2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
51
да сыныптың әр бұрышына сөйлем немесе сөздер
жазылған парақтарды іліп қойыңыз.
Бұл тапсырма
топта орындалып, әрбір топ жеке тапсырма алады.
Мәтін ішіндегі тірек сөздер қарайтылған қаріппен
белгіленеді. Әрбір топтан бір оқушы жүгіріп жүріп
топқа тірек сөздерді ретімен айтып келіп тұрады.
Топтағы бір оқушы жазып отырады. Келесі қадам.
Мұғалім әр тапсырмаға сәйкес тірек сөздерді сұрай-
ды. Барлық топтар тірек сөздерін айтып шығуы
керек. Содан соң әр
топқа постерге ағашқа сурет
салуды тапсырыңыз. Ағаштың діңгегіне сұрақ жа-
зады. Енді топтар сағат тілі бойынша сұрақтарымен
алмасады. Топта талқыланғаннан кейін жапырақтар
салып, оған дұрыс жауаптарды жазуы керек. Нәти-
жесінде әр топ темір дәуірінің маңызды өзгерістерін
анықтайды.
Жауаптары.
Егістік алқаптары мен суару жүйесі
кеңейтілді. Осы кезеңде ат әбзелдері мен дөңгелекті
көлік жасау кәсіптері өркендеді. Олар темірден түрлі
еңбек құралдары мен қару-жарақтар жасады. Арба-
ның ең негізгі бөлігі дөңгелектер темірден жасала
бастады.
Достарыңызбен бөлісу: