Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Әдеби KZ 
Күйек сақал Нұрымның иегінде зар-зар, 
Ит мұрындай тікендер жиегінде зар-зар. 
Түсі суық қоңыздай, жеп семірген доңыздай, 
Кеспеге қара жоқ шығар сүйегінде зар-зар. 
Аузы толған боғауыз, насыбаға тоқ ауыз, 
Бір жақсылық жоқ ауыз, Қамарға соны теңгерген, 
Көзіңді ашпа, ел жауыз! Зары-зары, зар-зар! 
Қарт қарақұс сұқсырға қалайша тең зар-зар! 
Мал мен бағы болған соң, көпіріп шалқып толған соң, 
Қарға қарға болса да барқылы "ем" зар-зар! 
Бірің - күн де, бірің - түн, бір кемеге салса да, 
Сыйысу жоқ, зар-зар! 
Сүйіп болған ғашықтар қылдай жерде қалса да, 
Қиысу жоқ зар-зар! 
Әуреленбе, қу ақсақ, төбеден алтын құйсаң да, 
Сүйісу жоқ зар-зар. 
Аққу құсты жапалақ қалай алар зар-зар! 
Ойлап па едің ақтұйғын, текке қалар зар-зар! 
Қорлығыңа шыдамас, дүние салар зар-зар! 
Мал мен басың таланып, басың отқа қаланып, 


35 
Әдеби KZ 
Сұлу алғыш ақсағым; сонда болар зар-зар!" 
Уәделі күнінде басшы, қосшы, сауықшысымен сәулеттеніп, ілу-жыртыс, кәдені адам айтар 
емес мол қылып, көшкен елдей пай шіркін! Біздің ынтығып тұрған болыс күйеуіміз де 
келіп қалды-ау. Не тұрыс бар? Абыр-жұбыр той болып қалмасын ба? 
Келмей жатып қатындардың: 

Бай деп, кісі деп Нұрымды айт. "Кәріліктің алды, жігітгіктің соңы" деп, шіркін ерледі 
ғой. Қамар секілді қосағының түс келуі сонысына қарай ғой. Ой, өркенің өссін! 
Алғаныңмен қоса ағар!",- деп ауыздарын кере-кере алғыс айтып, мүлгісіп қалғандары 
Нұрымның шынымен-ақ дүние аямағандығының белгісі еді. Бұл тойдың қалпы мынадай 
болды: 
Жамбас ұстап, жал шайнап, мынау жақта. 
Дүрілдескен ақсақалдар. 
Сойған малдың қан-жынына тойып ана жақта; 
Күрілдескен төбеттер. 
Төр алдында қарындарын сипай-сипай, 
Қалжыңдасып. 
(Бұл арада үш бет жоғалған) 
Айран сұрап шелекті жасырмайын. 
Ежелден дегдарлымсың тұқымы оңған, 
Малыңа, басыңа да қыдыр қонған. 


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет