5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет185/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар өткен тақырыпта қаңлы мемлекетінің 
аумағын және көрші елдермен байланысты эко-
номикалық тарихын қарастырды. Бүгінгі сабақта 
қаңлы атауының шығу тарихымен, мемлекеттің сая-
си тарихымен танысады. Сабақтың тарихи концептісі 
"дәлел" болғандықтан, тақырып бойынша бірнеше 
дерек ұсынылады. 
Оқушыларды оқу мақсатымен таныстырыңыз. 
Алдымен, қаңлы мемлекеті туралы мәліметтер қал-
дырған қытай авторларымен таныстырып өтіңіз. Бұл 
деректер қазіргі уақытта аса құнды мәліметтер екен-
дігін түсіндіріңіз. Сыныпқа жалпы сұрақтар қойыңыз: 
"Қытай елі неліктен өз елшілерін қаңлы мемлекетіне 
жіберді? Деректерде қандай маңызды ақпараттар бо-
луы мүмкін?" 
Ойланыңдар
Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Олар "Неліктен 
қаңлы тайпа атауының бірнеше нұсқасы бар?" де-
ген сұраққа жауап беруі тиіс. Кейін "қаңлы" атауына 
қатысты пікірлерді жинақтайды. Жұпта ақылдасып, 
"қаңлы" атауының шығу тарихына қатысты бірнеше 
пікірлерді талдайды. Әр жұптан бір оқушы келесі 
жұпқа барып, өздерінде жоқ ойды (амалды) жазып 


4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
115
алып, өз топтарының жазбаларын толықтырады. Әр-
бір жұп өз жазбаларын тақтаға іліп, тек бір ғана жұп 
өз жазғандарын қорғайды. Қорғайтын жұпты мұғалім 
өзі анықтайды. Кейін барлық сынып оқушылары ор-
тақ қорытынды шығарады.
Жауаптары. 
Оқушылардың пікірлері әртүрлі бо-
луы мүмкін.
 
Жауаптардың бір-біріне ұқсауы міндетті 
емес. Бір топ оқушылар қаңлыны «өзен» атауымен 
байланыстырса, енді бірі арбамен сәйкестендіреді. 
Басты мақсат – оқушыларға алуан түрлі пікірдің бар 
екендігін және бұл сұрақ төңірегінде әлі күнге дейін 
бір пікірдің болмауын ұғындыру.
Деректерді талдаңдар
Берілген тапсырмада оқушыларға қытай жазба-
ларынан алынған екі дерек ұсынылады. Берілген де-
ректерді оқушылар мұқият оқи отырып, оның жал-
пы мазмұнын түсінуі тиіс. Оқушыларды жұптарға 
біріктіре отырып, олардың өзара пікір алмасуына 
мүмкіндік беріңіз. Оқушылар қаңлы мемлекетінің сая- 
си дамуындағы қандай кезеңдерді сипаттайтынын 
анықтауы тиіс. Тапсырманы былайша түрлендіруге 
мүмкіндік бар:
1. Жалпы мағынасын білдіретін сөздерді ұсыныңыз: 
көрші елдермен байланыс, күш көрсету, әдет-ғұрып
-
ты қатаң сақтаушылар. 
Ұсынылған сөздер дерек-
тердің қайсысына тиесілі екендігін оқушылар өздері 
ажыратуы тиіс. Өз жауаптарына тиісті дәйектерді кел-
тіру шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет