Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Әдеби KZ 
бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы 
сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді-бірге атыстырып, елін қан 
жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді. Белгілі: қазақта 
ондай залым адамдардың өзіне қауіптілеу орынды күзеттіріп, сорпа-сумен алдап қоятын 
иттері болатын. Сол арсылдатып қойған иттерінің ең басты төбеті - біздің Оспан би еді. Сол 
кезде бұл екеуінің залымдығына бір өлеңшінің айтқаны есімде қалыпты: 
Халқыңды қан жылаттың Жорға Нұрым. 
Болдың ғой заманымда сорға Нұрым! 
Оспан деген жұтқышы тағы шықты, 
Бара-бара қайтерсің, қайран күнім!.. 
деп, құр Нұрымның зұлымдығы мен атағы болмаса, әліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні 
де жаман, аузы толған боғауыз бен былш-былш насыбай, ішпей мас, әрі нас елу 
шамасында жасы бар, қой сақтардың басындай басы бар, жай формының өзі сұп-суық 
бүйі секілді түксиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, добыра сақал, 
тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді. Бұрын қатыны тірісінің өзінде-ақ Қамарды 
тоқалдыққа сұрауға балаларынан именіп, амалсыз жер тепкілеп өліп жүрген Нұрым, енді 
не жорық. Күні-түні Оспан досынікіне ат үздірмей, Қамарды сұратты. Оспанға, өзінше 
Жорға Нұрым секілді дәрежелі кісінің күйеу боламын дегені құдайдың көктен айдап 
түсірген жақсылығы еді. Шылқымайға кірдім ғой деп мұртынан күліп, тіпті бұрынғы 
бұрынғы ма, төбесі жайлау, төсі қыстау болып, есі шығып еліріп кетті. Бірақ ізденіп келген 
"қыдырдың" бетін қайтармай, уәде беріп жіберейін десе де, Омардың мінезі өзіне белгілі 
ғой: "Құдай жазса, сізден артық кімге береміз. Шыдай тұрыңыз" деп, Омар келуге 
созбалады. 


27 
Әдеби KZ 
Нұрым оған да тоқтамай қасына ақсақал, билерін ертіп, "баяғыдан бергі достығымыздың 
айырылысқан жері осы" деп болыс басымен әдейі өзі келіп салмақты салған соң оны 
көтеретін лажы қайсы? Қан-жыны араласып қалған неме ғой, қия алмады. Қырық жылқы, 
он түйе, бес жүз сом ақшаға Қамардың сорын қайнатып, саудасын пісіріп қойды. Ауыл 
отағасылары да: "Жөні осы. Бәрекелді, қайырлы болсын. Бір-біріңнің ықылыстарыңа 
қарай міне, жарасты ғой",- деп, өліп-өшіп жарамсақтанып-ақ жатыр. Омар келісімен тез 
құда түсу хабарын бермекші болып, қонақтарын аттандырды. Артынан көп кешікпей 
Қасенді оқуына апарып тастап, Омар да келді. "А, құдай, той тезінен болса екен, битімді 
салар едім" деп, пышақтарын жалақтатып, тыпыршып жүрген ақсақалдар шыдасын ба? 
Бастығы өзінің екі ағасы: Қалтан, Оспан болып жиылысып барып, іс-міс жоқ Омарға 
қайырлы болсын айта бастады: "Қамаржан бала сияқты бала еді, бақытына қарай жайлы 
орын кез келді, тек құдай ұзағынан сүйіндірсін! Жылы суға қолын малып, ақ бөкендей 
ордаға кіре түседі. Жасау... пәлен-түген дейтін емес, тек кешіктірмей берсек разы болатын 
көрінеді. "Теңі келсе, тегін бер" деп, нашайына келіп тұрған соң, саған да қаратпастан 
уәде қылдық. О да келетін кісісіне келеді ғой, болыс басымен әдейі өзі келіп қалған соң, 
ықыласын қайыра алмадық. Ал енді қайырлы болсын, жабдығыңа даярлан!"- десті. 
Мынау сөз Омардың маңдайына тоқпақпен ұрғандай жайсыз тиді. Қайтерін білмей, түсі 
бұзылып кетіп, бір жеріне біз тығып алғандай ыршып-ыршып түсті. Шын күйіп кеткендігі 
емес пе, аузына не кіріп, не шыққанын да білмеді: 

Сыпыра бұзылған иттер, дендерің сау ма? Мәжнүн болмасаңдар, қара жүрек 
болмасаңдар... Апырым-ай, апырым-ай, ұялмай, қызармай періштедей қарашығымды 
аяқты малдан жаман дөңкиген жауызға ұйғардық деп, не беттеріңмен айтып отырсыңдар! 
Неден қысылдыңдар? Неден жүректерің үзілді? Түсіне кірсе қорқатын ноянға Қамарды 
барады, мені береді деп ойладыңдар ма? Құдай, көз жас, обал деген нәрсе естеріңде бар 
ма? Жоқ, малмысыңдар? Сендер бір аяқ ас берген кісіге имандарыңды да сатасыңдар! 
Қысқасы мойныма қапшық салып, қайыр тілеп күн көрсем де, Қамарымды оған беріп 
жылата алмаймын. Байлығы, болыстығы өзіне. Өзім де аштан өлейін деп отырғаным жоқ. 
Ет жегілерің келсе, өзім-ақ сойып берейін. Болмаса Қамардан басқа ермек жетпеді ме? 


28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет