Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Әдеби KZ 
Қамар тұрсын, Қамардың тырнағын да бермеймін. Добыра сақал Нұрымың басқан ізінен 
садаға! Аулақ жүріңдер, аулақ!",- деп ұшып көкке, ұшып жерге түсті. 
Сол арада отырған отағасылар: 

Омар, сен сол томырық мінезіңді қоя тұрып, сөз тыңдашы, ақыр ұнамаса, біреуді-
біреу зорлай алмайды ғой,- деп ортаға алып шуласып, ал кеп төністі. 

Кәне, сен бермегенде Нұрымның қай жерінен мін тауып бермеймін дейсің? Малды 
десең малды: әлді десең әлді, ата-тегі анау: жеті атадан бері үзілмей келе жатқан бақ-
дәулеті мынау. Тегін кісіге бақ қона ма? Сол арасын қарасайшы. Кәрі дейсің, жасынан 
мыңның ішінен бұлғақтап, мәпеленіп өскен, әлі бейнет көріп беті қайтқан кісі емес; әзер 
болса қырықтың ішінде шығар, сол кәрілік қылушы ма еді? Ол түгіл алпыстағы мен де бір 
қызды кәртайтатын жайым бар... Әрқайда Омекең білсін деп, үлкен басын кішірейтіп, 
алдыңа түсіп жалпылдап жүреді. Сөзіңді қайтарып, көңілің қалып көрген кісі емес, қайта 
кекті жерден кегіңді, текті жерден тегіңді әпергеннен басқа, сонша сөгетін Нұрымның не 
жазасы бар еді? Біз айтсақ, өз пайдаңды айтамыз. Нұрымның малын біз алғалы отыр 
дейсің бе? Қамар бір сен емес, бәрімізге бірдей, ортақ бала, қастық айтамыз ба? Заман 
әлдінікі болып барады. Дүниенің не халі жоқ, қанша айтқанмен сондай қолында ісі бар, 
күші бар кісіге иек сүйеу керек. Ал енді оны қояйық. Мынау сақал-шашы ағарған екі 
ағаңды осы жасқа келгенде өтірікші қыламысың. Егер алдадың деп өштесіп кетсе, кім 
біледі, іс басында тұрған кісі ғой, не қылса да Қамарға сол орынды лайық көреміз. 
Барады, жылы суға қолын малады! Өзі би, өзі төре, өзі патша болады да отырады. Кеше 
хан тұқымынан да қыз алған Нұрым емес пе еді? Сен ханнан ақылды емес шығарсың. 
Қолындағы екі-үш өгей баласы дейтін шығарсың. Оларды күні ертең еншісін беріп... 
теппекші болды. Жұрт іздеп те таба алмайды. Әйтеуір атаның әруағымен алдыңа келіп 
тұрған "қыдырдың" қадірін білу керек қой...- деп бірі қалмай данышпансып, үсті-үстіне 
баспалатып барып қойысты. Әншейінде тасбиғын тартып, оны-мұныға кіріспей отыратын 
Қалтан қажы да бұрқырап: 

Бұларға өзі секілді қара жүрек орыс болмаса, не Ахмет секілді сыпборбай, шала 
қазақ болмаса, басқа мұсылман кісі жаға ма? Сен шоқынды, былшылдады екен деп, мен 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет