ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 63
көрнекі - бейнелік, көрнекі-әрекеттік және ауызша-логикалық ойлауы дамиды. Математикаға оқыту
жас ерекшелігі іс-әрекетін дамытуға, айналадағы шындықтың мағынасына енуге деген арнайы «кілт»
болып табылады. Математиканы оқыту, А.Д. Александрованың пікірі бойынша «Әлемді тану құра-
лы. Ол талқылауда және әртүрлі қарсы пікірлерде жеңіліс таппайтын, нақты ғылым екенін көрсетеді.
Бұл ереже мен қатаң логиканың айналуы. Ол айналамыздағы әлемді тануға, оның заңдылықтары
жайлы көп білуге көмектеседі, себебі сол заңдылықтар математикада басым келетін ережелерге
бағынышты».Ерекше А.М. Леушина «Математика баланың дамуы үшін маңызды. Ол барлық өмірі-
не рациональды, дұрыс ойлау стандарттарын енгізеді, ақыл-ой дамуына үлкен серпіліс береді» деп
атап кеткен. Математика жайлы әлемде көптеген ғалымдар өз пікірін білдіріп, түрлі зерттеу жұмыс-
тарын жүргізген. Біз соларды есту қабілеті зақымдалған балалардың деңгейіне сай етіп бейімдеп
қолданып келеміз. [4]
Есту қабілеті нашар балаларда математикалық белсенділік үшін қажет сенсомоторикасы, интел-
лектуалды, сөйлеу және эмоциялық алғышарттар нашар қалыптасады және де олар ерекше білім
беруді қажет етеді. Сондықтан, осы балаларды оқыту үдерісінде, нақты әдістерді пайдалана отырып,
біріншілік және екіншілік бұзылыстарды біртұтас түзету және дамыту міндеттерін шешу қажет.
Есту қабілеті бұзылған балалар көбінесе сөздік нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындай
алмайды, бұл кеңістіктік белгілерді түсінбеумен және дұрыс пайдаланбаумен түсіндіріледі.
Л.Н. Левинаның зерттеу жұмыстарына сүйенсек, ең алдымен, есту қабілеті бұзылған мектеп
жасына дейінгі ересек балаларда кеңістіктік талдаудың көрнекі және сөздік компоненттері арасында
алшақтық байқалатынын анықтады. Кеңістіктік түсініктерін жалпыланған түсінудің қалыптаспауы
әсерінен есептеуде балалардың тапсырмаларды орындауына кедергі келтіреді. Көрнекі-әрекеттік
ойлаудың төмен деңгейі, әсіресе, кеңістіктік түсініктертерінің жеткіліксіздігі балаларда жиі байқала-
ды. Есту қабілеті бұзылған ересек жастағы мектепке дейінгі балалар, әсіресе, Хед сынамасын орын-
дау кезінде оң және сол жағын көрсетуде қиналады. Көптеген ұғымдар: алдыңғы, артқы, жаны және
т.б. түсініктердің қалыптасуында қиындықтар кездеседі. Есту қабілеті зақымдалған балаларда тұтас
суретті кесілген парақтардан бүтін етіп құрастыру, үлгіге сай текшелерден құрылыс жасауға, Коос
текшелерін құрастыруда қиналады. [5]
Математика-мектеп қабырғасындағы ең күрделі пәндердің бірі. Сондықтан мектепке дейінгі
балабақшаларда балалар қарапайым математикалық білімді игеруі керек. Алайда, балалардың мате-
матикалық дағдыларын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектепке дейінгі педагогиканың, әсіре-
се арнайы педагогиканың енді ғана дамып келе жатқан әдістемелік мәселелерінің бірі болып табыла-
ды. Дәстүр бойынша, мектепке дейінгі арнайы педагогикада математикалық білім қорын игеру және
жинақтау мәселесі негізінен натурал сан және онымен жасалатын әрекеттер туралы дағдыларын
қалыптасуымен байланысты (санау, есептеу, арифметикалық амалдар және сандарды салыстыру,
скалярлық шамаларды өлшеу және т.б.).
Мектеп жасына дейінгі балалар арасында есту қабілеті зақымдалған балалар маңызды орын
алады. Есту қабілеті зақымалған балаларда математикалық іс-әрекеттің сенсомоторлы, интеллектуал-
дық, сөйлеу, эмоционалды алғышарттары нашар қалыптасады; жалпы, сонымен қатар оларда ерекше
білім беру қажеттіліктері бар. Сондықтан, мұндай балаларды оқыту процесінде нақты құралдар мен
әдістерді қолдана отырып, бастапқы және қайталама бұзылыстарды интегралды дамыту және түзету
мәселелерін тиімді жолмен шешуіміз қажет. [2]
Есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық көріністерді қалыптас-
тыру әдістемесі ұзақ даму жолынан өтіп келеді. Математикалық даму әдістемесінің замандастары -
Р.Л. Березина, З.А. Михайлова, Р.Л. Рихтерман, А.А. Столяр, А.С. Метлин және басқалар. Есту қабі-
леті бұзылған мектеп жасына дейінгі балалар санауды белсенді игереді, сандарды қолданады, көр-
некі - бейнелік, ауызша - дактильді негізде және кеспе парақшалар арқылы қарапайым есептеулерді
жүргізеді, уақыт ұғымдарын және кеңістіктік бағдарлауды игереді, әртүрлі пішіндер мен шамалар-
дың объектілерін түрлендіре алады. [5]
Қорыта айтатын болсақ мектепке дейінгі мекемелерде есту қабілеті зақымдалған балаларды
математика оқу қызметіне дайындау арқылы біз балалардың ой-өрісін кеңейтеміз сонымен қатар,
танымдық белсенділіктерін дамыта аламыз. Күнделікті оқу материалдарын оларға айналадағы таныс
нәрселермен, құбылыстармен салыстыра түсіндіру тиімді әдістердің бірі деп білеміз. Арнайы ұйым-
дастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы дамуы қамтама-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 64
сыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалып-
тасуына мүмкіндік ашылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларда математикалық түсініктерін
қалыптастыру барысындағы тапсырмаларды баланың жеке басының дамуы заңдылықтарының
ескере отырып құрастырылуы тиіс. Балаларға ең бірінші оңайдан қиынға принципін ұстана отырып
тапсырмалар беріледі. Себебі біз балалардың деңгейін ескермеген жағдайда қиын тапсырмалармен
баланың білімге деген ынтасын төмендетіп жіберуіміз мүмкін. Сондықтан әрбір тапсырма баланы
қызықтыра алатындай жеңіл және ойын түрінде түсіндіргенді, өткенді жөн деп білеміз. Сонымен
қатар баланың ата-анасымен тікелей қарым-қатынаста болған жөн. Ата-анасы да үйден баланы
қадағалап, өткенді қайталап отырса баланың даумына өз үлесін көптеп қосады. Мектеп табалдыры-
ғын тұңғыш аттайтын баланың математикадан жеткілікті білім қоры, қабілеті мен икемділігі болғаны
жөн. Баланың мұндай қабілетін қалыптастыру оның келешекте жақсы оқып, жан-жақты жетілуіне
негіз болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Сухова В.Б. Обучение математике в подготовительном – IV классах школ для глухих и слабослышащих детей: Учеб. Пособие для студ. Высш. Пед. Учеб. Заведений. – М.: Академия, 2002. 2. Богданова Т.Г. Сурдопсихология. – М.: Академия, 2002. - 224с. 3.Баряева Л.Б. Формирование элементарных математическихпредставлений у дошкольников (с проблемами в развитии): Учебно-методическое пособие. – СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена; Изд-во «СОЮЗ», 2010. – 479 с. 4. Витухина И.А. Реализация принципа наглядности при изучении математики в школе для глухих детей // Дефектология. – №1. – 2018. – С.38-42. 5. Леушина А.М. Формирование элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста. – М.: Просвещение, 1994. – 368 с. 6. Никольская И.А. Развитие речи учащихся с нарушениями слуха на уроках математики. // Дефектология. – 2007. - № 3. – С.56-59. 7. Никольская И.А. Формирование математических понятий у детей с нарушением слуха // Дефектология. – 2008. - № 1. – С.52-56. УДК 376-056.263 А.Н. Аутаева¹, Л.Қ. Болатбек 1 1 психол.ғ.к., қауым. проф., «Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімі, Педагогика және психология институты, 2 7М01901-Дефектология мамандығының 2 курс магистранты «Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімі , Педагогика және психология институты, 1,2 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қ., Қазақстан