Чарльз Бернстайн.
A Poetics
(1992)
Баррет Уоттен.
Total Syntax
(1984)
Жаңа сөйлем
Жаңа сөйлем
(
The new sentence
)
– тілдік поэзия қозғалысынан шыққан
жəне просодия болған кездегі синтаксистік қолданыс, контекстің сыртында
талданатын прозаға қатысты қозғалыс. Оның дəл қазір оқып отырған
сөйлеміңізден айырмашылығы – «жаңа сөйлемнің» арнайы анықтамалық
өзегі болмайды. Оған Рон Силлиманның шығармалары жақсы мысал
болады.
Ол осында, шегіршін ағашының
Астында тұрды.
Өзіне-өзі тым сеніп тұрды. (М.С.)
Силлиманның жаңа сөйлемінде сөйлем синтаксиске бөлінбейді.
Силлиманның жаңа сөйлемдегі дескрипторларының тізімі келесідей:
(I) Абзац сөйлемді реттейді.
(II) Абзац – өлшем, логика немесе дəлел емес.
(III) Сөйлемнің ұзындығы – өлшем бірлігі.
(IV) Сөйлем құрылымы ауыспалы сəтте өзгереді əрі көп мағынаға ие болады.
(V) Силлогикалық қозғалыс (а) шектеулі; (б) бақыланады.
(VI) Негізгі силлогикалық қозғалыс алдыңғы жəне соңғы сөйлемдердің арасында болады.
(VII) Екінші силлогикалық қозғалыс бүтіндей абзацқа я болмаса жалпы
шығармаға қатысты.
(VIII) Силлогикалық қозғалысты шектеу оқырманның назарын тілдік деңгейде не тілдік деңгейге өте
жақын, яғни сөйлемнің деңгейінде кейде одан төмен ұстап отырады.
20
Жаңа сөйлемді пайдаланатын поэзияда
абзац бірнеше бірліктер
қарастырылатын сөйлемдер қатарының еркін жиынтығы болады. Абзац тек
өлшем бірлігі болып қалады əрі оның құрамындағы сөйлемдер бір-біріне
логикалық тəуелді құрылым қызметін атқармайды. Ауыспалы сəтте сөйлем
құрылымын
өзгерте
отырып,
Силлиман
грамматикалық
ықтималдықтармен,
ережелермен
бұзылатын
элементтерді
қайта
топтастыру/алмастыру арқылы өзгеретінін атап өткен. Карл Гарриманның
«Оның жастықтың үстінде жатқан қолының сырт жағы да бекер емес»
деген сөйлемі жаңа сөйлемге жатады. Өйткені логикалық тұрғыдан «қол»
деген сөзге сөз дескрипторы ретінде бекер деген сөзді қосып қолдану
түсініксіз еді, «қол» деген сөзге «жуу» немесе «ұстау» деген сияқты
сөздерді тіркеу логикалық тұрғыдан əлдеқайда қисынды болар еді.
Силлогистикалық
қозғалыс дегенде, Силлиман сөйлемнің өз өлшем
бірлігіне қатысты логиканы айтып тұр. Негізгі логика сөздерге
(морфемдерге) немесе олардың шағын топтарына басты назар аударылған
тиянақты ойдың тобын біріктіретін сөйлемдердің аясынан аспайды. Алайда
абзац деңгейінде я болмаса жалпы деңгейде қызмет атқаратын екінші
логиканың болуы да мүмкін. Силлиманның
жаңа сөйлемдер тобының
мысалын Гарриманның «Ол үшін» (
For She
) деген шығармасынан таба
аламыз:
«Оның жастықтың астында жатқан қолдары ғайып болып кетпеген. Біз бір-біріміздің сөзімізді
ести алмадық. Ваннадағы ластықтың өзі арсыздық. Біздің арамызда қаншама жылдар жатыр. Мен
мазасыз түндерден кейін, орманнан құр сүлдері шыққан Максинді бейтаныс жанмен бетпе-бет
кездестірдім. Мен өзгеше тұңғиықтан келдім. Қызылды-жасылды салтанатты дүние иттердің
өршелене үргеніне ұқсайды».
Бұл мысалда есімдіктер мен дейктикалық көрсеткіштер (-да, -ге, -ден, -
нан) түрленген (немесе өзгерген) сөйлемдерге қарсы қалыптылық сезімін
тудырады. Мұндай жазбаларға қатысты барынша дəстүрлі термин –
паратаксис
(салаласа байланысу) қақпайлауға көне қоймайтын проза.
Жаңа сөйлем осыған əдеттегі пайдаланып жүрген
тілдегі грамматикалық
өзгерістер мен жергілікті тілдің айырмашылықтарын қосады.
21
Оқуға ұсынылған əдебиет
Рон Силлиман.
The New Sentence
(1987)
Достарыңызбен бөлісу: