5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет109/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бұл сабақта оқушылар сақтар туралы мәлімет 
беретін дереккөздерімен танысады. Сабақ «дәлел» 
концептісінің негізінде құрастырылған. Олар оқу-
лықтан алған мағлұматты сабақта қолдана отырып, 
сұрақтарға жауап табуға, бірлесе жұмыс істеуге үй-
ренеді. Оқыған материалдар негізінде антикалық 
дереккөздеріндегі сақтар туралы мәліметтермен 
танысуға бағытталады. Топтық, жұптық, жеке жұмыс 
кездерінде өз белсенділіктерін барынша танытады. 
Өз ойын немесе көзқарасын жеткізе алады. Оқушы-
лар дереккөздер мен ресурстар арқылы тапсырма-
ларды орындап, тарихи кезеңдер арасындағы са-
бақтастықты анықтап дәлелдейді.
Ойланыңдар
Жаңа сабақтың тақырыбына байланысты бірне-
ше сұрақ қойыңыз. Бұл сұрақтарға оқушылар «Иә» 
және «Жоқ» деп жауап беруі керек. Олар жауап-
тарын кестеден белгі қою арқылы белгілеп береді. 
Сондықтан оқушылардың әрқайсысының алдына 
дайын кесте қойыңыз. Мысалы:


3-тарау. 
Сақтар
69
Сұрақтар
Иә Жоқ
1
Геродоттың еңбектері арқылы 
сақ тайпалары туралы толық 
мәліметтер аламыз
2
Сақтар Орта Азияда, Қазақстан-
да өмір сүрген
3
Грек авторлары дай, аргиппей-
лер, аримаспылар және т. б. сақ 
тайпалары туралы мәліметтер 
жазып қалдырған
4
Сақтар туралы рим авторлары 
жазған
Оқушылар сақтар туралы мәліметтермен таныс 
емес. Сондықтан өздерінің ойынша белгілейді. Са-
бақ барысында олар кестедегі жауаптарды жаңадан 
алған мәліметтермен салыстырып, өздерінің қан-
шалықты дұрыс жауап бергенін тексеріп отырады. 
Оқушылар кестеге «Иә» немесе «Жоқ» деп белгі-
легеннен кейін, Геродоттың «Тарих» атты еңбегінің 
фрагментінің суретін көрсетіп, "Бұл жазулар бізге 
қандай мәліметтер береді?" деген сұрақ қойыңыз. 
Оқушылардың болжам жауаптарын тыңдаған соң, 
«Сақтар туралы қандай дереккөздер бар?» деген 
мәтінді оқуды тапсырыңыз. Оларға мәтін не туралы 
екендігін екі сөйлем арқылы айтып беруін сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет