Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет76/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Просодия
Поэзияда тармақ, синтаксис, мақам, ырғақ арасында тығыз байланыс
болады. Мысалы, Милтон «
Жұмақтың жоғалуындағы
» 1-кітапта сайтанды
қалқан ұстап тұрған кейіпте бейнелеу үшін ямбылық құрылымды
пайдаланады. Бұл Гомердің «Илиадасындағы» (
The Iliad
) күрделі бейнелеу
арқылы жасалған Ахиллестің қалқанына пародия сияқты. Милтонның
тоскандық суретшісі Галилеоны еске түсіреді.
Кең шеңбер.
Иығына асылып, Ай сияқты Жер шарына
̷ ̸ ̷ ̸ ̷ ̸ ̷ ̸ ̷ ̸
Тоскандық суретші көзəйнекпен қарап тұрды,
Фесоленің шыңдарына. (М.С.)
Кəдімгі ямб бунағы екінші тармақ соңындағы «Жер шарына»
 
(
«whose
Orb»
)
 
сөзінен басталады. Ол сөздің өлеңнің келесі жолына айналып
кеткеніне де назар аудару керек. Өлең жолдарының арасында іркіліс жоқ,
біртұтас болып жалғасып кеткен. Байыптап назар салсаңыз, Милтон өлең
мақамын дауысты дыбыстарды қайталау арқылы өрнектейді. Мұнда «О»
əрпі басымдық танытып тұр, «U» əрпінің де өз əсері бар. Жалпы, мұндай
тəсілдің өзі қызықты. Милтон ырғақ, синтаксис, өлең жолдары арасындағы
байланысты біресе реттеп, біресе бұзып отырады. Сондықтан бұл
оқырманға бейне бір проза мен поэзияның біте қайнасқан бөлек
дүниесіндей əсер қалдырады. «Жер шарына тоскандық суретші
көзəйнекпен қарап тұрды» («
Whose Orb through Optic Glass the Tuscan Artist
views
») деген жол шынымен де прозаға келіп тұр (екі екпіннің қайталануы:
біріншісі қысқа, екіншісі ұзақ). Ямбылық бунақ ырғақты болып келе
жатып, қарқынын баяулатады да, тұрақты/тұрақсыз жолдар арасынан


контрапунктті (
counterpoint
)
 
табуға болатындай ырғақты тұрақтандырады.
Бірақ мұндай тасымал тепе-теңдікті бұзып, сайтан айды қалқан ретінде
ұстап жүргендей көрінеді. Алайда ауыр қалқанды алып жүруге шамасы
келмей шатқаяқтаған сайтан кейде оны теңселмей, əзер ұстап тұрғандай
боп сезіледі. Міне, дəл осы үзінділерден дыбыс пен сезім (бұл жағдайда
визуалды сезім) арасындағы нəзік байланысты бірден байқауға болады.
Бəрімізді бунақтар ямбылық (қысқа), хорейлік (ұзын, қысқа), дактильдік
(ұзын, қысқа, қысқа) жəне анапесттік (ұзын, қысқа, қысқа) болады деп
үйреткен. Бірақ мектеп қабырғасында тіпті университетте де бізге осы
өлшемдердің негізгі екпінмен қалай қарама-қайшылыққа түсетінін айтқан
емес. Біз оқыған кезде екпінді мағына беретін сөзге түсіруге тырысамыз.
Бірақ бұл екпіндер өлшем шегінен шығып кетуі əбден мүмкін. Ондай
жағдайда, біздің өлең жолын қандай сезіммен оқығанымыз бен өлең
жолының өз өлшемі арасында контрапункт пайда болады. Бұған мысалдар
көп. Солардың ішінен Эшберидің «Табиғат аясындағы ферма мүлкі мен
тарна»
 
(
Farm Implements and Rutabagas in a Landscape
)
 
шығармасын
қарастырып көрейік.
̷ ̸ ̷ ̸ ̷ ̸ ̷ ̸
Жəрдемсіз қаласыз сіз. Қош болыңыз… (М.С.)
Ямбылық құрылым жолдың астында пайда болады, ал негізгі өлең
тармағына түскен екпін сөздердің үстіндегі сызықшалармен көрсетілген.
Енді бұл екпіндердің оны қалай оқығанымызға байланысты таралатынын
айтуымыз керек. Əрине, сіз де мұны басқаша сызуыңыз мүмкін. Бұл
талдауды аздап өзгешелеу етеді. Ямбылық ырғақ музыкалық ырғақ
жасағандай болғанымен, негізгі екпін түсіп тұрған жолдың астының
сызылғанын көріп тұрмыз.
Мұның күрделірек мысалы ретінде, Кристина Россетидің тұтастай
ямбылық «Мен үздім қызғылт гүлдерді, менің алма ағашымнан» (
«I plucked
pink blossoms from mine apple tree»
) деген жолын қарайық. Назар
аударсаңыз, «
үздім қызғылт
» («
plucked pink»
) аллитерациясы жəне 
«мен»
(
«my»
) сөзінің «
менің
»-ге («
mine»
) ұзаруы ямбылық құрылымға қарсы
əрекет етіп тұр. Негізі, 
«p’s» 
мен «blossoms» (
гүлдер
) сөзіндегі «b» əрпі
(фонемдер екіжақты кереғарлықта, бірақ əлі де еріндік дыбыста тұр)
арасындағы қарама-қайшылық екпінді ерінге түсіреді. Россети өзі мен алма
тістеген Хауа Ананың арасында қандай да бір байланыс бар деп ойлаған
сияқты. Бұл – ақынның «Алма жинау» (
An Apple-Gathering
) деген өлеңі.
Россети өлеңнің өн бойында ғашықтарды сөйлетіп қояды: «Лилиан мен


Лилас зорлана жымиды», «Аһ, Вилли, Вилли, махаббатымның құны аз еді»,
«Тар көшеде күліп, тыңдап тұр олар». Бұған оқырмандар екпін қою арқылы
сөйлеушілердің сөздерін əдеттегі сөзге ұқсата алады. Басқаша айтқанда,
негізгі жолдың екпіндері өлең ырғағының шынайылығын һəм оның
аллитерациялық жұптасуын өзіне ұқсатады əрі тұрақтандырады. 
Мен үздім
қызғылт гүлдер менің алма ағашымнан
» (
«I plucked pink blossoms from mine
apple tree»
)
.
Біреулердің «
гүлдер
» (
«blossoms»
)
 
сөзінің де астын сызуы
мүмкін. Өйткені ол – грамматикалық жағынан дұрыс сөз. Соған
қарамастан, біз басқа сөздердің астын сызамыз. Өйткені негізгі екпін
ырғақты, тіпті аллитерацияны қайта бағамдайды. Бірақ бұл нақты осылай
болу керек деген сөз емес. Себебі ырғақ пен аллитерация контрапунктте
тұр жəне ол өлең жолдарының жалпы дыбыстық құрылымына əсер етеді.
Мұның күрделі мысалын қазіргі ақындардың шығармаларынан:
британдық ақын Джон Уилкинсонның өлең шумақтарынан көреміз.
Болдым. Бірақ ол кондильде уатты
бар сырымды білер жүректің
жамылғысы болды ол өз тілінің -
сенімі қайта оралды. Ол қайтарды
қойылымға келген басқа жанды.
25
(А.Ə.)
Қалай болғанда да, мен бұл өлең жолдарын асты сызылған негізгі
жолдарға мəн бере оқыдым. «Бірақ ол кондильде уатты» («
But she grinds in
her condyl
» (кондиль – сүйекті шығаруға арналған медициналық термин;
мұнда сүйек туралы сөз болмауы да мүмкін) екі анапесттен (үш буынды
сөздің соңғы буынына екпін түсіретін өлең түрі) тұрады əрі негізгі жолдың
екпініне басымдық береді. Ал өлеңнің екінші жолының ямбылық сипаты
басым (
«that’s known, by heart»
(жатқа, білер; екі ямб). Бірақ оны оқып
отырған кезде сөйлемнің аяғына бір ғана екпін түсетін сияқты көрінеді.
Келесі қатардағы тасымал ырғақты қатты бұзады. Жүректің/жамылғысы

Heart/cloaks
») – спондейлік (екі екпіннің қатар келуі). Бірақ бұл тасымал,
расымен, ырғақты кідіріс пе? Əлде оны басқаша алуға болар ма еді?
Жүректің/жамылғысы («
Һeart/cloaks
») мен «қайта оралды
 

furl back
»)
екеуінің арасында екпінге ұқсату бар. «Жүрек» (
heart
) пен «қайтарады»


(
refers
) «жамылғы» (
cloaks
) арасындағы жолдардың тасымалдарының қос
мағыналылығын көшіріп алғандай болады. Біз оны тасымал түрінде де
оқуымызға болар еді. Бірақ мұнда ырғақ кідірісі бар деп ойламаймын.
Өлеңнің бұл бунағында бір-бірін жете қамтып көрсететін ямбылар,
анапесттер, спондейлер сияқты өлшемдермен құралған күрделі өлең өрнегі
бар. 
Сондай-ақ 
тасымалдың/ырғақты 
кідірістің 
ерекшелігін
күрделендіретін жолдардың үзілісі жəне мағынасы тереңдеу деген жерлерді
ерекшелеп көрсететін сызықтық екпіндер де бар. Бəлкім, оқырмандар
толық мағына əлемдегі өзімізге етене таныс дүниелерге мағына үстеуге
мүмкіндік жасайтын, референттік сараптауға (семантикалық немесе
логикалық) ешқашан жеткізе алмайды деген Рон Силлиманның 
жаңа
сөйлем
тұжырымдамасынан алыс емес екенімізді байқаған болар. Соған
қарамастан, бұл бунақ грамматикалық ықтималдықты тұрақтандырып,
қарапайым тіл тəжірибесін есепке алады. Сөздердің қалай байланысатынын
ұйымдастыру үшін жұмыс істейтін басым тақырыппен (бұл жерде 
«she»

ол) бірге ұстап тұра да алады. Егер осы элементтердің өзіміз білетін
əлеммен қарама-қайшылық тудыратынын ескерсек, бұл ұқсату дыбыстары
мен мағыналық қатынастарды біріктіру үшін үнемі жеткілікті бола
бермейді. Бірақ, сонда да, «Ол қайтарады қойылымға келген басқа жанды»
(
«She refers/foreign calls to her program»
)
 
– 
жаңа сөйлем
емес, тек жақсы
құрылған сөйлем. Олай болса, поэзияда сөз дұрыс құрылған жағдайда жаңа
сөйлем арасындағы шекте тұратындай емеурінге ойысып кетеді деп батыл
айтуға болады. Бəлкім, мұны орналастырудың ең жақсы жолы – дұрыс
емеуріндік 
һəм 
тіларалық 
ұқсату 
арасындағы 
лимитті 
аймақта
тұрғанымызды айту шығар. Ендеше, сілтемені жоятын ашық референттілік
пен əртүрлі тіларалық сөздік арасындағы нəзік теңгерімі бар Гертруда
Штайнның шығармаларына иек артуға да болады. Штайн:
«Эмиграцияны бақылау керек, мұны күле жүріп бақылау керек, əрі бір
жетістікке қол жеткізетіндей, ең болмаса, бір пайда əкелетіндей үмітпен
ұмтылу керек жəне жағдайды, тыныштық пен беймаралдықты ақырын-
ақырын түзету керек», – деген еді.
26
Оқуға ұсынылған əдебиеттер
Дерек Аттридж. 
Poetic Rhythm. An Introduction
(1995)
Мэри Кинзи. 
A Poet’s Guide to Poetry
(1999)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет