164
жағынан гидрохинонның туындысы болғандықтан, энергияға бай
фосфорлы қосылыстар түзу арқылы бейорганикалық фосфатты
АДФ-ке жеткізуі мүмкін деген болжам айтылады.
2. Белоктардың конформациялық өзгеруіне байланысты тео-
рия - электрондардың тасымалдануы кезінде белоктардың конфор-
мациясының өзгеруі жоғарғы энергетикалық қосылыстардың
түзілуіне əкелуі мүмкін деп түсіндіреді.
3. Митчелдің хемиосмостық теориясы.
Митохондриялық мем-
брананың ішкі жағында электрондардың қозғалуы нəтижесінде
протондық сорғыш пайда болады да, протондарды митохонд-
рия матриксінен мембрана аралық кеңістікке өткізеді. Əрбір 2Н
+
өткенде, бір АТФ синтезделеді деп түсіндіреді. Биологиялық
тотығу кезінде ішкі мембрананың бір жағына Н
+
, ал екінші жағына
ОН~ жиналып, мембрана зарядталады, яғни мембрананың екі
шетінде потенциал пайда болады.
Осы потенциалдық энергиядан
аденозинтрифосфатазаның қатысумен АТФ синтезделуі мүмкін.
Реакциядан соң мембрана зарядсызданып, бастапқы қалпына
келеді деп түсіндіреді.
Тотыға фосфорланудың механизмдері толық зерттелмеген де-
сек те, биологиялық тотығу мен тотыға фосфорлануда жүретін
процестердің өте тығыз байланысты екендігі дəлелденген.
БТ мен ТФ-ын арасын ажыратқанда, биологиялық тотығудың
жүруі жалғаса береді, бірақ реакция барысында түзілген энер-
гия АТФ-тың синтезіне жұмсалмастан, тек жылу түрінде та-
ралады. Егер АДФ-тың концентрациясы аз, ал АТФ жеткілікті
болса, биологиялық тотығудың жылдамдығы төмендеп теже-
леді. Керісінше, АТФ-тың мөлшері көп болып, АДФ-тың
мөл шері аз болса, БТ-ның жылдамдығы артады. Сондықтан
биологиялық тотығудың жылдамдығы
осы процеске қатысты
негізгі компоненттердің жасушадағы концентрациясына тəуелді
болатындағы анық. Ағзадағы кейбір қосылыстар биология-
лық тотығу тізбегінде сутегі атомының немесе электрондар-
дың тасы
мал
дануына кедергі болып, биологиялық тотығудың
жүруін тежейді. Мұндай биологиялық тотығудың ингибитор-
ларына прогестерон, ротенон, амиталдар, т.б. жатады.
Аталған
қосылыстар ФПН
2
-ден КоQ-ға сутегінің берілуіне кедергі жасай-
ды. Электрондардың Цхb-дан Цхс тасымалдануын антимицин
165
антибиотигі тежейді, ал электрондардың ЦхО (аа
3
)-дан оттегіне
тасымалдануына цианидтер, азидтер кедергі болады.
Тотыға фосфорлану процесі - АТФ синтездейтін негізгі про-
цесс. Биологиялық тотығу мен тотыға фосфорлану реакциялары
тек оттегі жеткілікті болған кезде ғана жүреді. Егер оттегі жоқ
болса
немесе жетіспеген жағдайда, АТФ-тың синтезделуі суб-
страттан фосфорлану реакциялары арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: