Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет22/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Әдеби KZ 
Ағаңа ат мінгізер жөнің келді, 
Айырылсаң тағы өзі біл даңғыл жолдан. 
Ат берсең алты алашқа мақтар едім, 
Аузымда өле-өлгенше сақтар едім. 
Басқан жер, барған елге жайып салып, 
Ат берген қызметіңді ақтар едім. 
Құдайым сүйіндірсін ұзағынан, 
Сақтасын дұшпандардың тұзағынан! 
Тіл-сұқтан, қауіп-қатер қағас қыл деп, 
Қол жайып мен тұрайын бұл жағынан, - 
деген кезде Жорға Нұрымның көзі қызарып, екіленіп кетіпті. "Е, еһ..." деп, жан-жағына 
қарап кеудесімен көтеріліңкіреп жөтеліп қойып, әбден есі шыққандығы сол емес пе, 
қасындағы атқосшысын көрмей: 

Жұмабайшы, Жұмабай!- деп айғай салған. Қасындағы Жұмабай: 

Не айтасыз?- деген соң: 

Баршы, астымдағы жүз теңгелік сұр жорғамды, елу теңгелік ер-тоқымымен 
мынаған әкеп мінгізші!- тағы шапаның деп үстіндегі шапанын шешіп тастап, отағасыларға 
қарап: Ал мынаған салыңдар!- деген. 
Отағасылар: 

Бәрекелді, бәрекелді, мәрттігіңе болайын!- деп шу ете түсіп, ақшасы жоғы 
жанындағы бәкі, орамалына дейін берген (ақыр "өлімнен ұят күшті ғой"). 


37 
Әдеби KZ 
Жалғыз-ақ өлейін деп өле алмай, өз жанын қия алмай, қайғылы қапада, күндіз-түні 
жапада, жылау да еңіреу, бәрінен де көңілі қалып, жүрегі от боп жанып, жылаудан басқа 
шама жоқ, құдайдан басқа пана жоқ, жылағанмен өнері жоқ, қолынан келері жоқ болып 
жүрген сорлы Қамар мен халін көріп жаны ашитын Омар болмаса: 
Бір күн тойса есектер, 
Ми жоқ алдын есептер,- 
деп, тойған тоққа, жиылған топқа буланысып, лепіріспеген жан жоқ еді. Қайсыбірін 
тауысайын; ішті, жеді, қайырлы болсын,- деді. "Қамар"- деп ауызға алған жан жоқ, 
гуілдесті, көпірісті, кетті, барды,- "той" тарқады. Келгеннен бері Жорға Нұрымның 
жүздестір деп түрткілеуімен сыпылдақ қатындар Қамардың мазасын алса да, қайда 
маңайына дарыту, ыршып-ыршып түсуші еді. Міне, бүгінгі кеш қол ұстатпақшы болып, 
Оспандікі "қыз ұялтар" кәдесін алған, жабағы сойып, әйдік тамаша ойын қылмақшы 
болды. 
Қамар бұл ойынға бармай пәле қылады ғой деп қорықса да, не ойлағанын кім білсін, 
шақырысымен Қамар өзі бастап оңай-ақ барып қалды. Оған Оспанның да, естіген Нұрым-
күйеудің де төбесі көкке жеткендей болды. Жалғыз ол екеуі емес, әркім-ақ: "Ой, тілеуің 
берсін! Есті тентек қой қанша айтқанмен..." десті. Бірақ Қамар баруы барса да, ойнап-
күлумен жұмысы болмады; ас-су іше алмады, көрсең жарылып кетер ме екен дерсің. 
Қысылғанда тамағына тығылған көзінің жасы моншақтай түсіп, булықты да отырды. Оның 
үстіне былтыр құда болмастан бұрын тағы Нұрым көңіл қосайық деп, сөз айтқызғанда: 
"Ататай, болдым ғашық мұрыныңа, 
Көк бурыл иектегі құрымыңа. 
Кірпідей аяқ-қолы жиырылған, 


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет