Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Әдеби KZ 
пайғамбар жасынан асқанда, қажы басыммен өтірік айта алмаймын. О баланың билігі 
өзімде. Шоқындырған Қасенді қайда шоқындырсаң, онда шоқындыр! Қамарды тағы 
орысша оқыған біреуге беріп, сүйегімізге таңба қыла алмаспыз. Қазаққа берсек, қазақта 
мұнан артық кім бар? Соған барып та обал болатын болса, қияметте мен арқалайын, куә 
болыңдар! Нұрымнан артық пайғамбарға береміз бе? Басқа былшыл сөзді қой! Келер 
сәтке құда түсір! Ендігі сұм заманның адамы да бір түрлі: бала бармайды дегенді тауып 
алыпты. Әке берсе, қыз қайда бармаушы еді? Сені көріп отырып бала қалай оңсын? Қақ 
бастан салып жіберейін бе? Әлде, жас деп отырсың ба? Молдалар балығыға батқан әйел 
баланы күйеуге бермеген қатты обал, дейді. Былтыр Қарбай ишан да айтты... деп, шатып-
пұтып бір жағынан ол ақырды. Оспан қанша айтқанмен би кісі ғой, ол жайлап сездірді: 

Мені өтірікші қылып, өлтіретін жерің де, көметін жерің де осы. Қияметке дейін 
кқріспей, азып-тозып әркімнің аузында кететін жеріміз де осы. Бар, қай таңдағаның ал. 
Қабырғаңа да, қатыныңа да кеңес!- деп тұрып кетті. Ол кеткен соң жұрт тарады. Омар енді 
көптің талқысын көрген соң, қайтерін білмей, от алып ораққа түспесі бар ма? Бір жанды, 
бір күйді; кісі өлтірген кісіден жаман түсі де өзгеріп кетті. Әлгі ағаларынан безейін десе, 
азып-тозып әркімнің аузында кетсек, тұқымымыз оңбай кетеді ғой деп, елден қорқып 
барады (алдында жүрегі шайлығып қалғаны бар ғой). Безбейін десе, Қамар секілді 
қарашығының әйтеуір суреті адам мақұлыққа қосақталып, өмір бойы іріп-шіріп, 
жылаумен күні өтуіне көзі жетіп, ойлағанда іші-бауыры елжіреп, күйіп кете жаздаушы еді. 
"Суға кетіп бара жатқан тал қармайды" деген ғой, қатынына ақылдасқан болып еді: "Өзің 
білесің де. Үйінде жасау көп дейді. Не қылсын. Орынды жер ғой. Бұл кімнің құдағиы 
дегенде де..." деп... отырған сұңқарының дәмді сөзін естіп, саған ақылдасқан мен де 
ақымақ деп, онан жаман сақалын жұлды. Ал енді мұнан соң да Жорға Нұрымның 
түрткісімен "ақылды" ағалары кезекпе-кезек келіп тыныш таптырмады. Омар ең қысылып, 
кесер кеңірдекке келген уақытта: 

Қамар көнбейді. Анау күні Қасен де қайта-қайта тапсырып еді: "Айтаққа еріп, 
Қамарды шатастырып алушы болма" деп. Омардың айтысы сол-ақ екен, жан-жағынан 
дүрсе қоя берді. 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет