215
8 - БӨЛІМ
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
Аталмыш оқу құралының сегізінші бөлімінде тарихтың мән-маңызы
жөніндегі
философиялық тұжырымдамалар, тарихи үрдістің дамуының
бағыттары мен теоретикалық моделдері, тарихтың қозғаушы күштері мен
тарихи үрдістердің критерийлері сияқты тарих философиясының кейбір
аспектілері қарастырылған. Қосымша материал
ретінде жетінші бөлімдегі
105 - кесте, 110 - кесте және 111 - 112 кестелер, сонымен қатар оныншы
бөлімдегі оқу материалдарын пайдалануға болады.
222
Қосымша сұрақтар:
Тарих философиясы дегенді қалай түсінесің? Оның негізгі
мәселелеріне не жатады?
Тарих философиясын зерттеудегі О.Шпенглер, А.Тойнби және
К.Ясперс сияқты ғалымдардың еңбектерінің мәні неде?
Тарихтың қозғаушы күштері деген ұғымды қалай түсінесің?
Қазақтың немесе Қазақ Елінің тарихтағы алар орны қандай?
Тарихи сана – дегеніміз не? Қазақтың ұлт ретінде әрі қарай
қалыптасуына тарихи сананың қандай әсер-ықпалы бар?
Этнос және оның белгілері қандай?
Қоғамда ұлтаралық қатынастарды реттеудегі тарихтың рөлі қандай?
Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
Жеті атасын білмеген ер – жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмеген ел –
жетесіз! (қазақ даналығы).
Тарихи шындықта идеалға орын жоқ. Онда тек деректер ғана болуы
тиіс. Ешқандай ақиқат деген жоқ, деректер ғана бар (О.Шпенглер).
Қазір біз дүниеге тұтас жер шары тұрғысында емес, оның түкпір-
түкпірге бөлінген бөлшектері тұрғысынан ойлаймыз.
Мұны тек
философтар мен тарихшылар ғана әлі күнге білмей жүр (О.Шпенглер).
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол! (қазақ мәтелі).
Мен өз Отанымды сынаудан, оны ренжітуден, тіпті, оны қорлаудан да
қорықпаймын. Тек алдаудан сақтасын (П.Чаадаев).
Тарихта мағына жоқ (К.Поппер).
Әрбір орыс адамының тарихи маңызы – оның Отанға сіңірген
еңбегімен, оның адамдық қадір-қасиеті – оның патриотизмінің күшімен
өлшенеді (Н.Г.Чернышевский).
Табиғатты тануды – үйренуге болады: ал тарихтың білгірі болып – туу
керек (О.Шпенглер).
Тарихта ұдайы осылай болып тұрады: ол алға қадам жасаған еді, сол
үшін әлденесін құрбандыққа шалуға тура келді (Ж.Деррида).
Лениннің «әулиелілігі» – Мәскеудің
Иерусалим атанғаны сияқты
(Ж.Деррида).
Тарих идеалдарды аяусыз таптап отырады, ал егер әлде бір адам немесе
халық белгілі бір кезеңде әділдік үшін күш қолданудан бас тартса, онда
ол ой мен ақиқат әлеміндегі теориялық даңққа ие болып шыға келеді,
бірақ бұл – оның шындықтың не екенін жақсы білетін басқа бір күшпен
тайталаста ұтылып қалғанын білдіреді (О.Шпенглер).
Бар дәуірлерде де адам өзін «тарихи бетбұрыста» тұрмын деп ойлаған
(Т.де Шарден).