Сондай-ақ ол: «Бұл фонетикалық өлеңдерде тілшілер дұрыс пайдаланбаған жəне бұрмалаған
тілден толық бас тартамыз. Біз сөз сиқырының тереңіне қайта бойлауымыз керек. Поэзияның ең
соңғы һəм қасиетті мекенін сақтап қалу үшін сөздің ең асыл алхимиясына қайта оралып, керексіз
сөзді екшей білгеніміз жөн. Біз «солақай» жазудан, яғни ойқы-шойқы сөздерден де арылуымыз
керек, қолданыста жүрген, жаңадан пайда болған сөздерді (сөйлемді айтпағанда) пайдалануда
ұқыптылық танытуымыз қажет» деген.
23
Мұндай поэзия тілді қарапайым пайдалануды анықтап, оны бұзуға жəне
анық мағынасын түсіне бермейтін дыбыстың нақты мағынасын енгізуге
арналған. Дыбыстық поэзияда не туралы айтылғанын сұрағанда оған жауап
таба алмасақ та, мағынасын дыбысталуы арқылы түсініп тұрған шет тіліне
ұқсап қалады. Əрине, ономатопея (
Достарыңызбен бөлісу: