түсінбеуді жай ғана ақтап алу болып шықпай ма? Лукач


«əдебиетке қалам тартқан жандар қоғам мен тарихты біртұтас жиынтық
деп һəм əлеуметтік субъектіге тарихи кейіпкер деп қарайтын деңгейде болу
керек. Олар осыны ерекше жағдай ретінде түсініп һəм пайымы да осы
тұрғыдан өлшенгені жөн» деп есептеген. Қазіргі ақындардың көбі мұндай
мүмкіндіктен бас тартқанымен, кейбірінің оны мойындамасқа əддісі жоқ.
Оқуға ұсынылған əдебиет
Т.С. Элиот. 
«The Sacred Wood» 
(1920)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет