52
байлайды;
3. Оң қолын сол қолының үстіне, кіндіктен төмен байлап,
сәна дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика
уә тәбәракәс-мукә уә тәъалә жәддукә уә лә иләһә ғойрук».
4. «Әғузу» мен «Бисмиллә» дұғасы айтылады. Содан кейін,
«Фатиха» сүресі мен қосымша бір сүре оқылады.
5. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барып, 3 рет «Субхана
роббиәл ъазим» деп айтады.
6. «Сәми ъаллаһу лимән хамидәһ» деп айтып, рукуғтан
тұрады. Бойын тіктеген соң «Роббәнә уә ләкәл-хамд» дейді.
7. «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барып, 3 рет «Субхана
роббиәл аълә» деп айтады.
8. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
9. «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барып, 3 рет
«Субхана роббиәл аълә» дейді.
10. «Аллаһу әкбар» деп екінші рәкағатқа тұрып қолдарын
байлап, «Фатиха» мен қосымша бір сүре оқиды.
11. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барып, 3 рет «Субхана
роббиәл ъазим» деп айтады.
12. «Сәми ъаллаһу лимән хамидәһ» деп айтып, рукуғтан
тұрады. Тік тұрғаннан кейін «Роббәнә уә ләкәл-хамд» дейді.
13. «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады да 3 рет «Субхана
роббиәл аълә» дейді.
14. Сәждеден басын көтеріп, отырады.
15. «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барып, 3 рет
«Субхана роббиәл аълә» дейді.
16. «Аллаһу әкбар» деп сәждеден басын көтеріп отырады.
Отырыста «Әт-тәхият», «Аллаһумма салли», «Аллаһумма
барик» және «Раббана» дұғаларын оқиды.
17. Соңында бірінші оң иыққа «Әс-сәләму ъаләйкум уа
рахматуллаһ» деп сосын сол иыққа қарап дәл солай сәлем
береді.
Келесі екі рәкағатты да дәл осы реттілік бойынша оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: