Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Әдеби KZ 
Қосылар күн бола ма тұлыбыма?",- 
деп әжуалап сыбағасын бергендігі есіне түсіп, "Сүйткен басым!.. Енді шынымен-ақ сол 
өгіздің арқасын сыйпауға барғаным ба-ау?" дегендей қылып, бір қыздың тізесіне сүйеген 
маңдайын көтеріп ала алмады. Есі бүтін замандастары мұны көріп, ойнау қайда, бәрі 
Қамарға қарап мұңайысып: "Уай, дүние, жалған-ай!" дей түсіп отырып алды. "Арсызға 
алты күн мейрам" деп, арсыздардың онда не ісі бар, сартта-сұрт мейрамдары қызысып, 
қызыл кеңірдек болысып-ақ жатыр, бірақ "алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы арба содан 
жүреді ғой", татымдылары анадай болып отырған соң, бұлардың мейрамдары да көпке 
бармады. Бір заманда үйдің іші тым-тырыс, әркімді қапалы мұнар шұлғағандай бір түрлі 
белгісіз уайым-қайғы да қаптап алған, қара күңгірт, кәрлі тұман ішінде түнерісіп, 
томсарысқан бір түрлі аянышты көріністе еді. Міне, бұл көрініс екі сағатқа созылып, 
тамашаға батамыз деп жиылған желбуаздар кірерге есік, шығарға тесік таппағандай 
болды. Әкесін екі аршын шүберек кәде өлтірген қатындар да даладан күзгі ақша қардың 
аязы қысып, үйден Қамардың жылағаны қысып, не қыларын білмей, құр шыжбалаңдап, 
жүгірісіп кіріп шыға берді. Тап сол кезде Қамар ұйқыдан шошып оянғандай ұшып тұра 
келе сала, көзінің жасын төгіп-төгіп жіберіп, жұртқа қарап қамығып мынаны айтты: 
Көр, міне, Қамар қандай, аға-бауыр? 
Келе ме қайта айналып өткен дәуір? 
Еріксіз бір есекке қостың елім, 
Дүниеде не қорлық бар онан ауыр? 
Бәріңнің аузыңдағы Қамарыңмын, 
Ортаңды жарық қылған панарыңмын. 
Іш пысса, қайғы қысса, әдейі іздеп, 
Бұлбұлдай сайратуға табарыңмын. 


39 
Әдеби KZ 
Ал, енді көріп тұрсың халім мынау. 
Халімді қаріп қылған залым мынау. 
Тым болмаса он бестен аспай жатып, 
Қорлықпен өткенің бе, қайран күн-ау! 
Шынымен сол Нұрымға кеткенім бе, 
Бәлеге құтылмастай жеткенім бе? 
Малы көп мал сияқты пасық қақпас 
Жанымды соған құрбан еткенім бе? 
Еткенім бе? Еткенім бе?!- деп тұрып, талықсып жығылып кетті... 
Су бүрікті, үйтті-бүйтті, біраздан соң, Қамар уһлеп есін де жиды. Міне, Қамардың 
мұнысына көз жастары бетін жуып, жанынан жан бөліп бергендей болып аяғандар да 
болды. 

Ойбай! Өтірік, жаны шықсын! Сондағысы Ахмет пе?- дегендер де болды. 
"Байтал тұрсын бас қайғы", ойнау тұрсын, уайым арқалап бірсыпыра жұрт тарасып та бітті. 
Таң атып барады. Күзгі ақша қар мен түйдектелген ұшпаның ызғары еркіне қоймай, "қол 
ұстатарды" тосқан кәдешіл қатындардың аяқтары тоңып қатып барады. Бір жағынан 
шымылдықтың ішіне сыймай тықыршып, онан бір, бұнан бір өңмендеп қарап: "А, құдай, 
Қамар! А, құдай, Қамар!" дей түсіп, жалған дүниенің жартысындай дөңкиіп Нұрым отыр, 
анда-санда көрініп кеткен қатындарға: 

Бұл немене? Болсаңдаршы!- деп қояды. 
Қамар қатындардың қанша жалынған сөздерін керек қылмай маңайына барған кісілерді 
жұлып-жұлып тастап, әлде қашан жатып алған. Бір бұрышқа бүркеніп, қырғи қуып түсірген 
торғайдай бір уыс қана доп-домалақ болып тығыла тықсырылып, қайтсем, жан қалады 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет