Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Әдеби KZ 
еді. Бірақ қанша айтқанымен оқыған ғой, олардың бұл тұзағына Омар түспеді. Ол ешкімді 
керек қылмаған соң, құр қайта-қайта Оспанға ұйлығып бара берумен жалықпасы бар ма? 
Қызығы-ақ: Омар араз болса ғой. Омардың қақпан баспайтын ыңғайын көрген соң, енді 
отағасылар жақсы атпен татуластыра қою қамына кірісті. Елінің ықыласына көзі жетіп, "А, 
құдай, сақтай көр, әркімнің аузында кетпегей едік" деп, Оспанның кісіге сойған бір-екі 
тоқтысына жаны шығып, тыпырлап жүрген Омар сорлы татулықтың дыбысы шыққан соң-
ақ, ағаларымен баяғыдай бал жаласып кетті. Ахметті ат-шапанымен аяғына жығып, енді 
ондай мінез шығармасқа құран ұстатып, нан жегізіп, баяғы екі жүз теңгені кешкізіп, ат-
шапанға разы қылды. Сөйтіп, біраз күн ішінде гүріл де басылды, дүріл де басылды. Ал енді 
Қамардың жайына келейік. 
Даңқы жер жарған, шешендігі ел жарған, күліп кісі бетіне қарап көрмеген, атақты, ибалы, 
асыл Қамарымыз жоқ жерден мұндай жалаға ұшырап, бүлік шығып кеткендігіне қайғыра-
қайғыра сүзектен тұрған кісідей, құр шыбыны ғана бар еді. Нақақ болса да, жақсыға жала 
оңай ма? деп кісі көргенде аяғынан жерге кіріп кете жаздаушы еді. Бұрынғы жайраңдап 
жүретін қалып қайда? Еңсесін көтермей, қабағын түйіп, аһлап-уһлеп, мүсәпірсіп мұңайып 
төмен қараумен күн өткізе бастады. Барлық жұмысы ертеден кешке дейін кітаптан көз 
айырмау еді. Қатындардың пыш-пышы қала ма? Қамардың көрінбеуінде бір құбыжық бар 
ғой деген өсекті қардай боратушы еді. "Нақақ мені қаралап, Ахметті анадай қылуға 
ұялмаған ел жұртым түбінде не оңдырар дейсің?.." деп, Қамардың көбінесе ойлап-
уайымдайтыны сол еді. Қасен оңашада: "Қарағым, сонша жүдеп немене?", "Ит үрді, 
керуен көшті", мен тірі тұрғанда сені жылатып қор қылар дейсің бе? дегенде: "Қайдан 
білейін-ау!" деп жапақтаған көзінің жасы моншақ-моншақ келіп қалушы еді. Алайда соңғы 
күндерінде Қасеннің сол сөзін демеу көріп, бұрынғысынан көрі көтеріліңкіреп жүретін 
болды. Бұлар осындай дуылмен жазды алды. Күз жетіп август жұлдызының басында Омар 
Қасенді оқуға алып кетті. Оқитын Омскі шаһары екі жүз шақырым шамасында бұларға 
алыс еді. Олар жүрердің алдында он күн бұрын Қамардың ашылмаған сорына, оңалмаған 
жолына қарсы Жорға Нұрым деген өз болысының (правитель) бұрынғы хан тұқымынан 
алған қатыны өлді. Жасында аттан жығылып, бір жақ аяғының ақауы болғанға құрдастары 
"Жорға Нұрым" деп, сонан елге де "Жорға Нұрым" атанып кетіп еді. Бұл өзі жеті атасынан 


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет